Ыбырай Алтынсарин «Әке мен бала »әңгімесі

Алматы облысы Қарасай ауданы

Үшқоңыр ауылындағы орта мектеп-гимназия

Оқу орыс тілінде жүретін қазақ

тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі

Имбергенова Айгүл Оспанбайқызы

Тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Әке мен бала »әңгімесі

Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға Ы. Алтынсарин туралы түсінік беру. «Әке мен бала»әңгімесінің тақырыбын ашу.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ойын ашық айта білуге және өз пікірін қорғай білуге баулу. Сөздік қорын молайту. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: . Оқушыларды үлкенді құрметтеуге , жалқаулық әдетінен арылуға баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Ы. Алтынсариннің портреті.

Әдіс-тәсілдер: кітаппен, сөздікпен, мақал- мәтелдермен жұмыс, сұрақ-жауап, түсіндіру, түртіп алу әдісі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту.

Ыбырай Алтынсарин есімі қазақ балалары үшін мектеп ашқан ұлы ағартушы, орыс әдебиеті классиктерінің балаларға арнап жазған шығармаларын қазақ тіліне аударған аудармашы ретінде ғана емес, қазақ жазба әдебиеті тарихында тұңғыш прозаик ретінде де белгілі.Олай дейтін себебіміз, Ыбырайға дейін шын мәнінде көркем проза қазақ жазба әдебиетінде қалыптаспаған еді. Мазмұны жағынан Ыбырай әңгімелері өз заманының келелі мәселелерін қамтиды. Оның шығармалары жас ұрпақты мейірімділікке, адалдыққа, ізеттілікке, ақылдылық пен білімділікке, т.б. ізгі қасиеттерді үйретуге шақырады. Ыбырай «Қазақ хрестоматиясына» Қара батыр, Байұлы, Жиренше шешен, Тазша бала туралы ертегі,Бай баласы мен жарлы баласы, Таза бұлақ, Әке мен бала т.б. тәлімдік мәні зор әңгімелерін енгізді.Қазақ хрестоматиясына енген Ыбырайдың көркем шығармалары өзінің ағартушылық идеясына бағындырылған. Ол әдебиетті бала санасына әсер ететін, сөйтіп, оны жақсы, өнегелі істерге үйрететін мықты құрал деп атап көрсетті.
Ыбырайдың шығармаларын оқи отырып, ол өз заманының беталысын анық аңғарғанын, халық өмірін жаңа арнаға салуда білім мен тәрбие мәселесі қатар жүру керектігіне назар аударғанын көруге болады.Ыбырай әңгімелерінң негізгі қайнары халық тұрмысынан алынған. Өмірді, адам әрекеттерін ешқашан дағдыдан тыс әсірелеп суреттеп, шындықтан алшақтамаған. Кейіпкерлерді шынайы өмірге тән әректтері арқылы бейнелеуді мақсат тұтты.Оның әңгімелерін тақырып жағынан еңбек пен өнерге баулитын және адамгершілкке тәрбиелейтін шығармалар деп екі топқа бөліп қарастыруға болады.

Ыбырай шығармаларының басты тақырыбы –еңбек. Ол еңбек адамның өмірі үшін ерекше маңызды рөл атқарады, еңбексіз өнер де, білім де қолға келмейді деп еңбекті бірінші орынға қойып, тәрбие негізі адал еңбекте деп тұжырым жасайды. Оның бұл тақырыпта жазған көптеген әңгімелері бар.Мысалы Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш, Бай баласы мен жарлы баласы, Қыпшақ Сейтқұл, т.б. Жазушының бір топ әңгімелері адамгершілік тәрбие мәселесіне жазылған. Адамзат баласы шыр етіп жерге түскеннен бастап ата-ананың аялы алақаны мен ыстық ықыласына бөленіп өсетіні белгілі. Ата-ана баласына небір асыл қасиеттерді үйретіп, жақсы азамат болуын тілейді және үміттенеді. Бұл тақырыпта да жазған Ыбырай шығармалары бар. Мысалы Асыл шөп, Бақша ағаштары, Таза бұлақ т.б. Әр әңгімесінде тәрбиенің ізі жатыр. Оны түсініп оқыған адам ғана ұлы ұстаздың шебер тәрбиеші екеніне көзі жетеді.
Әңгіме –оқиғаны баяндауға негізделген қара сөзбен жазылған көркем шығарма. Әңгімеде бас-аяғы жинақы, тиянақты бір оқиға айтылады.
Ыбырай шығармалары қысқа мазмұнды, балалардың түсінуіне жеңіл. Аз сөзге көп мағына сыйғызу, мақал-мәтел мен афоризмдерді орынды қолдану, әр әңгіменің тағылымдық мәніне ерекше көңіл аудару Ыбырай шығармаларының өзіндік ерекшеліктері. Шығармалары мазмұны жағынан да, түрі жағынан да балалар әдебиетіне қойылатын талаптарға сай келеді. Сондықтан да Ыбырай Алтынсаринді балалар әдебиетінің негізін салушы дейміз.Бүгінгі сабағымыздың нысанасы әңгімедегі тәрбие мәселесі. Тәрбие мәселесі бүгінгі өмірде де өз маңызын жойған жоқ, тіпті күн тәртібіндегі өзекті мәселе екенін де білеміз. Ана мейіріне қанып, әке өсиетін тыңдап өскен бала ғана түбінде жылы жүректі азамат болары сөзсіз,олай болса, Ыбырай әңгімелерінде жасынан отбасы тәрбиесін көрген бала үлкен азамат болғанда, өз мәнінде өмір сүруге бейім болады деген нақты тұжырымдар беріледі.

Балалар әдебиетінің атасы Ақын

Ы. Алтынсарин кім?

Педагог- ағартушы Аудармашы

«Кел, балалар, оқылық!»

«Әке мен бала» «Өнер – білім бар жұрттар»

Ы. Алтынсарин шығармалары

« Асан мен Үсен» «Жаз»

«Жаман жолдас» «Бақша ағаштары» «Өремекші, құмырсқа ,қарлығаш»

ІІІ. «Әке мен бала» әңгімесін оқу.

1.Сөздік жұмыс: жаяу, ескі таға, жалма-жан, шамалы жүрген соң т.б.

2. Әңгімені зейін қойып оқыту.

3. «Қарама-қарсы элементтер» стратегиясы

«Әке мен бала» әңгімесі бойынша талдау жұмыстары.

Әке Бала
Үлкен кісі
Тағаны алады
Ақылды адам
Шие сатып алды
Еңбектенді
Жас бала
Алғысы келмейді
Ақылсыз бала
Сатып алмады
Еңбектенген жоқ

4. Әңгіме мазмұны бойынша топтық жұмыс.

1-топ: әңгіме мазмұны бойынша сұрақтар құрастырыңдар.

2-топ: Сұхбатты жалғасатыру.

5. Сабақты бекіту. Мәтіннің негізгі ойын білдіретін он шақты сөз жазыңыздар. Сөздерден әңгіменің мазмұнымен байланысты сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Мәтіннің негізгі ойын білдіретін сөздер Сөз тіркестері Сөйлемдер Мәтін нұсқасы
Таға, иілді, ұста, тиын, сату, шие, аяңдау, еріну, қанағат Ескі таға; иіліп алу; үш тиынға сату; шие сатып алу; аяңдап жүру, иіліп көтеріп алуға еріну

ІҮ. Сабақты қорытындылау. Ы. Алтынсарин кім? Ы. Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесінің түйіні қандай?

Ү. Үйге тапсырма: Әңгімені оқу. Әңгіменің мазмұнына байланысты мақал –мәтелдер жаттау. «Аз жұмысты қиынсынсаң –көп жұмысқа тап боларсың» тақырыбына сұхбат құрыңдар.

Один комментарий

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше