Көп тіл білу – өнер
Бапиева Ақбота
Сейтқазықызы
Ақтөбе қаласы
№51 гимназия
Көп тіл білу – өнер.
Қазақстан республикасы әлемдік бірлестікке кірген заманда білімнің рөлі мен маңызы артты. Мәдениеті жоғары ХХІ-ғасыр адамын қалыптастыру міндеті білім беру ісін ірілендіру қажеті мектеп пен қоғам алдында жаңа маңызды мәселелер қойып отыр.
Тәуелсіздікке қол жеткен жылдардан бері әлемдегі көптеген елдермен саяси-әлеуметтік, экономикалық және мәдени байланыс жасауға кеңінен бет бұрдық. Бұл қарым-қатынастың нәтижелі болуы, ел мен елдің, халық пен халықтың өзара ынтымақтасқан бірлігін өркендетуге тіл білудің мәні күн сайын арта түсуде.
