Шағын жинақталған мектеп проблемалары және оқу- тәрбие үрдісін жетілдіру жолдары
Ақтөбе қаласындағы №1 орта
мектебінің жоғары санатты
тарих пәнінің мұғалімі
Аяпова Жұмагүл Исағалиқызы
Шағын жинақталған мектеп проблемалары және оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру жолдары.
Еліміздің жер көлемі кең. Халқы сирек орналасқан. Қазір ауылда бала саны, мұғалім, сынып саны аз шағын жинақталған мектептер (ШЖМ) көбеюде.. «Аз көмплектілі мектеп» ұғымына ҚР «Білім туралы» Заңында (1 бап 23
тармақ): «Шағын контингенті қосарланған сынып комплектісі және оқу сабақтарын ұйымдастыруға өзіндік ерекше үлгісі бар жалпы білім беретін мектеп» – ретінде қараған. Олай болса, аз комплектілі мектептің жұмысында да ерекшелік
мол, проблемасы көп, бірақ бұл мектептерді жауып тастауға болмайды. Бір мезгілде әртүрлі жастағы оқушылардың бір бөлмеде отырып білім алуы мұғалімге, оқушыға да оңай емес. Кәсіби шебер ұстаз ғана бұл қиындықты жеңеді. Қазір мұндай
