Тау жыныстары деген не

Халелова Эльмира Мутигуллина

Бастауыш сынып мұғалімі,

Богатырев орта жалпы білім беретін мектебі,

Болашак ауылы, Казталов ауданы, Батыс Қазақстан облысы

Пәні: Дүниетану

Тақырыбы:Тау жыныстары деген не ?

Сабақтың мақсаты: пайдалы қазбалар,оларды пайдалану туралы түсінік қалыптастыру,оқушылардыңтілін дамыту,логикалық ойлау қабілетін дамытып,Қазақстанның пайдалы қазбалар картасымен жұмыс істеуге үйрету;табиғатты аялауға тәрбиелеу; ел байлығын үнемдеп пайдалануға үйрету.

Сабаққа қажетті құралдар: Қазақстанның пайдалы қазбалар картасы; «Пайдалы қазбалар» топтамасы; электронды оқулық; сызбалар, кесте.

Сабақтың әдісі: СТО технологиясы

Сабақтың түрі: жаңа білім беру

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі

Сабақтың өту барысы: Қызығушылықты ояту сатысы.

Сабақ басталды:

Психологиялық дайындық.

Сабағымыз басталды,

Балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар,

Оқуға зер салыңдар.

Оқушылар кесте толтырады. Көңіл-күйім жоғары,орташа, төмен.Сабақтың басында,ортасында,аяғында толтырылады.

  • Сәлемдесу,қажетті құралдарды дайындау;

– оқушылар зейінін сабаққа аудару;

Оқушыларды топпен отырғызу;

-география пәнінің мұғалімімен таныстыру;

Үй тапсырмасын тест арқылы тексеру.

«Ауа.Су.Ауа райы» тақырыптары бойынша тест.

1.Дұрыс жауап қайсысы?

А)ауа-түссіз,күн сәулесін өткізеді және күн сәулесінен жылынады.Ә)ауаның белгілі бір түсі бар,күн сәулесін өткізбейді және одан жылынбайды.Б)ауа-түссіз,күнсәулесін өткізеді және одан жылынбайды.

2.Түнде жел қалай қарай соғады?

А)құрлықтан суға қарай Ә)жоғарыдан көтеріледі Б)судан құрлыққа қарай

3.Желбағармен нені өлшейді?

А)желдің күші мен бағытын Ә)температураны Б)ауадағы су мөлшерін

4.Қандай бұлттан жауын-шашын жаумайды?

А)қабатты бұлт Ә)будақ бұлт Б)шарбы бұлт

5.Жазда таңертең шөпке шық түседі. Ал қыс пен көктемде ше?

А)қар Ә)бұршақ Б)қырау

6. Қандай температурада су қатады?

А) -10 градус Ә) 0 градус Б) -100 градус

7.Қазақстанныңаумағында суы жартылай тұзды,жартылай тұщы көл бар.Ол қалай аталады?

А)Бурабай Ә)Балқаш Б) Шортан

8. Жерде судың қай түрі бар ?

А) тұщы Ә)тұзды Б) мұз

Тест жауаптары :

1-б 2-а 3-а 4-б 5-б 6- а 7-ә 8-ә

Миды шынықтыру.

–Адамдар құрылыста қандай материалдарды пайдаланады?

-Оларды қайдан алады?

-Отынның қандай түрлерін білесің ?

-Металды қалай алады?

-Пайдалы қазбаларды қандай мамандық иелері өндіреді?

Жаңа сабақТау жыныстары деген не?

Тақырыпқа кіріспе.

Электронды оқулықтан Қазақстан туралы видеофильм көрсетіледі.

-Біз Қазақстан Республикасының азаматымыз. Қазақстан-егеменді,тәуелсіз мемлекет. Мемлекетіміз бай. «Енді сол мемлекетіміз несімен бай?»деген сұраққа бүгінгі сабағымызда жауап іздеп көрейік.

Қазақстан қазба байлықтарға бай. Жер қойнауы тау жыныстарына тұнып тұр. Олар біздің байлығымыз. Осы қазба түрлері өндіріс орындарында өндіріліп,кеңінен түрлі бұйымдар алынуда. Еліміздің қазба байлықтары,оларды өндіру

Электронды оқулықпен жұмыс (дүниетану 3 сынып)

Ой қозғау

-Қатты тау жыныстарына не жатады?

Гранит,әктас,таскөмір

Гранит -қатты тау жынысы(оның табиғи түрін көрсету) Жер қыртысының қабаттары оған үлкен қысым түсіреді. Сондықтан жер қыртысында жарық пайда болады .Осы жарықтан тереңде жатқан гранит жер бетіне шығып төгіледі.таралады .Орталық Қазақстанда Сарыарқаның көптеген таулары граниттен тұрады.

Құмтастан-қайрақ, диірмен жасалады. Қазақстанның таулы аймақтарында кездеседі.

Сұйық ,газтәріздес пайдалы қазбалар туралы түсіндіріледі.

Қазақстанның пайдалы қазбалар картасымен танысады.

Әктас-оны кірпіш,бетон тақта жәнеблоктарды дайындайды.Әктаста қабырға мен төбені ағартатын әк алады.Бор да әктас,мәрар да әктастың бір түрі.

1-тапсырма Катографтар

Алдыңызда берілген карта бейнесі түсірілген бетке шартты белдгілері арқылы гранит,құмтас,табиғи газ және мұнай кездесетін орындарды белгілейсіздер.

2-тапсырма Эрудиттер

Семантикалық карта толтырылады.

Тау жынысы Түсі Қасиеті Қолданылуы Кездесетін орны
Гранит
Құмтас
Бор

3-тапсырма Кесте құраушылар

Негізгі сөздер Пікір
1.Пайдалы қазбалар Адамдар жер астынан қазып алынатын немесе оның бетіндегі табиғи байлықтар шаруашылықта пайдаланылады.
2. Кеніштер Пайдалы қазбаларды игеруге жетерлік мөлшерде шоғырланған орындар.
3.Бассейн Пайдалы қазбалар жатқан үлкен сала.
4. Кен Құрамында металдар мен металл қоспалары бар тау жыныстары
5.Металдар Металлургия зауыттарында кенді балқыту арқылы алынады.

Ой толғаныс

-Пайдалы қазбалар туралы не білдік ?

Электронды оқулықтан 18 –тапсырма орындалады.

Өзіңді тексер. Балалар тақтадағы кестеге қарап, қорытынды жасайды.

Пайдалы қазбалар
Кеніш- жер қойнауында пайдалы қазбалар шоғырланған орын Жанғыш

Кенді

Кенсіз

Карьер

Шахта

Үйге мәтінді оқу,сөзжұмбақ құрау.

Бағалау.

Халелова Эльмира Мутигуллина

Бастауыш сынып мұғалімі,

Богатырев орта жалпы білім беретін мектебі,

Болашак ауылы, Казталов ауданы, Батыс Қазақстан облысы

Тақырыбы: Әдептілік –әдемілік

Мақсаты:әдептілік туралы ұғым қалыптастыру,әдептілік,жайында оқушылардың ойын дамыту,қоғамдық ортада өзін-өзі ұстай білуге,ізгілікке,мәдениеттілікке, үлкенді сыйлауға,кішіге үлгі болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: әдептілік туралы жазылған қанатты сөздер, слайдтар. электронды оқулық.

1.Ата-баба дәстүрі-әдептілік негізі.

2.Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді.

3.Әдепсіз өскен адамнан,

Әдепсіз өскен тал жақсы.

4.Тәрбиесіз бала білім ұғар ма,

Олай болса уысыңнан шығарма.

Қаттытәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.

1.Әдептілік-тәрбие бастауы(ойталқы)

2.Құпия хаттармен жұмыс.

3.Өлең шумақтарынан үзінді оқу.

Жүру барысы: Қайырлы күн құрметті қонақтар! Бүгін біздің Әдептілік –әдемілік атты тәрбиелік шарамызға қош келдіңіздер! Балалар өздерің көріп отырғандай тәрбие сағатымыздың тақырыбы әдептілік туралы болады.Әдепті болу деген сөздің мағынасы өте кең.Олай дейтініміз:адамның жасаған әрбір іс-қимылы,жүріс-тұрысы,сөйлеу мәнері,өзін-өзі сыр шертіп тұрады.Ендеше бірінші бөліміміз.

1.Сәлем-әдептіліктің белгісі.

2.Қоғамдық көліктегі әдептілік.

3.Дастархан басындағы мәдениет.

4.Мәдени көпшілік орындардағы әдептілік ережелері

Сынып топқа бөлінеді. Мақалдың мағынасын ашу.«Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді.» Балалар сендер сәлемдесу түрлерін білесіңдер ме?

1-оқушы: Қазақ тәрбиені амандасудан ,есен-сау сұрасудан бастаған. Кейбір егде адамдар «Ассалаумағалейкүм» дегеннен –ақ кім екенін білдім» деп жатады. Бұл кездейсоқ айтыла салған сөз емес, олай болса мәнісіне үңіліп көрейік.

2-оқушы: Біріншіден, сәлем берген кісінің дауысының шығуын, сәлем бергенде өзіңді қалай ұстайсың,қалай тұрасың? Үлкендер осының бәріне назар аударады, сынайды.

3-оқушы: Жалпы сәлемдесу мәдениеттің сырт көрінісі болып көрінгенімен,адамның ішкімәдениетін де біраз көрсетіптастайды «Сәлеміңнен жаңылма.», «Сәлемің дұрыс болсын» деген талаптың өзі-ақ сәлемдесу мәдениетінің,адамгершіліктің белгісі екендігін анықтап тұрғандай.

4-оқушы: Қазақта«Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді» деген аталы сөз бар, өйткені сәлемдесу-кісіліктің белғісі. Сәлемдесу, амандасу адамның бір-біріне деген ізет, сый-құрметін білдіреді. Адам баласының рухани тарихында қолы жеткен зор игілігі-сәлемдесу.

5-оқушы: Сәлемдесу о заманнан имандылық, кісілік нышаны ретінде түсініліп қабылданған.Сәлемдесудің мәні,ең алдымен,бір-бірінің аман-саулығын сұрасу, өздерінің аман-есен дидарласып тұрғандарына қуанып,шүкіршілік етіп,ниеттерінің ақ,адал,таза екендігін білдіру.

6-оқушы: Орта Азиядағы түркі халықтары, барлық мұсылман елдердегідей «Ассалаумағалейкум» деген араб сөзімен амандасады, оның мағынасы « Сізге тыныштық тілеймін» дегенді білдіреді. Оған жауап, яғни сәлемді алу ретінде айтылатын «Уағалейкүмассалам» – «Сізге де тыныштық тілеймін» деген сөз. Одан кейін барып « Үй ішіңіз, мал- жаныңыз аман ба? Денсаулығыңыз жақсы ма?» деген сияқты хал- жағдайды білісу, жөн сұрасу рәсімі жалғасады.

Сәлем берудің түрлері:

1.Қос қолдап амандасу

2.төс қағысып амандасу

3.Құшақ жая амандасу

4.Қуанышты сәлемдесу

Мұғалім: Әдеп, аманшылық амандасудан басталады. Ақ сақалды атаны, ақ жаулықты әжені құрметтеу, жалпы өзіне үлкенге сәлем беру жас ұрпақтың қастерлі парызы екенін есте ұстауымыз керек

Тапсырма: Сен өз көлігіңді аялдамада көп күтіп тұрдың, шаршадың. Көлігің келіп тоқтады да, сен ішке еніп бос орынға келіп жайғастың. Келесі аялдамада үлкен қария кісі мінді, бос орын жоқ. Сен не істер едің?

7- оқушы: Қоғамдық көлікке басқаларды итермелемей, мәдениетті түрде кіру керек. Жол ақысын төлеуді ұмытпа. Үлкен кісілерге, мүгедектерге, балалы анларға орын бер.

Мұғалім: Әдепті адамдар- қоғамның баға жетпес байлығы әрі мәртебесі.Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуғ тырысу керек.

Көрініс: Автобустағы оқиға:

Дастархан басындағы мәдениет:

8- оқушы: Тамақтану мәдениеті дегеніміз – бір қалыпта тамақтану, тағамдардың түрліше болуы, қай кезде және қандай мөлшерде ішіп- жей білу, дастархан басында өзіңді дұрыс ұстай білу.

  1. Тамақтану мәдениеті дегенді қалай түсінесің?
  2. Дастархан басында өзіңді қалай ұстау керек?

Мәдени көпшілік орындардағы әдептілік ережелері(ой талқы)

Кітапханадағы әдеп

Сен кітапханада ертеңгі сабағыңа беріле дайындалып отырсың.Көрші столға екі оқушы келіп отырды да, қолдарындағы кітабын ретсіз парақтап, күбірлеп сөйлесе бастады.Сенің көңілің бөлініп кетті.Сен не істер едің? (ой талқы) Құпия хаттармен жұмыс.

  1. хат: Құрметті достар!

Менің көршімнің бір баласы бар.Ол өтірікші көзбе-көз өтірік айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болайын ба

  1. Хат: Құрметті достар

Партада менімен бірге бір бала отырады. Ойнап- ойнап, тапсырманы орындамай жазбай келеді, сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады.Мен бермесем «сен сараңсың» дейді. Мен не істеуім керек?

3-хат: Құрметті достар!

Менің бір досым мақтаншақ.Ойнап жүргенде үй ішіндегі нәрселерін қылығын айтып мақтанады. Мен оны ұнатпаймын. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?

Келесі кезекте әдептілік, сыпайылық туралы мақал мәтелдер(оқушылар кезекпен мақал-мәтелдер, нақыл сөздер айтады)

«Ғажайып» өлеңі оқылады

Мұғалімнің қортынды сөзі: Әдептілік- барлық адамға жарасатын қасиет. Ол- адамның жасынан алған тәрбиесіне, өскен ортасына, төңіректегі адамдардың қарым қатынасына байланысты қалыптасатын қасиет.Енді осы үйренгендеріңді күнделікті өмірде қолдана біліңдер және өздеріңнен кіші іні-қарындастарыңа үнемі үйрете тжүріңдер.Менің сендерге айтарым: адам әрқашан да бет сұлулығымен емес, ішкі жан дүниесімен, әдептілігімен, мәдениеттілігімен әдемі.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше