М. Мақатаев Отан туралы

Қызылорда облысы,

Арал ауданы,
Жіңішкеқұм ауылы
№230 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Ахметалиева Күлайхан Сәлімқызы

Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Отан туралы»

Мақсаты: 1. Мақатаев өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, отан туралы өлеңін түсіндіру, білімдерін тереңдету.

2. Топпен жұмыс істеу арқылы ой-өрістерін, тіл байлықтарын дамыта отырып өздіктерінен қорытынды жасауға машықтандыру, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.

3. Елін, жерін құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол, өз Отанын қорғайтын, сүйетін азаматты тәрбиелеу.

Сабақтың әдістері: топпен жұмыс, сұрақ-жауап, кесте толтыру, бес жолды өлең

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, кесте қағаздар, М.Мақатаев суреті, өлең жазылған плакат

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Өлең жолын айту арқылы қозғалыс жасау

Күлеміз ойнаймыз,

Демаламыз алаңсыз

Ризамыз саған біз

Ұлы Отан Анамыз

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1. Тест әдісі бойынша жұмыс жасау. (қазір тест беремін, соны белгілеп беріңіздер)

2. Үй тапсырмасы. Отан (жатқа сұрау)

ІІІ. Жаңа сабақ

1. Қызығушылығын ояту. Сыныпты топқа бөлу. Математикалық сөзжұмбақты шешу

9+2=11 9+3=12 11-2 =9 12-2 =10

11 О 12 Т 9 А 10 Н

2. Осы Отан сөзінің мағынасын ашу (әр топ жазып тақтаға жапсыру)

3. Мағынаны тану

1. Мұқағали Мақатаев өмірі мен шығармашылығын таныстыру

2. Өлеңді оқу

3. Топтар талдайды

4. Әр топтан 1 оқушы оқиды

5. Ж. Смақов пен М. Мақатаев өлеңдерін салыстыру

4. Ой толғаныс

1. Өлеңдегі ұқсастықтар

2. Өлеңдегі ерекшеліктер

3. Мақал-мәтел айту (мағынасын ашу)

5. Сергіту сәті. Поэзия минуты

Отан туралы өлең шумақтарын айту.

6. Сұрақ-жауап жұмысы

– Отанды қалай қорғайсың?

– Сенің кішкентай Отаныңдар кімдер бар?

– Оларды жақсы көресің ба? Неге?

– Мектептегі достарыңды Отан деп айта аласың ба?

ІV. Сабақты бекіту

1. Кесте бойынша өлең құрастыру

туған
сенің
ауылың
досың
астанаң
отан
Ата-анаң
өлкең
бауырың

Отан сенің ата-анаң,

Отан сенің бауырың.

Отан өлкең Астанаң,

Отан туған ауылың

V. Үйге тапсырма

Отан туралы (жаттау). 4 тапсырманы жазып келу

V. Бағалау

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше