Бейнелеу өнері сабағында бояу түсін қабылдауды дамыту ерекшеліктері
Сулейменов Е.О. Т.Рысқұлов
атындағы орта мектептің бейнелеу
өнері пәні мұғалімі
Бейнелеу өнері сабағында бояу түсін қабылдауды дамыту ерекшеліктері
Қазіргі уақытта заман талабына сай туындайтын басты мәселелердің бірі – жас ұрпақты қоғам мүддесіне лайықты жан-жақты дамыған, парасатты азамат ретінде қалыптастыру, өзін қоршаған ортадағы, адам өміріндегі, әдебиет пен
өнердегі, тұрмыстағы, салт-дәстүрдегісұлулықты, әсем көріністерді сезіне біліп, жақсы мен жамандықты ажырата білуге тәрбиелеу. Сондықтан да жас ұрпақты оқытып, тәрбие берудің сапалық деңгейін көтеріп, сұлулық пен көркемдікті
қабылдау қабілетін, эстетикалық талғамын дамыту, ізгілікке баулу, өз ісіне деген шығармашылық құштарлықтарын, қызығушылығын арттыру – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.
