Табиғаттағы металдар. Қазақстанда кендерден мет алл алу. Металдар және олардың құймаларын алу әді стері

Ақтөбе қаласындағы Үш тілде
оқытатын №21орта мектеп -гимназиясы Химия

пән мұғалімі :Керімбай Бибигүл Әділгерейқызы

Сыныбы:9 класс

Сабақтың тақырыбы: Табиғаттағы металдар. Қазақстанда кендерден металл алу. Металдар және олардың құймаларын алу әдістері.

а) Білімділік:оқушылардың бойында металдар ,оларды өндірісте алу жолдары туралы білімді қалыптастыру

ә) Дамытушылық :оқушылардың шығармашылық белсенділіктері мен пәнге деген қызығушылықтарын арттыру,есептер шығара білу және химиялық реакциялар жаза білу қабілеттерін ,ой-өрістері мен сөйлеу мәдениетін дамыту

б) Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа,тәртіптілікке топ болып жұмыс істей білуге баулу. экологиялық тәрбие мен денсаулық сақтау мәселелеріне көңіл аудару

Сабақтың көрнекілігі: слайд, минералдардың үлгілері, суреттер

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой толғау, ойын, СТО технологияларын пайдалану

Пәнаралық байланыс: география, әдебиет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:(1 мин)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (7 мин)

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру (14 мин)

ІV. Сабақты пысықтау мақсатында жарыс ұйымдастыру. «Білім сайысы» (20 мин)

V. Қорытынды және бағалау.(3 мин)

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.

2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрақтар қою арқылы тексеру (дұрыс жауап берген оқушыларға жетон тарату)

  • Жемірілу дегеніміз не ?
  • Жемірілудің қандай түрлері бар?
  • Неліктен сілтілік және сілтілік жер металдарды қондырғылар мен аппараттар жасауға пайдаланбайды?
  • Химиялық жемірілуге мысал келтіріңдер?
  • Электрохимиялық жемірілуге мысал келтіріңдер?
  • Химиялық жемірілу мен электрохимиялық жемірілудің айырмашылығы қандай?
  • Жемірілумен күресу жолдарын атаңдар?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Табиғаттағы металдар. Қазақстанда кендерден металл алу. Металдар және олардың құймаларын алу әдістері.

Жер қыртысында металдардың таралуы әр түрлі. Металдар табиғатта, көбінесе қосылыстар түрінде кездеседі. Белсенділігі тым төмен металдар (Cu, Ag, Au, Pt) ғана coм күйінде кездеседі. Кернеу қатарындағы литийден магнийге дейінгі орналасқан ең белсенді металдар табиғатта тұздар: хлоридтер, сульфаттар, карбонаттар, фосфаттар, әсіресе силикаттар түрінде кең таралған.

Орташа белсенділігі бар металдар (магнийден сынапқа дейін) жер қыртысында, көбіне оксидтер мен сульфидтер түрінде кездеседі, бірақ олардың тұз тектес минералдары да бар.Өнеркәсіптік әдіспен металдар алынатын минералдарды кендер деп атайды. Егер кеннің құрамында бірнеше металдың қосылыстары кездессе, оларды полиметалл кендерге жатқызады. Қазақстанның жер қойнауында қорғасындың, мырыштың, мыстың, т.б. полиметалл кендері өте көп. Мамандардың айтуынша, біздің республикамызда периодтық жүйедегі барлық элементтердің жерде кездесетін қосылыстары бар. Мәселен, Алтай тауларының Қазақстанға карасты жағында 900-ге жуық полиметалл кен орындары табылған. Осыған бола бұл өлке Кенді Алтай деп аталады. Жезқазғанда мыс, қорғасын, мырыш, никель, кобальт, алюминий, марганец, т.б. металдардың кендері кездеседі. Қаратау жоталарында да қорғасын,мырыш, ванадий, темір кендері көптеп кездеседі. Қазақстандағы кен орындарын зерттеумен академик Қ.И. Сәтбаев бастаған ғалымдар тобы айналысты. Қазақстандағы металл кендері және металл өндірісі аймақтарда төмендегідей болып шоғырланған.

