Д.И.Менделеевтің периодтық заңы және атом құрылы сы

Ақтөбе қаласындағы Үш тілде
оқытатын №21орта мектеп -гимназиясы
химия

пән мұғалімі :Керімбай Бибигүл Әділгерейқызы

Сыныбы: 10

Тақырыбы: Д.И.Менделеевтің периодтық заңы және атом құрылысы

Сабақтың мақсаты:

Химиялық элементтердің периодтық жүйесі туралы оқушылардың білімін жүйелеу және қорытындылау; Оқушылардың теориялық сұрақтарды меңгеру деңгейін бақылау және периодтық жүйені элементтің негізгі сипаттамаларын анықтау үшін қолдана білуді жетілдіру.

Көрнекіліктері: Химиялық элементтердің Д.И.Менделеев жасаған периодтық жүйесі,

карточкалар, деңгейлік тапсырмалар, тест жұмысы, лездік сұрақтар.

Сабақтың түрі: Қорытындылау сабағы

Сабақтың әдісі: өзін-өзі бағалау, ойын және сын тұрғысынан ойлау технологияларын қолдану

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру (психологиялық тренинг), әр қатардан топбасын сайлап, оған оқушыларды бағалау парағын беру, белгілеп отыруды тапсыру (1минут)

Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру (41 минут)

  1. «Әркімнің өзі шығар биігі бар»деңгейлік тапсырмалар

№1. Атомның ядро заряды +12, +28, +47-ге тең элементтерді периодтық жүйеден табыңдар. Олардың атомдарының құрам бөліктерін жазыңдар.

№2.12Mg, 28Ni, 47Ag атомдарында электрондардың таралуының электрондық және графиктік формулаларын жазыңдар.

№3. Берілген химиялық реакциялардағы элементтердің тотығу дәрежелерін анықтап, электрондық баланс әдісімен реакцияның коэффициенттерін тауып қойыңдар:

2MnO2 + 2H2SO4 → 2MnSO4 + O2↑+ 2H2O

3C + 4HNO3 → 3CO2↑ + 4NO↑ + 2H2O

2AgNO3 → 2Ag + 2NO2↑ + O2↑

  1. «Сұрақ-жауап» жаттығу ойыны (Кеспе қағаздардың бірінші бөлімінде жауап, екінші бөлімінде сұрақ бар. Мұғалім кеспе қағаз берілген кез-келген оқушыға баста дегенде, оқушы қағаздан сұрақты оқиды. Осы сұрақтың жауабы кімнің қағазында болса ол орнынан тұрып жауабын айтады да, әрі қарай өзінің қағазындағы сұрақты оқиды. Ойын осылай соңғы жауап айтылғанша жалғасады.)
жауап Салыстырмалы атомдық массадан реттік нөмірді азайтқанға тең шама
сұрақ Қазіргі кезде периодтық жүйенің неше түрі бар?
жауап 2: қысқа және ұзын
сұрақ Алғашқы периодтық жүйені қай жылы кім ашты?
жауап 1869ж орыс ғалымы Д.И.Менделеев
сұрақ Периодтық жүйеде қанша топ бар?
жауап 8топ бар
сұрақ Әр топ қандай, қанша топшаға бөлінеді?
жауап 2: қосымша және негізгі
сұрақ Периодтық жүйеде қанша период бар?
жауап 7 период бар
сұрақ Периодтар нешеге бөлінеді, қалай?
жауап 2-ге: кіші және үлкен
сұрақ Атомның құрылысы қандай?
жауап Атом ядросы(протон, нейтрон), электрон
сұрақ Атом құрылысының ядролық моделін кім ұсынды?
жауап 1911ж ағылшын ғалымы Э.Резерфорд
сұрақ Элемент атомының энергетикалық қабат саны қалай анықталады?
жауап Период нөмірімен
сұрақ Негізгі топшаларда топ нөмірі нені көрсетеді?
жауап Валенттік электрондар санын
сұрақ Элементтің реттік нөміріне қарап нені анықтауға болады?
жауап Ядро зарядын, протондар мен электрондар санын
сұрақ Нейтрондар саны қалай анықталады?
  1. Тесттік тапсырмалар (Интерактивті тақтадан тест тапсырмалары көрсетіледі, оқушылардың қолында А В С Д әріптері болады, сол бойынша жұрыс жауап тұрған әріпті көтереді)
  1. Элементтің химиялық қасиеті анықталады:

А) атом ядросының зарядымен; В) периодтық жүйедегі орналасуымен;

С) атомдық массасымен; Д) сыртқы электрон деңгейінің құрылысымен.

2. Бір периодта орналасқан элементтерде бірдей:

А) химиялық қасиеттері; В) атом радиустары;

С) энергетикалық деңгейлер саны; Д) валенттік электрондар саны;

3. Қосымша топшада орналасқан элементтер:

А) тек металдар; В) тек d және f элементтер;

С) тек s және p элементтер; Д) тек үлкен периодтардағы жұп қатарлар;

4. Негізгі топшаларда жоғарыдан төмен қарай өседі:

А) металдық қаиеттері; В) бейметалдық қасиеттері;

С) химиялық белсенділігі; Д) судағы ерігіштігі;

5. Кальций атомының сыртқы деңгейіндегі электрон саны;

А) 18; В) 8; С) 6; Д) 2;

6. Электрондық құрылысы 2/8/3 болатын элемент:

А) литий; В) алюминий; С) темір; Д) вольфрам;

7. р-деңгейшеде қанша электрон бола алады?

А) 2; В)3; С) 6; Д) 8;

8. Жоғарғы оксидінің жалпы формуласы R2O5 болатын топша

А) 2 негізгі; В) 4 негізгі; С) 5 негізгі; Д) 5 қосымша;

9. Мына элементтердің қайсысында бейметалдық қасиет күштірек?

А) күкірт; В) хлор; С) оттек; Д) фтор;

10. Үшінші энергетикалық деңгейде барлығы қанша орбиталь болады?

А) 5; В) 2; С) 3; Д) 9;

  1. Сергіту «иә-жоқ» ойыны (Мұғалім сұрақты белгілі бір оқушыға бағыттап оқиды, оқушы «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді.)
  • Оттек күшті бейметалл (иә)
  • Фтордың электртерістігі 4-ке тең (иә)
  • Металдардың сыртқы қабатындағы электрон саны 3-тен артық (жоқ)
  • Негізгі топшаларда жоғарыдан төмен атом радиусы артады (иә)
  • Қосымша топшаларда бейметалдар орналасқан (жоқ)
  • Периодтық жүйені Э.Резерфорд ашты (жоқ)
  • Бір орбитальда спиндері қарама-қарсы 2 электрон орналасады (иә)
  • Элементтің протон саны электрон санынан артық (жоқ)
  • Алтыншы негізгі топша элементтерінің ұшқыш сутекті қосылыстарының жалпы формуласы Н2R (иә)
  • Ағылшын ғалымы Д.Чедвик атомдағы протон мен нейтронды анықтады (иә)
  1. Лездік сұрақтар (Мұғалім сұрақтарды интерактивті тақтадан ретімен көрсетіп оқиды, жылдам қол көтерген оқушы жауап береді.)
  1. Ядросының оң заряды бірдей атомдардың белгілі бір түрі (химиялық элемент)
  2. Бір атом ядросы элементар бөлшектермен немесе бір-бірімен әрекеттескенде басқа атомдық ядроға айналатын реакциялар (ядролық реакциялар)
  3. Ядрода протон мен нейтронды ұстап тұратын күштер (ядролық күштер)
  4. Тек радиоактивті изотоптардан тұратын элементтер (радиоактивті элементтер)
  5. Ядроның маңындағы электронның болу ықтималдығы жоғары кеңістік (орбиталь)
  6. Бас квант саны –n нені анықтайды? (энергетикалық деңгей санын)
  7. S-орбитальдың пішіні қандай? (шар тәрізді)
  8. P- орбитальдың пішіні (гантель немесе сегіздік тәрізді)
  9. Атомда квант саны бірдей екі электронның болуы мүмкін емес, әрбір орбитальда қарама-қарсы спинді 2 электрон болуы мүмкін деген ұстанымды кім ашты? (1925ж Паули)
  10. Химиялық элементтердің қасиеттері, сондай-ақ элементтер қосылыстарының қасиеттері мен пішіндері олардың атомдарының зарядтарына периодты түрде тәуелді. (пер заң)
  11. Атомдардың қасиеттерін ата( атомның радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, электртерістік)
  12. Атомнан тиісті электрондарды жұлып алуға жұмсалатын энергия (иондану энергиясы)
  13. Атомға 1электрон қосылғанда бөлінетін энергия (электронтартқыштық)
  14. Қосылыстағы атомның өзіне электрондарды тарту қабілеті (электртерістік)
  15. Электртерістігі ең жоғары және ең төмен элементтерді ата (фтор, цезий)
  16. Атомдағы химиялық байланысты үзуге жұмсалатын электрондар (валенттік электрондар)
  17. Бір элемент атомының басқа элемент атомының белгілі бір санын қосып алу қабілеті (валенттілік)
  18. Қосылыстағы атомдардың шартты түрдегі заряды (тотығу дәрежесі)
  19. Период бойынша элементтердің қасиеттері қалай өзгереді? (солдан оңға қарай металдық қасиет кеміп, бейметалдық қасиет артады, период инертті газбен аяқталады)
  20. Топ бойынша элементтердің қасиеттері қалай өзгереді? (жоғарыдан төмен қарай негізгі топшаларда бейметалдық қасиет кеміп, металдық қасиет артады)

Бағалау (сабаққа белсене қатысып сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушыларды бағалаймын (3минут)

Оқушыларды бағалау парағы Химия 10

№ Оқушының аты-жөні тапсырмалар топбасы

бағалауы

Мұғалім бағалауы
№1 №2 №3 Сұрақ -жауап тест Иә-жоқ Лездік сұрақ
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10

Үйге тапсырма: Тарауды қайталау §2.1-§2.10

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше