БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА-АНАНЫҢ РӨЛІ
№6 «Орман ертегі» МДҰ тәрбиешісі
Надиршина Қ.А.
БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА-АНАНЫҢ РӨЛІ
Әрбір ата-ана өз перзетінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік
жақтарының зандылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сенімді және
негізді. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – тұған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі, тілі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» – дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн.
