Төрлет, құтты Жаңа жыл
Қызылорда облысы,
Арал ауданы,
Жіңішкеқұм ауылы
№230 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Ахметалиева Күлайхан Сәлімқызы
Тақырыбы: Төрлет, құтты Жаңа жыл!
Барысы: 1. Армысыздар, ағайын.
2.Жаңа жыл құт-береке әкелсін!
1-жүргізуші: Достар, жаңа жылға санаулы уақыт қалыпты. Сенбесеңіздер уақытқа көз
салыңдаар. (уақыт – Эльмира)
2-жүргізуші: Азғана уақыт қалса кешімізді бастайық.
Ал, балалар, балалар
Күні ертеңгі даналар
Жаңа жылға арналған
Кешімізді бастайық.
1-жүргізуші: Ал, кәнеки балалар.
Ән мен жырға басайық,
Той –думанды жалғайық
Шыршамызды айналып,
Би билейік бұралып.
2-жүргізуші: Жаңа жыл – жаңа әннің тербелуі,
Жаңа жыл – ақ арманның өрленуі.
Жаңа жыл – партадағы лүпілдеген,
Кішкентай шәкірттердің ержетуі.
1-жүргізуші: Жаңа жыл – туған елдің даналығы.
Жаңа жыл – дала ырысы, дала гүлі,
Жаңа жыл – тұнық көзі тыныштықтың,
Жаңа жыл –ұлы ақынның жыр кемесі.
Екеуі бірге: Басталады, басталады Жаңа жылдық мереке
Ән. «Аққала» Орындайтын: Асылан ( ортаға 2-сынып келеді)
Асылай: хор. «Жаңа жыл» (бәрі бірге айтады)
Жүрсін: – Балалар, бүгін біз Жаңа дылды қарсы алуға жиналдық.
– Кімнің тақпағы бар? (ортаға бір топ балалар шығып тақпақ айтады)
Асылай: – Балалар, ескі жылды шығарып салып, жаңа жылды қарсы алайық
Жылан (Құралай): Сау болыңдар, балалар
Келешегі халқымның
Ашық болсын аспаның
Аман болсын жас кәрің!
Нұрзат: – Жаңа жылда біздерге қонақтар келуі керек еді? Әне, лоарда көрінді.
клоун, аю, түлкі, ханзада (билейді)
Жүрсін: Аяз ата келгенше, ән салайық
Ән: хор Жаңа жыл
Жүрсін: Жаңа жылдық мерекеге кім жетіспейді?
Бәрі: Аяз ата, Ақшақар
(Аяз ата, Ақшақар келеді)
Нұрлыбек: Аяз ата, сізге балалардың айтар тақпағы бар.
(Ілияс, Арман, Таңшолпан,Асылай, Ұлжан, Гүлбану тақпақ айтады)
Нұрзат: – Балалар, аяз ата мен Ақшақарға арналған өнерлерің болса аямаңдар.
Нұрбек: Мың бұралған ақ қайыңдай
Қыздар шықсын ортаға,
Ал, ендеше қол соғайық
Үнді биі ортада
Үнді биі: Ақтоты. Айгерім
Ән. Биші болам өскенде
Ән: Апатайым Орындайтын: Арман
Нұрзат: Ән: Әке-ана
Орындайтын: Құралай
Өздеріңізге арналар
Жансаяның биі бар
Нұрзат: Аяз ата, өзіңізден сыйлық алам деп қояндар да келіп тұр. Кезекті соларға берейік
Ән: Қоян
Аяз ата: -Ой, бәрекелді, жарайсыңдар!
Нұрзат: – Аяз ата, жаңа жылдық шыршаның қызықты өтуіне мен де атсалыссам деймін.
Аяз ата: – көрсет өнеріңді. музыка
Би: Одессей
Ән: Қазақ жастары (Рауан)
(Аяз ата. Ақшақарды шығарып салу)
1-жүргізуші: Армысың, аманбысың Жаңа жылым.
Жаңа жылым! О, менің жаңа жырым
Жылқы жылы келгенде, сыйғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
Ән: Аяз ата
Құрметті көрермен қауым. Бүгінгі «Төрлет, құтты Жаңа жыл!» атты мерекелік кешіміз ақталды. Отбастарыңызда амандық,береке, бірлік болсын! Әрқашан жүздеріңізден нұр кетпесін. Балаларыңыздың қуанышы көп блосын! Жаңа жыл мерекелі, берекелі жыл болсын!
