Адамгершілік – асыл қасиет
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы,
Бозой орта мектебі
Кітапхана меңгерушісі
Жубаназарова Эльмира Аюпнабиқызы
Адамгершілік – асыл қасиет
Мақсаты: Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бірін-бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.
Барысы:Адамгершілік – парасатты сөз. Сөз ғана емес, адамның ең асыл қасиеттерін анықтайтын бірден-бір аяулы ұғым. Ұғым ғана емес, тіршіліктің мәнін, дүниенің сәнін ұстап тұрған ең ұлы ұстаным. Шынында айтқанда, жеке дара ұстаным емес, заңның да, заманның да, адамның да құдіреттілігін танытатын ең ұлы күш.
Адамгершіліктің қас жауы тоғышарлық, азғындық.
Кіріспе сөз: Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі – оның тәртібі мен іс-әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген. Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді.
