Наурызым – әз наз гүлім
Қарағанды облысы,
Қарқаралы ауданы, Нұркен ауылы,
№10 орта мектептің МДТ тәрбиешісі:
Мұсаханова Алтынгүл Қайырбекқызы
Тақырыбы: «Наурызым – әз наз гүлім!»
Мақсаты: Жыл басы- Наурыз еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ынтымақ пен ырыстың мерекесі екендігін балаларға түсіндіру. Халқымыздың салт-дәстүрін дәріптеу арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке, адмагершілікке тәрбиелеу.
Әдісі: Ертеңгілік
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Кіріспе сөз
Құрметті ата-аналар, бүгінгі мерекеге шақырылған қонақтар!
Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наузыз тойын тойлатып Жаңа жыл келді жерімізге.
Наурыз мейрамы- Күн мен Түннің теңелетін күні 22 –Наурызда атап өтетін Ұлы мереке. Наурыз күнін халқымыз жаңа жылдың басы- «Ұлыстың ұлы күні » деп есептеп, зор қуанышпен қарсы алған. Ұлттық салт- дәстүріміз, ойын-сауығымыздың бәрі тегіс қамтылатын мереке.
Тойларыңыз құтты болсын!Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке тек жақсылық әкелсін!
