Бақыт дегеніміз – денсаулық
Ақназарова Гүлнар Ұзакбайқызы
№ 8 облыстық арнаулы санаториялық
мектеп-интернатының тәрбиешісі
Тақырыбы: «Бақыт дегеніміз – денсаулық»
Мақсаты: Білімділік:Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты бақыт екенін ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
Тәрбиелік: Тазалыққа, спортқа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: Мақал – мәтелдер, слайдтар.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Кіріспе. Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа арнаған «Қазақстан – 2030» жолдауында бізді Отан игілігі үшін өз денсаулығымызды сақтауға шақырады. Ауруды емдеуден гөрі оның алдын алу керектігін айтты. Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз салауатты өмір салтын сақтау мақсатында «Бақыт дегеніміз – денсаулық» деп аталады.
