Менің бақытым сенсің – Ана

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ақай ауылы

99 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі

Тулегенова Айман Нагашыбаевна

Сыныбы: 6в

Тақырыбы: «Менің бақытым сенсің – Ана!»

Мақсаты:

Оқушылардың ата-ана алдындағы парыз бен қарыздары туралы түсінік беру; мейірімділікке, сый-құрметке тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.

Көрнекіллігі: интекрактивті тақта, слайдтар, қанатты сөздер

Барысы:

  1. Ұйымдастыру
  2. Негізгі бөлім
  3. Ән «Асыл Әжем»
  4. Оқушылардың тақырыпқа байланысты шағырмашылық жұмыстары
  5. Бейнебаян «Ана жүрегі»
  6. Көрініс «Үш ана»
  7. Би «Қазақ биі»
  8. Ойын «Өз анаңды тап» (ойын соңы, ата-аналары балалары туралы сұрақ қойылады)
  9. Бейнеролик (Баланың сабаққа дайындалуда ананың үлесі)
  10. Хор «Ана туралы жыр»

Жүргізуші:

Құрметті оқушылар, ата – аналар, ұстаздар! Бүгінгі сыныбымызда өткелі отырған ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы Аналарымызға, аяулы қыздарымызға, қадірлі ұстаздарымызға арналады. Әйел – ана, әйел – Өмір, әйел – Тіршілік өзегі. Өмір бесігінде інгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жеміс-алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаңда парызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып таусуы мүмкін емес.

Ана дәуір

Ана абырой

Жүрегі күн

Ана мерейі

Жаны нұр

Ана өмір

Жүзі аппақ

Ана атақ

Ана мақтаныш

Жүргізуші:

Аналарды сүйеміз, сөзін ойға түйеміз,

Әжені де ардақтап, әдеппен бас иеміз. (барлығы бас иеді)

Деп аналарымыз бен әжелеріміз, қырмызы қыздарымыздың құрметіне Елубаев Асылжанның орындауындағы «Асыл әжем» атты әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

Адам үшін ең аяулы, ең қастерлі жан – Ана! Ол бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақанын. Жылы жүзі, ыстық құшағы мен мейірімін, махаббатын арнайды. Ана махаббаты адамға қанат бітіреді, күш береді, рухтандырады, дей келе оқушыларымыздың бүгінгі тақырыпқа байланысты өз шығармашылық, өз өлеңдерімен танысайық.

(оқушылардың аналарымен түскен суреттері көрсетіледі)

Жүргізуші:

Ана! Осы үш әріптен құралған бір сөздің астарында қаншама ұғым жатыр десеңізші. Ең алдымен ана – бізге жарық дүниенің нұрын сыйлаушы асыл жан.

Іс-шарамыздың келесі бөлімінде мына бейнебаянға назар аударсақ (Б.Мустапаевтың орындауында «Ана жүрегі» атты әннің бейнебаяны көрсетіледі)

Жүргізуші:

Бұл көрініске қарап елжіремейтін адам, езілмейтін жүрек жоқ шығар. Осындай қатігездік қайдан шығады деп ойлайсыңдар? Ұлы жазушы Лев Толстой «Әлемде болып жатқан қатыгездік, мейірімсіздік қайдан басталды деген сұраққа жауап іздеумен болдым, көп іздендім, көп жүрдім, көп оқыдым, ақырында осының түп тамыры – имансыздықта деген тұжырымға келдім» деген. Қандай көрегендікпен айтылған сөз.

Имандылық – ол адамгершілік қасиет. Адамда иман болу керек. Иманды адам адамгершілігі мол адам деп есептелінеді. Енді сөзімізді көрсетілген қойылым жөнінде өрбітсек.

  1. Оқушылар, сендер осы көрініске не айтасыңдар?
  2. Сендерге қалай әсер етті?
  3. Ата – аналар сіздер не айтасыздар?
  4. Бұл баланың бойынан қандай қасиет байқалады?
  5. Баланы осындай жағдайға жеткізбейтін тәсілдері қандай?

Жүргізуші:

Осы жерде мен ата-аналарға мынадай кеңес айтқым келіп тұр. Егер балам қатыгез, қайырымсыз, өзімшіл болып өспесін десеңіз, бала тәрбиесінде мына қателіктерге жол бермеңіздер.

