Өмір қымбат тренинг
Батқашова Салтанат Әділжанқызы-
Атырау қаласы, Махамбет ауданы,
Алға орта мектебінің психологы
«Өмір қымбат»тренинг
Адам баласы үшін өмірде қымбат нәрселер көп, мысалы: өмірге әкелген ата-анасы, туған-туыстары, бірге туған бауырлары, өмірлік жары, бауыр еті балалары, қимас сырлас достары, кіндік қаны тамған туған жері, тіпті денсаулығы да қымбат. Қара топырақтан нәр алып, күннің нұрынан жылулық алған әрбір тіршілік иесіне өмір қымбат. Осы қымбат дүниелерді бір арнаға тоғыстырып мен тренингімнің тақырыбын «Өмір қымбат» деп алдым.
Мақсаты: «Адам – өмір,
Өмір – адам».
Өмір жолында кездескен қиыншылық – уақыттың сатысы ,әуелі қорқыныш, күйзеліс, қиналыс содан соң күрес одан кейін ояну, көңілдену өмір сүруге үміттің болуы толық жеңіске әкеледі. Өмірге деген құштарлығымызды оятады. Құштарлық бар жерде өмір сүру бар, талпыныс бар.
