Оқыту үшін бағалауда оқушының өзін-өзі бағалау т үрлерін пайдалану
ОҚО, Кентау қаласы
Б.Момышұлы атындағы
№ 12 жалпы орта мектебінің
информатика пәнінің мұғалімі
Маймақова Айгүл
Коучинг сабағының жоспары №2
Тақырыбы:
“Оқыту үшін бағалауда оқушының өзін-өзі бағалау түрлерін пайдалану”
Мақсаты: Коучингке қатысушыларға жаңа әдіс-тәсілдер жайлы жан-жақты көзқарас қалыптастыру. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалаудың тиімді жолдарын пайдалануға көмектесу. Әріптестің өткен сабағына талдау жасап, іс-тәжірибе алмасу.
Міндеттер:
* Дәстүрлі және жаңа әдіс-тәсілдердің айырмашылығын егжей-тегжейлі түсіну, жиынтық және қалыптастырушы бағалаудың айырмашылығына негіздеме жасау;
* Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауға жаңа тәсілдерді енгізу кезінде кездескен мәселелер мен кедергілерді айқындау және нақтылау;
* Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау әдісінің мағынасын нақты анықтау.
