Менің Отаным-Қазақстан Сан есімді қайталау
Алматы облысы Қарасай ауданы
Үшқоңыр ауылындағы орта мектеп-гимназия
Оқу орыс тілінде жүретін қазақ
тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
Имбергенова Айгуль Оспанбаевна
Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным-Қазақстан
Сан есімді қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өтілген тақырып бойынша меңгерген білімдерін бір жүйеге
келтіру, «Қазақстан», «Сан есім» туралы алған білімдері
қаншалықты деңгейде екенін байқау, бекіту.
Дамытушылық: Мәтінмен жұмыс жасауға, сұраққа жүйелі жауап бере
білуге, өз ойын еркін жеткізуге дағдыландыру. Оқушы-
лардың сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін,
ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды Отанын, елін, жерін сүюге, елінің шын
сүйер азаматы болуға, ізгілікке, адамгершілікке
тәрбиелеу.
Көрнекілік: ҚР картасы, сюжеттік суреттер, кесте, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі, жағрапия, әдебиет, ән- күй,
информатика.
Сабақтың түрі: Жинақтау-қорыту сабағы.
Сабақтың типі: Білімді бекіту.
Оқыту әдістері: Сөздік диктант, көрнекілік, эвристикалық,
практикалық.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, аударма, жаттығу жұмыстары,merits ,
бағдарламасы.
Сабақтың құрылысы: 1 Ұйымдастыру
2 Оқу материалын қайталау, жүйелеу,
жинақтау.
3 Білімді бекіту.
4 Қорытынды
Деңгейлеп оқыту технологиясы. Міндетті
Алгоритмдік
Эвристикалық
Шығармашылық
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеп, сыныптың
тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың ынтасын
сабаққа аудару, қызығушылығын арттыру.
-Балалар бүгін біз «Сан есім, Отанымыз Қазақстан
Республикасы» туралы алған мәліметтерімізді ,
білімімізді қайталаймыз
/ Оқу материалын қайталау.
/ деңгей блиц-турнир (Қас қағым сәт)
Қойылған сұрақтарға тез, қысқаша жауап береміз.
1. Сан есім дегеніміз не?
2.Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?
3.Құрамына қарай қалай бөлінеді?
4.Күрделі сан есімге мысал айтыңдар.
5.Сан есім жасалу жолына қарай қалай бөлінеді?
6.Негізгі сан есімге мысал айтыңдар.
7.Туынды сан есімге мысал келтіріңдер.
8.Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
9.Алты түрін атап кетейік.
10.Болжалдық сан есімге мысал айтып жіберейік.
11.Топтау сан есіміне мысал келтірейік.
12.Бөлшектік сан есімге мысал айтайық.
// деңгей. Алгоритмдік деңгейде оқушылардың қосымша логикалық ойлау дағдысын дамыту мақсатында сөздік диктант алынады. Сан есімдерді жазып, түрлерін анықтау.
Алпыс-жетпіс, төртеу, мыңдай, жүзінші, оннан бір, біреу,үш бүтін бірден бес, қырықыншы, елу.
Бір оқушы тақтаға жазады, түрлерін анықтайды.
/// деңгей. Эвристикалық деңгей.
Лексикалық тақырып. 46-бет, 1- тапсырманы орындау.
Менің Отаным-Қазақстан
- Сөздікпен жұмыс. таңқаларлық-удивительно
шетсіз-шексіз дала-бескрайняя степь
Іле Алатауы-Заилийский Алатау
есепсіз байлық-несметные богатства
қалмайтын-не уступающий
А) Жаңа сөздермен танысып, тілдерін
төселдіру.
Ә) Осы сөздермен сөз тіркестерін,сөйлемдер
құру.
- Мәтінімен жұмыс. А) Бірінші мәтінмен танысу.
Ә) Мәтін бойынша тірек сөздер дайындау,
тақтаға жазу.
Тірек сөздер: свободных-еркін
величавые- асқақ,құдіретті
мирно-бейбіт
на просторах-кең байтақ жерінде
редкие-сирек
Менің Отаным-Қазақстан
Моя Родина-Казахстан.Это страна,которая находится в центре Евразии. Это страна свободных людей. Казахстан-удивительно
красивая земля.Здесь есть и величавые горы Заилийского Алатау,
и сильные реки Иртыш,Сырдарья и Амударья,и бескрайние степи.
Казахстан-это земля,на которой мирно живут много разных народов.
На просторах нашей республики есть несметные богатства-это и ред-
кие красивые животные, и растения,и полезные ископаемые. В Казах-стане есть такие прекрасные города, которые по красоте не уступают
Азии и Европы: это и Астана, и Алматы, и Павлодар и др. Я очень люблю мой Казахстан.
Б) Мәтінді қазақ тіліне аудару.
2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сан есімді қойып, оның қандай сан есім екенін айтыңдар. Интерактивті тақтамен жұмыс жүргізу.
- ………. саусақ бірдей емес.2. Білекті ………. жығады, білімді ……….
Жығады. 3. ………. кісінің түсін білгенше, ………. кісінің атын біл. 4. ………. ала болса, ауыздағы кетеді, ………. түгел болса, төбедегі келеді. 5. ………. ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.
Керекті сөздер:бір,бес,мың,алтау,тоқсан,төртеу.
Сан есімдердің мақалдардағы түрлерімен танысып, мағынасын түсіне білу.
4-тапсырма. Сан есімдерге септік жалғауларын жалғап жазыңдар.
Өзіндік жұмыс. Тапсырманы аяқтаған соң бірнеше оқушыға орындаған жаттығуларын оқыту арқылы тексеру.
Жеті….. дейін,бір….. кетті,үш пен төрт….. арасында,бес….. кейін, отыз- ….. жуық,сағат тоғыз….., сегіз….. дейін, он….. таман,он мен он бір…… арасында, тура үш….. , он бес….. жуық, алты….. кеткенде.
Сан есімдердің септелуімен танысу мақсатында.
3-тапсырма. Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын түсініп, жаттап ал.
Бес саусағындай біледі-жатқа біледі.
Бес саусақтай- ұйымшыл.
Бес тиынға тұрмайды-түке тұрмайды,құны жоқ.
Алты алаш- бүкіл қазақ халқы.
Алты қанат- кең,үлкен.
Ауызы алты қарыс-ашулы,ызғарлы.
Жеті түнде-қараңғыда,түн ішінде.
Жұт жеті ағайынды-жамандық егіз.
Бала жетіге жеткенше, жерден таяқ жейді-ақылы толғанша, қателік жасайды.
Тұрақты сөз тіркестерін оқып, қалай түсінуге болтатынын айту.
Өздеріне ұнаған бір сөз тіркесімен сөйлем құрау.
Келесі тапсырма «ПИФАГОР» бағдарламасынан әр оқушыға жеке-жеке тапсырма беріледі.Сан есімге байланысты сұрақтар.
1.7-деңгей қазақ тілі грамматика 1-тапсырманың 4-сі.
2.7-деңгей қазақ тілі грамматика 1-тапсырманың 5-сі.
3.7-деңгей қазақ тілі грамматика 1-тапсырманың 6-сы.
4.7-деңгей қазақ тілі грамматика 1-тапсырманың 7-сі.
5.7-деңгей қазақ тілі грамматика 1-тапсырманың 4-сі.
6.7-деңгей қазақ тілі грамматика 1-тапсырманың 7-сі.
7.7-деңгей Қазақстан Республикасы 2-тапсырма 1-сі
8.7-деңгей Қазақстан Республикасы 2-тапсырма 2-сі
9.7-деңгей Қазақстан Республикасы 2-тапсырма 8-сі
10.7-деңгей Қазақстан Республикасы 2-тапсырма 1-сі
11.7-деңгей Қазақстан Республикасы 2-тапсырма 2-сі
12.7-деңгей Қазақстан Республикасы 2-тапсырма 11-сі
Тапсырмаларын тексеру.
//// деңгей. Интерактивті тақтадан ҚР картасын,тау,өзен көлдің суреттерін көрсетіп,оқушыларға сұрақтар қою арқылы бүгінгі сабағымызды бекіту.
-Балалар біздің отанымыз қай ел?
-Оқушы жауабы.
-ҚР жер көлемі қанша?
-ҚР жалпы жер көлемі 2700 мың шаршы км. асады.
-Ең биік шыңымыз қанша метр?
-Ең биік шыңы-Хантәңірі 6995 м.
-Ең ірі, ұзын өзенін айтыңдаршы.
-Ең ірі өзені Ертіс 5410 шақырымға созылып жатыр.
-Республикамыздағы терең көлді ата.
-Алакөл,тереңдігі 54м.
-Балалар біз осы модульде Отан,туған жер,Қазақстан тақырыбында қызықты мәліметтер алдық, енді сендер осы тақырыпқа қосымша не әзірледіңдер?
– Мақал-мәтел айтыңдаршы.
Екі,үш оқушыға айтқызу.
-Қазақстан, Отан тақырыбына өлеңдер айтқызу.
-Ал, енді балалар әзірлеген әнімізді айтайық.
-«Атамекен» әнін айту.
Оқушылардың білімін бағалап,марапаттау сөз айтқан соң үйге тапсырма беріледі:1) 5,7-тапсырма жазбаша.
2) «Менің Отаным-Қазақстан» мәтінін қазақ тілінде
әңгімелеу.