• Pb, Zn – Текелі, Малеевск, Ащысай;

• Mg, Ti, Zn, In, Be, Ta, Nb – Өскеменде өндіріледі (Қорғасын-мырыш,

Титан-магний комбинаттары, Қазмырыш АҚ);

• Мn – Қаражал, Жезді;

• Сr – Хромтау (Кемпірсайда), Ақтөбе облысы;

• Cu – Жезқазған, Ақтоғай, Айдарлы;

• Fe – Қарағанды, Орал, Рудный, Соколов-Сарыбай, Лисаковск;

• W, Мо – Ағадыр, Катонқарағайда (Шығыс Қазақстан облысы);

• Sn – Көкшетау (Сырымбет), Қорғалжын;

• Аu – Бақыршық, Майқайың, Жітіқара.

Кендерден металдарды беліп алумен металлургия өнеркәсібі айналысады (гр. mettallurgio — металдарды өңдеу деген сөз).

”’Металлургия”’ — табиғи шикізаттардан металдарды өнеркәсіптік жолмен өндіру әдістерімен айналысатын ғылым мен техниканың және өндірістің саласы. Кеннен металл алудың әдістері әлденеше ғасырлардан бері белгілі. Алайда қазіргі заманғы металлургияның өзіндік ерекшеліктері бар. Бүгінгі металлургия саласы адамзатқа 75-тен астам таза металды және алуан түрлі қасиеті бар 10 мыңдаған құймаларды беріп отыр.

Авиация және ғарыштық, техника саласында аса қажетті металдар (алюминий, магний, титан) көптеген мөлшерде өндіріледі. Қазіргі заман техникасында қолданылмайтын металдар және құймалар жоқ десе де болады. Тіпті осыдан аз ғана бұрын өнеркәсіпте алынуы туралы сөз етілмеген кейбір металдар (цирконий, бериллий, индий, гафний, ниобий, т.б.) өмірден өз орнын тауып отыр. Металлургия қара және түсті металлургия деп бөледі.

Қара металлургия темір және оның кұймаларын ендірумен айналысады, сондықтан оның өнімдерін де “қара металдар” дей береді. Басқа металдардың бәрінің өндірісін түсті металлургияға жатқызады, ал олардың өздерін және құймаларын “түсті металдар” деп атайды.

Қазақстандағы қара металлургияның ең ірі кәсіпорындарына: Теміртау металлургия комбинаты және Ақтөбе ферроқұйма зауыты, Соколов-Сарыбай мен Лисаковск тау-кен комбинаттары жатады.

Қазақстанда түсті металлургия жетекші салалардың бірі болып саналады. Түсті металдар өндірісінің қатарына: Өскеменнің, Риддердің, Шымкенттің, Павлодардың металлургия комбинаттары кіреді.

Қазақстанда аса бағалы металдар: алтын, күміс, платина жөне сирек кездесетін металдар: ванадий, рений, молибден, уран, т.б. өндіріледі.

Көптеген металдарды алу үшін бұрыннан белгілі дәстүрлі балқыту әдісі жарамсыз болып шықты. Кеннен металдарды бөліп алудың жаңа тәсілдерін табу қажеттігі туындады. Қазіргі замандағы металлургия – металдарды бөліп алудың әдістеріне орай 3- ке бөлінеді:

Гидрометаллургия :Металдарды олардың тұздарынан тотықсыздандыру арқылы алу. Алынатын металдар: күміс,мыс,мырыш,кадмий,молибден, ванадий

Мысалы: Cu S O 4 + Zn Zn S O4 + Cu

Пирометаллургия :Жоғары температурада металдарды тотықсыздандыру арқылы алу. Тотықсыздандырғыш: Алюминий,сутек, кремний,көміртек ( ІІ) оксиді

Алынатын металдар:хром, темір, марганец, титан, сынап, күміс,висмут, вольфрам

Мысалы: Cu O + C Cu + C O

Электрометаллургия : Металдарды электр тоғымен тотықсыздандыру арқылы алу.

Сілтілік металдар мен алюминий балқымалардың электролизінен,ал қалған барлық металдар ерітінділерінің электролизі арқылы

алынады. Алынатын металдар: натрий, литий, алюминий

Мысалы: 2 Na Cl 2 Na + Cl2

ІV. Сабақты пысықтау мақсатында жарыс ұйымдастыру.

«Білім сайысы» 3 турдан тұрады:

  1. Ой қозғау (сұрақтарға жауап беру)
  2. Ғажайып шеңбер ( әріптерден химияға қатысты сөздер құрау)
  3. Мақал сөзде де , металл жүреді (мақалдың жалғасын тауып, жұмбақ шешу)

1.Ой қозғау турына сұрақтар: (сұрақтар қойылады бірінші қол көтерген топ жауап береді)

  1. Жер қыртысындағы металдар таралуы бойынша қалай жіктеледі?

(белсенді, орташа белсенді, белсенділігі төмен металдар)

  1. Кен дегеніміз не? (өнеркәсіптік әдіспен металдар алынатын минералдар)
  2. Қазақстанда кен орындары қайда орналасқан? (Алтай, Қаратау, Жезқазған, Орталық Қазақстан, Қостанай т.б)
  3. Металлургия дегеніміз не? Түрлерін атаңыз?(табиғи шикізаттардан металдарды өнеркәсіптік жолмен өндіру әдістерімен айналысатын ғылым мен техниканың және өндірістің саласы.)
  4. Қара металлургия мен түсті металлургияның айырмашылығы? (Қара металлургия темір және оның кұймаларын ендірумен айналысады, сондықтан оның өнімдерін де “қара металдар” дей береді. Басқа металдардың бәрінің өндірісін түсті металлургияға жатқызады, ал олардың өздерін және құймаларын “түсті металдар” деп атайды.
  1. Металдарды кеннен бөліп алу әдістерін қандай?(Гидрометаллургия, пирометаллургия, электрометаллургия)

2. Ғажайып шеңбер. Шеңбер ішінде берілген әріптерден химияға қатысты сөздер шығару (1мин)

3.Мақал сөзде де металл жүреді,

Металл қадірін халқым біледі ( әр топқа 2 мақал, 2 жұмбақтан қойылады)

  • «Ел іші… (алтын бесік)
  • От көмір жейді, ….. (тот темір жейді)
  • Арпа, бидай ас екен, …. (алтын, күміс тас екен)
  • Қойдың сүті … (қорғасын)
  • Ақыл арымас…. (алтын шірімес)
  • Өнерлінің қолы алтын …(өлеңшінің сөзі алтын)
  • Сұрғылт түсті кәдімгі металмын,

Механикалық әсерге берілмейтін қаталмын

Негізгі пәтерім 24ші, 6-шы көшеде болсам да

Кендерім Мұғалжарда, тауда жатырмын.

(Жауабы: Cr)

  • Менделеев ауылының 6-шы көшесінде тұрағым

Әр түнде адамдармен жүздесіп тұрамын

Мені балқыта алмай қиналады көбісі

Қазақстан Әлемде кенім жөнінен біріншісі

(жауабы: W)

  • Созыламын сағыздай,

Соқса жұқа қаңылтақ,

Ертегідей, аңыздай,

Қарайды жұрт таңырқап.

Сым болып ұзақ созылып

Өткізем бойдан токты мен

(Жауабы: Cu)

  • Жарыста, топта озғанда,

Тағады мені төсіне

Алтыннан басқа алдыма

Түсетінің жоқ шығар

(жауабы: Ag)

  • Мақтанбаймын, қараңдаршы, халайық,

Айналаға көз жүгіртіп қарайық

Болат жолды бөгей алмас ешбір күш

Кане, менің қасиетімді санайық

(жауабы: Fe)

  • Ардақтымын жасыңа да кәріңе

Дүниенің менмін көркі, әрі де

Толықсыған толған айдай жарықпын

Өлшемімін барлық баға нарықтың

( алтын)

V. Қорытынды және бағалау.

Бүгінгі сабағымызды мынадай өлең жолдарымен аяқтағым келіп тұр:

Металдарсыз өмір жоқ Қыздырымыз неше түрлі

Түсінсең оны шырағым Әшекейін тағады

Қолданамыз қайда деп Ауыл менен қалаға

Білмесең менен сұрағың Металдармен барады

Құрал сайман бәрі де Егістікті жерлерді

Металдардан тұрады Металдармен өңдейміз

Қоспаларын сан жетпес Бұзылып қалған заттарды

Элементтерім құрады Металдармен жөндейміз

Тауда, таста білсеңдер Құрамында қанның да

Қоспалары металдың Металдарым болады

Күміс пенен алтыным Денесі де адамның

Патшасы ғой металдың Металдардан тұрады

Тамаққа да металдың Бейметалл мен металдан

Қоспаларын саламыз Дүниелерім құралды

Аспанға да, айға да Тіршіліктің бәрі де

Металдармен барамыз Элементтерден тұрады – деп бүгінгі

сабағымызды қорытындылаймыз.

Газымызда үйдегі

Металл арқылы келеді

Электр мен жарықты

Металдарым береді

Сабаққа белсене қатысқан және көп жетон жинаған оқушыларды бағалаймын

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше