Шартты өту операторы
Түймекент орта мектебінің
ІІ санатты информатика
пәні мұғалімі
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы,
Түймекент ауылы
Сынып: 10
Сабақтың тақырыбы: Шартты өту операторы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Visual Basic – тің тармақталу операторларының жазылу түрлерімен таныстыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Өткен материалды қайталау
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Практикалық жұмыс
5. Сабақты бекіту
Өткен материалды қайталау сұрақтары
- Visual Basic нұсқауы дегеніміз не?
- Меншіктеу операторы
- Жолды тасымалдау
- Түсініктемелер дегеніміз не?
- Бірнеше оператор бір жолда орналаса ала ма?
- With операторы қызметі
Жаңа сабақты түсіндіру
Visual Basic – те бағдарламаның орындалу барысымен басқарылатын бірнеше оператор бар. Қызметі бойынша олар екі топқа бөлінеді:
- өту және таңдау
- қайталау
Visual Basic процедураларында операторлық орындалу ретін басқарып отыратын тармақталу процестерін ұйымдастырылуда шартсыз Goto, шартты If…Then…Else және таңдау Select Case операторлары қолданылады.
Тармақталу процестерін төменде берілген құрылымдарды қолданып ұйымдастыруға болады.
1. Тек қана if операторын қолдану арқылы:
if шарт Then оператор
Егер шарт орындалса, онда басқару Then операторына жазылған операторға барады, әйтпесе –келесі қатарға өтеді
2. if шарт Then 1 – оператор Else 2 – оператор
Егер шарт орындалса, басқару 1 – операторға барады, әйтпесе 2 – операторға барады.
3.if шарт
1 блок
Else
2 блок
End If
Егер шарт орындалса, онда басқару Then операторындағы операторлар блогына барады, әйтпесе Else операторындағы операторлар блогына барады.
Шартсыз көшу ( Goto ) операторын қолдану арқылы:
1. If шарт Then Goto n
Егер шарт орындалса, онда басқару n-ші қатарға өтеді, әйтпесе келесі қатарға беріледі.
2. If шарт Then Goto n1 Else n2
Егер шарт орындалса, онда басқару n1 –ші қатарға, орындалмаса n2 қатарға
беріледі.
Компьютермен жұмыс.
Тапсырма.Visual Basic программалау ортасында квадрат теңдеуді шешу қосымшасын жасау.
– Visual Basic ортасын ашып, жаңадан проект құрыңыз.
- Формаға келесі элементтерді орналастырыңыз және қасиеттерін өзгертіңіз:
| Объект | Қасиеті | Мәні |
| Form1 | Caption | Квадрат теңдеуді шешу |
| TextBox1 | Text | – |
| TextBox2 | Text | – |
| TextBox3 | Text | – |
| Label1 | Caption | A= |
| Label2 | Caption | B= |
| Label3 | Caption | C= |
| Label4 | AutoSize
WordWrap visible |
True
True False |
| Command1 | Caption | OK |
Command1_Click процедурасына өтіп, квадрат теңдеуді шешу
процедурасын толтырыңыз:
Private Sub Command1_Click()
a = Val(Text1.Text)
b = Val(Text2.Text)
c = Val(Text3.Text)
D = b ^ 2 – 4 * a * c
If D < 0 Then Label4.Caption = “ffff”
If D = 0 Then
X = b / (2 * a)
Label4.Caption = “X=” + Str(X)
End If
If D > 0 Then
X1 = (-b – Sqr(D)) / (2 * a)
X2 = (-b + Sqr(D)) / (2 * a)
Label4.Caption = “x1” + Str(X1) + Chr(13) + “x2” + Str(X2)
End If
End Sub
Сабақты бекіту сұрақтары:
- Visual Basic басқару операторлары
- Тармақталу операторларының жазылу түрлері
- Шартсыз көш операторы
Үйге тапсырма: Шартты өту операторы
