ҚҰЗЫРЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУ ТӘСІЛ ДЕРІ
Сәрсенова Айым Аманбекқызы
М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі
ҚҰЗЫРЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУ ТӘСІЛДЕРІ
Еліміздің болашағы мұғалімнің білімі мен біліктілігіне,рухани әлеуетіне,құқықтық
және саяси мәдениетіне байланысты. Білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру, мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыру, жаңа буын оқулықтарын оқыту үрдісіне енгізу тәрізді келелі мәселелер ұстаздарға шеберлік пен іскерлікті,кәсіби дайындығының сапасын өсіру және дамыту міндеттерін қойып отыр.
« ҚазақстанРеспубликасының жаңа формация педагогінің үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасында» жаңа қоғам мұғалімін:
-рухани адамгершілігі жоғары
-азаматтық жауапкершілігі мол
-белсенді,жасампаз
-рефлексияға қаблеті басым
-экологиялық білімді
-шығармашыл тұлға
-өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі көрсетуге ұмтылысы,тұлғалық коммуникативтік,
– ақпараттық және біліктіліктің басқа түрлерін меңгерген құзырлығы жоғары маман- деп сипаттайды.Құзырлылық жаңа ақпаратты меңгеріп,үнемі білімді толықтыруды ұсынады.
