ТАБИҒАТТАҒЫ КӨКТЕМГІ ҚҰБЫЛЫСТАРДЫ БАҚЫЛАУДЫҢ Е РЕКШЕЛІГІ
Ерекешова А.М
Ақтөбе қаласы, №11 «Ақбота» МДҰ тәрбиешісі
ТАБИҒАТТАҒЫ КӨКТЕМГІ ҚҰБЫЛЫСТАРДЫ БАҚЫЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының «Таным» білім беру саласының мазмұны мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық пен ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталған.
Мектепке дейінгі білім беру стандартының «Таным» білім беру саласының мақсаты: «танымдық әрекеттердің дағдыларын игерген,әлемнің тұтас бейнесін түсінуге және ақпаратты өмірлік маңызды мәселелерді шешуде қолдануға
қабілетті тұлға қалыптастыру». Табиғат құбылыстары мен қоршаған ортаны тұтастай қабылдауын және табиғатты шығармашылықпен танытуды дамытуда,табиғаттың негізгі заңдылықтарын айқындай білу іскерлігін дамыту.
Балаларды табиғатқа жақындастырмайынша және оны балалар бақшасының оқу-тәрбие жұмысына кеңінен пайдаланбайынша, мектеп жасына дейінгілердің ақыл-ой, эстетикалық, адамгершілік, еңбек және дене тәрбиесі жағынан жан-жақты жетілдіру міндеттерін шешуге болмайды.
