Уақыт және оны өлшеу

Заурбекова Жансая Аскаровна

Жамбыл облысы,Байзақ ауданы,
Түймекент орта мектебінің

ІІ санатты бастауыш сынып мұғалімі

Математика

Сабақтың тақырыбы: Уақыт және оны өлшеу.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік:Уақыт бірліктерімен (тәулік, апта, ай, жыл, мүшел, ғасыр) және

олардың арақатынасымен таныстыру, екі таңбалы сандарды оқу, жазу мен салыстыруға машықтандыру, сағатпен, минутпен өрнектеуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушыларды логикалық ойлауға, көркем дазуға, есептеуге баулу, танымдық шығармашылықтарын арттыру.

Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылықтарын ояту, табиғатты қорғауға, жолдастыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: Дамыта оқыту технологиясы.

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауп, есеп шығару, түсіндіру, ізденушілік, сөйлесу, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: Кітап, плакаттар, сағат, топтамалар, сандар, себеттегі жапырақтар, күннің шуағы, сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушыларды түгелдеу.

б) сабаққа назарларын аудару.

в) Психологиялық дайындық.

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ,

Қосып едім екеуін,

Болып шықты он саусақ.

  1. Үй тапсырмасын сұрау.
  • Балалар үйге қайсы есеп берілді?
  • №4, 40 беттегі. Дәптерлерін тексеріп шығу.
  1. Жаңа сабақ.

а) Жұмбақ жасыру.

Он екіге жетіп,

Жүргені кері кетіп. (сағат)

б) Сағат бойынша жұмыс жасау. Сағат тілдерін анықтау. Уақытты

анықтау.

в) Плакатпен жұмыс.

г) Сағат тілдерін орналастыру.

  1. Бекіту.

а) «Жапырақ теру» ойыны.

Әр жапыраққа есептер жазылады. Жапырақтарды теріп, себетке салу.

3 онд.8 бірл. = 3 онд. + 7 онд. =

8 онд.3 бірл. = 3 бірл. + 8 бірл.=

3 онд. = 8 онд. – 3 онд.=

8 онд. = 8 бірл. – 3 бірл.=

3 бірл. = 1 онд. – 7 бірл.=

8 бірл. = 1 онд. – 3 бірл.=

б) Дойбы – 20 мин.

Шахмат – ? мин. 5 мин артық ойнады

Шешуі: 20 + 5 = 25 мин.

Жауабы: шахматты 25 минут ойнады.

  1. Қорыту.

«Күн шуағын» құрастыру.

Апта минут

жыл

ғасыр

ай

тәулік

сағат мүшел

Сөзжұмбақ «Уақыт»

1.Балықшының ауы.

2.6 ондық.

3.Ешкінің төлі.

4.Ер қанаты.

5.9 ондық.

  1. Үйге тапсырма беру.

№6, 43 бет.

  1. Бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше