ЖИТС- ғасыр обасы
Актау қаласы 2012ж
№9 орта мектеп
Матиматика пән мұғалімі
9 а сынып жетекшісі : Базарбаева А.Т.
Тәрбие сағатының тақырыбы: « ЖИТС- ғасыр обасы»
Мақсаты: Оқушыларға ЖИТС-ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру. ЖИТС-ның адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір суруге азаматты жауапкершілітерін орнықтыру.
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, плакаттар, суреттер, нұсқаулық-кітапшалар, нақыл сөздер.
Жүргізушілер: Акимова Аигерім және Оразбаева Асел
Айгерім: Қош келдіңіздер, бүгінгі тәрбие сағатына жиналған қауым! Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен болатын. Сол бағдарламаны негізге ала отырып өткізгелі отырған 9А сыныбындағы «ЖИТС – ғасыр обасы» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
