Қазақстанның қалалары. Буын
Алматы облысы Қарасай ауданы
Үшқоңыр ауылындағы орта мектеп-гимназия
Оқу орыс тілінде жүретін қазақ
тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
Имбергенова Айгүл Оспанбайқызы
Сабақтың тақырыбы:
Қазақстанның қалалары. Буын.
Сабақтың білімділік мақсаты: Буын туралы жалпы түсінік беру.Буын түрлерін ажырата білуге үйрету.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың сауатты оқуын, ауызекі сөйлеу дағдыларын жетілдіру , сөздік қорын байыту. Алынған білімді есте сақтауға дағдыландыру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды отансүйгіштікке баулу. Қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, жаттығу орындау, ойлау, дәлелдеу.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, диапроектор, тірек сызбалар
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлеметсіздер ме?
1- 2 минут
2. Сабаққа кіріспе.
Қазақша сөйлесейік ! Қазақстан туралы сөйлесіп көрейік.
Қазақстан қандай мемлекет?
Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер?
Қазақстанның астанасы қай қала ?
Астана қандай қала?
Қазақстанның бұрынғы астанасы қай қала болды?
Біз бүгін Алматы қаласына саяхат жасап жақынырақ танысамыз.
ІІ. Жаңа тақырып кезеңі.
1. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақстанның қалалары». Буын түрлері. Сабағымызда Алматы қаласына саяхат жасаймыз, тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен танысамыз.
А) Буын түрлері.
Үндестік заңы дегеніміз не? Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар? Қандай дыбыстар буын құрайды? Кесте арқылы түсіндіру.
| Буын түрлері | Мысалдар |
| Ашық буын | А-на, ә-ке, а-ю, кө –ше, да -ла |
| Тұйық буын | Ат, ит, аң, от, ұлт, өрт, үй, ай |
| Бітеу буын | Қант, дәп-тер,
тәу-лік, бақ |
ІІІ. Лексикалық тақырыппен жұмыс:
Сөздік жұмыс:
Орталық –центр, центральный (-ая, -ое)
Облыс -область
Жаңа сөздерден сөз тіркестерін, сөйлем құрату, сөздер құрамындағы буындардың түрлерін ажырату.
1 – тапрсырма. Мәтінді оқы, айт. Алматы қаласы.
1) Мәтінді оқыту.
2) Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырыңдар.
3) Мәтіндегі Қазақстан, Алматы, Республика сөздерініңқұрамындағы буындардың түрлерін ажыратыңдар.
VІІ. Лексикалық тақырыпты слайд арқылы түсіндіру.
Енді Алматы қаласына саяхат жасаймыз. (Слайдты көрсете отырып Алматы қаласы туралы әңгімелесу)
Орналасқан жері: Алматы – Қазақстанның ең көрікті қалаларының бірі. Алматы – басында мәңгі қар жатқан әсем Алатаудың баурайына орналасқан.
Мәдени орындары: Еліміздің мәдени өмірі мейлінше бай әрі алуан түрлі. Абай атындағы опера және балет театры, М.Әуезов атындағы драма театры, Лермонтов атындағы орыс театры, ұйғыр, корей, неміс театры, Ғ. Мүсірепов және Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театры, Қазақ Мемлекеттік циркі , Алматы хайуанаттар бағы мен саябақтар, кітапханалар, спорт кешендері, қонақ үйлер, мейрамханалар , кинотеатрлар бар.
Ескерткіштер: Алматы заңды түрде еліміздің мәдениет орталығы болып саналады. Алматыда 126 тарихи және мәдени ескерткіштер мен 45 монументалды өнер туындылары бар. Амангелді Иманов, Д. Қонаев, Ж. Жабаев, М. Мақатаев,
Қ. Сәтпаев, 28 гвардияшы – панфиловшыларға арналған монумент, қазақтың батыр қыздары Кеңес Одағының батыр қыздары Ә. Молдағұлова мен М. Мәметова т.б. ескерткіштер бар.
Оқу орындары: Алматыда мектептер, университеттер мен институт, колледждер бар. Әл – Фараби атындағы қазақ ұлттық университет, Абай атындағы ұлттық педагогикалық университет, Қазақ ұлттық аграрлық университет, Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медициналық университеті, Сымбат сән академиясы т.б. оқу орындары бар.
Жаңа атпен аталған көшелері: Алматының көшелеріне қазақтың батырлары мен еліне еңбегі сіңген қоғам қайраткерлері , өнер адамдарының аты берілген. Абай , Абылайхан даңғылдары, Төлеби , Құрманғазы, Қарасай , Наурызбай, Әуезов, Қонаев, Мақатаев т.б. көшелер бар. Алматының көшелері кең, таза, әдемі, түзу. Биік әсем үйлер, ғимараттар көз тартады. Көшелерде машиналар, автобустар, трамвайлар мен троллейбустар жүріп жатыр.
2 –тапсырманы орындау. Оқы, біл.
Қазақстан –үлкен мемлекет. Қазақстанда 14 облыс бар. Үлкен қалалары –Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар –әдемі қалалар.
Тапсырма: қалалардың аты жазылған сөздерді буын түрлеріне ажыратыңдар.
3- тапсырма.Жұптық жұмыс.Сұрақтарға жауап бер.
4,5-тапсырма. Сөйлем құрап үйрен, жаз. Өзіндік жұмыс.
ІҮ. Бекіту:
«Көршіңді тап!» ойыны. Ойынның шарты: Үлкендеу етіп бірнеше шеңбер сызылады, әр шеңбер ішіне бір буын жазылады. Буын жазылған шеңбер, балаларға таратылады. 1-оқушы тақтаға келіп:
-Менің көршім кім?-деп сұрайды. Қолдарындағы буындарына қарай отырып, екінші буын түрін анықтайды. Құралған сөздерді буынға бөліп, буын түрін анықтайды.
Кі-тап, Қа- ла, қа-ра, қа-лам, Ал –ма- ты, Тал- ды-қор-ған т.б.
2. Сөздерден сөйлем құрастырыңдар.
1. қала, әсем , сұлу, Алматы.
2. Бар, театрлар, мұражайлар, қонақ үйлер, спорт кешендері,Алматыда, саябақ, кинотеатрлар.
3. Орталық, Алматыда, кітапхана, үлкен, бар.
Ү. Қорыту.
Бүгін біз сабақта не өттік? Қазақстанның қандай үлкен қалаларымен таныстық? Алматы қаласы туралы не білдік?
ҮІ. Үйге тапсырма: 6 – тапсырма. Сөздерді буынға бөліп жаз,
