Сан есімнен өткенді қайталау
Каршигина Гульмира Амангельдиевна
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
Елек негізгі мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Мерзімі:
Класс:6
Сабақтың тақырыбы: Сан есімнен өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Сан есімнен алған білімдерін тиянақтау, теориялық білімдерін практикалық тәжірибемен ұштастыру.
Тәрбиелік: Талдауға алынған мысалдар, мәтіндер арқылы ұлттық дәстүрді қадірлеуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: Есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру, ізденімпаздыққа, тапқырлыққа баулу, өз ойын дәлелді жеткізуін дамыту.
Сабақтың түрі: қайталау сабақ
Қолданылатын әдіс- тәсілдер: «Сәйкестендіру» стратегиялары, топтық жұмыс, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Перфокарталар, суреттер, бейнетаспа
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих, музыка.
