Гүлдер әлемі сайысы

Дуйсенбиева Дарига Жусуповна

Технология пәні мұғалімі,

Богатырев орта жалпы білім беретін мектебі,

Болашак ауылы, Казталов ауданы, Батыс Қазақстан облысы

«Гүлдер әлемі» сайысы.

«Гүл өссе жердің көркі, қыз өссе елдің көркі. »

Өтілу формасы: сайыс

Мақсаты:Қыз балаларды икемділікке, сымбаттылыққа, ізеттілікке,біліктілікке, танымдық қасиеттерін дамытуға баулу.Эстетикалық талғамын,шеберлігін дамыту.Өнерді тануға, әдептілікке тәрбиелеу.

Қатысушылар: 7-9 сынып қыздары.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, биология,әдебиет, тарих.

Сайыс барысы:

Жүргізуші:-Қос бұрымды сұлулықтың белгісі деп таныған халқымыз шашын өсіріп, ұшына зергердің қолынан шыққан шашбау, шолпы тағып, сұлулыққа жастайынан баулыған қызбалаға керек қасиет –талғам, жарасым ақыл, білім, іскерлік.

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі қыздар арасындағы «Гүлдер әлемі» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Кімдер өнерлі, белсенді білейікші,

Өнерлісі мектептің деп жүрейікші.

Әділқазыларға әділдікті,

Ал сайыскерлерге сәттілік тілейікші- дей келе, ортаға қыздарымызды шақырамыз.

Әділқазылар алқасымен таныстыру.

Сайыстың шарттарымен таныстыру.

  1. Таныстыру.
  2. Сұрақ-жауап сайысы.
  3. Қолөнер сйысы.
  4. Шаш үлгісі.
  5. Сән үлгісі.

Ескерту: барлық турда гүл элементтерін пайдалану.

1.Таныстыру:

Өздерімен таныстырар кез де келді,

Сайыстың мақсатына жеткізеді.

Кезегімен алдымызға келіп енді

Жұмбақ қыздар өздерін таныстырады.

2.Сұрақ-жауап сайысы:

Ақылдылық қыздарға жарасады,

Көзі ашықпен бәрі де санасады.

Келесі сұрақ-жауап сайысында

Сыналар білімі мен парасаты.

І- топ:

1.Сурет салып тоқылған кілем.(гобелен)

2.Әшекей бұйым жасайтын адам.(зергер)

3.Адамды адам еткен … (еңбек)

ІІ –топ:

1.Матаны жапсырмалау.(аппликация)

2.Шашқа тағатын әшекей бұйым.(шашбау)

3.Жеті рет өлшеп, … (бір рет кес)

ІІІ –топ:

1.Қолөнердің мата қиындысынан тігілген түрін атаңыз.(құрақ құрау)

2.Жеті түрлі дәнді дақылдардан сүт қосып пісірілген сұйық ас.(Наурыз көже)

3.Әке көрген оқ жонар, … (шеше көрген тон пішер)

IV-топ:

1.Ұзатылған қыздың киетін баскиімі.(сәукеле)

2.Түйе сүтінен жасалатын сусын. (шұбат)

3.Өнерлінің қолы алтын, … (өлеңшінің сөзі алтын)

3.Қолөнер сайысы:

Қандай жақсы майысып тұрғандарың,

Тал бойына жиғандай өнер бағын.

«Ана көрген тон пішер» деген бар ғой

Ару қыздар көрсетсін бұйымдарын.

(Әр түрлі табиғи материалдардан жасап әкеліп бұйымдарын ұсынады және сол бұйымдардың бір элементін жасап көрсетеді.)

4.Шаш үлгісі сайысы:

Көрінер қыздар сұлу шашбауымен,

Бұрымын кейін серпіт тастауымен.

Жарасқан шашбаумен теңгелерім

Теңгенің кім біліпті дөңгелегін.

(Қыздар шаш үлгілерін жасап әкеліп, қорғайды.)

  1. Ағаш көркі –жапырақ,

Адам көркі –шүберек.

Келесі сайысымыз сән үлгісі.

  • Бүгінгі сайысымыз мәресіне жетті. Әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз.
  • Сайыста белсенділік танытып , қатысқан қыздарға көп-көп рахмет. «Білімнің көгіне, өнердің шегіне жетіңдер!»

«Гүлдер әлемі» сайысы.

Қатысушылар: 7-9 сынып қыздары.

Байқау бөлімдері:

1. Таныстыру.

2. Сұрақ – жауап.

3.Қолөнер сайысы.

«Жайна,жайна,гүлдей жайна…».(Әр түрлі табиғи материалдан дайындап әкеліп, қорғау:аппликация,квиллинг, бисермен , былғарымен жұмыс, т.б.)

3. Шаш үлгісі.

4. Сән үлгісі.(2–ден кем емес).

Ескерту: барлық тур бойынша гүл элементтерін пайдалану.

Дуйсенбиева Дарига Жусуповна,

Технология пәні мұғалімі,

Богатырев орта жалпы білім беретін мектебі,

Болашак ауылы,Казталов ауданы,Батыс Қазақстан облысы

Квиллинг өнері.

Сабақтың мақсаты:Квиллинг техникасын үйрету.оқушыларды жан-жақты интеллектуалды дамыту.Оқушыларды төзімділікке, шыдамдылыққа үйрету.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, практикалық.

Жұмысты ұйымдастыру формалары: – топтық жұмыс

-жасаған жұмыстардан көрме ұйымдастыру

Қажет құралдар: түрлі түсті қағаз,желім, қайшы, сызғыш ,қатты түрлі түсті қағаз.

Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу.

Қатысушыларды топқа бөлу.

1.Слайд көрсету арқылы квиллингтің тарихымен, жасау техникасымен таныстыру.

2.Практикалық жұмыс: «Құттықтау қағазын жасау»

1.Квиллинг тарихы: Квиллинг-қағаз орау өнері.Квиллинг –ағылшын тілінен аударғанда құс қанаты деп аталады. Еуропада XIV-XV ғасырда пайда болған,соңынан онымен айналысушылар көбейіп, дүние жүзіне тараған. Шығыс елдеріне де бұл өнер түрі тарап , дамыған. Оңтүстік Кореяда квиллинг өнерімен айналысатын Ассоциация құрылған.

2.Практикалық жұмыс.

Квиллинг әдісі бойынша гүл жасау.

а) 7мм қағаз жолақтарын қиып аламыз;

б)қағазды орап алып,Оралған ораманы ақырындап босатамыз;

б)жолақ соңын желімдейміз де, әр түрлі формаға келтіреміз.

Жасаған гүлдің,жапырақтың формаларын құттықтау қағазына жабыстырамыз.

Қорытынды сұрақтар:

1.Квиллинг қандай өнер?

2.Квилинг сөзі қандай мағынаны білдіреді?

3.Квиллинг әдісі бойынша не жасауға болады?

Жасаған жұмыстардан көрме ұйымдастырылады.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше