Үй жануарлары.Дыбыстық талдау.
Тақырыбы:Үй жануарлары.Дыбыстық талдау.
Мақсаты: 1.Үй жануарларымен танысу.
2.Сауатты жаза білуге,буындап дұрыс оқи білуге,өз ой-пікірін еркін
жеткізе алуға машықтандыру.
3.Үй жануарлары күте білуге тәрбиелеу.
Сабақ типі:түсіндіру,әңгімелеу.
Әдісі: сөздік,сұрақ-жауап.
Көрнекілігі:үй жануарлары суреттері.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау.Үй құстары,олардың тіршілігі жайлы
әңгімелету.Өтілген әріптерді пысықтау.Сөздер тізбегін мәнерлеп оқу.
