Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу
Бердімұратова Б.Б
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,
Байғанин орта мектебінің
бастауыш класс мұғалімі
Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу
Бастауыш мектеп – оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды кезең. Сондықтан бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы, қиын да жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім беріп
қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу , оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.
Дамыта оқытудың да басты мақсаты – баланы оқыта отырып, шығармашылық бағытта жан – жақты дамыту.