1 қателік: Балаңызды орынсыз еркелету

2 қателік: «Не істесең оны істе, маған бәрі бір» деп айту

3 қателік: Аса қаталдық, яғни «Мен не айтсам, соны орындауың керек, өйткені мен сенің ата-анаңмын» деп айту

4 қателік: «Егер сен мен қалағандай болмасаң, мен сені жақсы көрмеймін» деп айту

5 қателік: «Саған көңіл бөлуге уақытым жоқ» деп айту

6 қателік: Балаңызды баршылыққа баулымау

7 қателік: Балаңыздың ісіне, көңіл-күйіңізге қарап баға беру, яғни көңіл күйіңіз нашар болса, оның қуанышына ортақтаспау, әңгімесіне құлақ аспау, т.б.

Жүргізуші:

Міне, құрметті ата-аналар, бала тәрбиесінде осы қателіктерге жол бермесеңіз ғана балаңыздың саналы азамат болып өсуі сізді бақытқа кенелтері сөзсіз.

Жүргізуші:

Көрініс «Үш ана»

Жүргізуші:

Ойыннан келген Айзат

Қуыршағын іздейді

Столдың астынан тапты да

Хәл сұрауды көздеді

Айзат:

Қызым, менің қалайсың?

Томсырайып қарайсың

Қарның ашып отырмай

Тамақ ішсең жарайсың

Егер тамақ ішпесең

Қу сүйек боп қаласың

Отыр қане қасыма

Тамақтанып аласың

(қуыршағын алдына алып отырады)

Жүргізуші:

Айзаттың осы сәт

Анасы үйге кіреді

Тағат таппай қызының

Қалін сұрап біледі

Анасы:

Күнде саған ұмытпай

Тамағыңды іш деймін

Тіл алмайсың қырсығып

Осы сені не істеймін? (отырады)

Жүргізуші:

Анасының артынан

Аптығып әже кіреді

Ол-дағы өз қызының

Қалін сұрап біледі

Әжесі:

Айналйын, алтыным

Шаршадың ба, жарқыным

Ішпедің ау тамақ та

Жайын ойлап жалпының

Қарашығым, қарағым

Түсіңкі ғой қабағың

Сөткемен тұрып жұмыста

Болмай қалды ау тамағың (отырады)

Жүргізуші:

Аналардың елжіреп

Ет бауыры барады

Әрқайсысы сұстанып

Өз қызына қарады

Бәрі – үш ана:

Қандай қиын қараңдаршы

Қырсық мінез бала болу

Бәрінен де оңай емес

Білесіздер ана болу.

Жүргізуші:

Мың бұралып билеген

Аруды кім сүймеген

Күміс көмей аруцларға

Кімдер басын имеген – дей отырып келесі кезект – Қазақ биін тамашалайық.

Жүргізуші:

Ойын: «Өз анаңды тап»

Ортаға 5 бала шығады. Олардың көзі байланады. Өз аналарын алақанымен сипап тауып алу.

Осы сәтті пайдаланып, Аналарымызға мынадай сұрақтар қойылады

  1. Балаңыздың сүйікті асы?
  2. Балаңыздың сүйікті түсі?
  3. Балаңыз болашақта кім болғысы келеді?
  4. Балаңыз ол неге қызығады?
  5. Балаңыз үйде сабаққа кіммен дайындалады?

Жүргізуші:

Ал ендеше балаларымыздың үйінде сабаққа дайындалуда анасының қандай үлесі бар екенін бейнебаян арқылы көрейік.

(Бақытжан мен Бауыржанның бейнебаяны)

(Қайсардың бейнебаяны)

Жүргізуші:

Бала, бала деген

Баласын әлдилеген

Ақ сүтіне тойғызып

Өсірген, мәпелеген

Ортада күй Әбдірахман Дана

Ал ендеше балалар барлығымыз Ән айтамыз хор. Ана туралы жыр!

Жүргізуші:

Балаға деген ата – ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Балаға деген махаббатқа ешбір махаббат теңдесе алмайды, ол өле-өлгенше суынбайтын махаббат. Ғабиден Мұстафин айтқандай, бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Сау саламатта болыңыздар!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше