Анаға сыйлаймын А. Бақтыгереева

Қызылорда облысы,

Арал ауданы,

Жіңішкеқұм ауылы

№230 орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Ахметалиева Күлайхан Сәлімқызы

Сабақтың тақырыбы: Анама (М. Хакімжанова)
Анаға сыйлаймын (А. Бақтыгереева)
Мақсаты: 1. Оқушыларға өленнің мазмұнын түсіндіру. Ананы құрметтеп сыйлай білуге үйрету.
2. Анаға деген сүйіспеншілікті арттыру. Логикалық ойлауын дамыту, ертегі арқылы дүниетанымын кеңейту.
3. Адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер, ашық хат, үлестірмелі қағаз гүл шоғы.
Сабақтың түрі: концерт сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойқозғау эссе, салыстыру, әңгімелесу.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
І. Ой шақыру
– Көктем туралы не білеміз?
– Я, біз кеше гүлдер туралы әңгіме өткізген болатынбыз.
Олай болса бүгінгі сабақта кім жақсы қатысып отырса, сол менің қолымдағы қызыл гүлді алып, аналарын қуантатын болады.
ІІ. Үй жұмысын тексеру
І. Бәйшешек (жатқа сұрау, талдау)
ІІ. Салыстыру.

ІІІ. Жаңа сабақ
1. – Міне көктемнің алғашқы айында аналар мерекесі келеді. Ана баласының ғана қамқоршысы емес, ол адамзат атаулының амандығын тілеп, сол үшін күреске шығады. Сондықтан дүниежүзінің ойшылдары 8 наурызды – Халықаралық әйелдер күні деп белгіледі.
2. Ой қозғау.
– Ана кім?
– Ана қандай?
– Онда мендер мерекеге не сыйлар едіңдер? (қағазға суретін салып беру немесе жазу)
3. Жаңа сабақты түсіндіру. Кітап орталығы.
1. Оқулықпен жүмыс
А) өлеңді мәнерлеп оқу
Ә) мазмұнын түсіндіру
Б) сөздік жұмысы
(өңірді – айналаны,текке-босқа, бекерге. өрілді-өсті)
4. Поэзия орталығы
– Ана жайлы жыр жазбаған, толғанбаған ақын да, жазушы да, жоқ шығар.
– Ендеше ана туралы өлең оқиық. (балалардан сұрау)
Ән: «Құттықтаймын ана туған күніңмен».
– Ана деп жыр жырласақ та, ана деп ән айтсақ та, аналардың анасы әжелеріміздің де құрметтейтін ән: «Әже»
Бізде жазушылар сияқты анамыз туралы толғанып көрейік. «Менің анам» эссе жазу.
5. Жазу орталығы.
1. Дәптермен жұмыс
а) 92-жаттығу. Ауызша талдау, сұрақ қою
ә) ережемен жұмыс
93-жаттығу. Шығармашылық жұмыс
Туыстық Кәсіп
Ата, әже, апа, қарындас шопан, тракторшы

І V . Сабақты бекіту
1. Мақал-мәтел жұмысы
2. Бүгінгі сабағымыз ана туралы болғандықтан, ананың құдіретін ертегі арқылы, сахна тілінде сөйлетейік.
«Қасиетті сөз» ертегісі. Арыстан, қасқыр, мысық, бота, қозы
-Ең қасиетті сөз – ана екен. Бұл сөзді әрбір айуан әр түрлі әуенмен, адам түрлі тілде айтқанмен, сөздің мәні бір. Айуан да, адам да жаны қиналғанда «Ана» дейді.
Ана – әрқашанда ана.
Әр уақытта пана, пейілі кең-дала
Міне, сондықтан ананы құрметтеңдер, айтқан сөзін тыңдаңдар, оны әрқашан қуанта біліңдер. Аналарыңа өздерің жасаған ашық хатты апарып сыйлаңдар. Ол үшін ішіне құттықтау сөз жазыңдар.

V. Бағалау. Үйге тапсырма
Сабаққа жақсы араласып отырған оқушыларға гүлді табыс ету.
«Анаға сыйлаймын» мәнерлеп оқу.
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше