Етістік

Заурбекова Жансая Аскаровна

Жамбыл облысы,Байзақ ауданы
Түймекент орта мектебінің

ІІ санатты бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Етістік

Сабақтың мақсаты: 1. Етістік туралы білімдерін толықтырып, кеңейту және

оның түрі, құрамы, құрлысы жайында түсініктерін кеңейту

2. Оқушылардың етістік түрлерін меңгеру дағдыларын

дамыту,есте сақтау қабілеттерін шыңдау

3. Сауатты, көркем жазуға төселдіріп, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ, топтық сабақ

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру

Сабақтың әдістері: Проблемалық сұрақтар қою, ой қозғау,

түсіндіру, ойын, топпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар суреттер,

сызба, ас картасы,тест

Сабақтың байланысы: Ана тілі

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгелдеп, назарын сабаққа аудару.

Балалар бүгін біз сабағымызды топқа бөлініп, жарыс сабақ ретінде өтеміз.

ІІІ топқа білінеміз. І топтың аты Ұлпа қар

ІІ топтың аты Үлпілдек қар

ІІІ топтың аты Қиыршық қар

Сендердің білімдеріңді қазір қыс мезгілі болғандықтан қармен бағалап отырамыз.

Ал қай қатар көп жинаса, сол қатар жеңімпаз. Ал бір-бірімізге сәттілік тілейік.

Психологиялық дайындық.

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік болып кетер,

Сонда менің жан-жағым

II Үй тапсырмасын тексеру.

Ой ашар.

Үйге қандай тапсырма берілді?

114- жаттығу

Сызбаға қарап, дәрігер сөзіне жалғанған жалғау түрлерін ажырат. Жіктік жалғаулары мен септік жалғауларын салыстырып, олардың бір-бірінен өзгешелігін дәлелде.

мін

сің

Дәрігер ге

ден

(Жалғау түрлерін ажырату: Дәрігер сөзіне жалғанған жалғаулар жіктік жалғауы мен септік жалғауы. Жіктік жалғауы І жақта жекеше түрінде дәрігермін – мін жалғауы жалғанып тұр,

ІІ жақта жекеше түрінде дәрігерсің –сің жалғауы жалғанып тұр, ал септік жалғауы дәрігер сөзіне барыс септігінің -ге, шығыс септігінің –ден жалғауы жалғанып тұр.

Дәлелдеу: –Жіктік жалғауы- қимыл иесінің кім екендігін білдіру үшін қолданылатын қосымша, ол сөз бен сөзді жақ-жағынан қиыстырып тұрады.

-Сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін жалғанатын жалғауларды септік жалғаулары деп атайды.)

ІІІ Өткен сабақты қорытындылау.

Ой шақыру.

-Балалар біз өткен сабақтарда сендермен зат есімнің жіктелуін мен зат есімнің септелуі өттік, Зат есімнің жіктелуі мен септелуінің ережесін кім айтады?

-Зат есімнің жіктелуі дегеніміз не?

-Зат есімнің септелуі дегеніміз не?

IҮ Жаңа сабаққа даярлық.

Ой қозғау.

Проблемалық жағдай арқылы жаңа тақырыпты ашу. Ребус шешу

Ү. Жаңа сабақ.

1-жаттығу

Шешуіндегі сөз туралы білетініңді еске түсір.

Етістік

-Етістік дегеніміз не?

-Етістік құрамына қарай нешеге бөлінеді және ол қалай аталады?

(Негізгі және туынды етістік)

-Етістік құрылысына қарай нешеге бөлінеді және ол қалай аталады?

(Дара және күрделі етістік)

-Етістік түрлеріне қарай нешеге бөлінеді және ол қалай аталады?

(Болымды және болымсыз етістік)

Ой толғанысы.

2-жаттығу

Мәтінді түсініп оқы. Мәтіннен етістіктерді тап, оларға сұрақ қой.

Әбунасыр әл-Фараби туралы не білесің?

(Зерттеп жүрген, түседі, ақтарып шығады, оқып шықтым, көреді, жазған, алған, оқып қоя салмаған, түсінгенше ерінбей-жалықпай оқи берген, айтылған, жіберіп, ашып отырған,кіріп, қанған,шарлаған.)

Әбунасыр әл-Фараби туралы білгендерін айту.

Әбунасыр әл-Фараби

(870-950жылдар аралығында өмір сүрген) …..

Қызығушылығын ояту.

3-жаттығу

Жұмбақты оқып, жатқа жаз. Шешуін тап.

Ас картасына есте сақтау қабілетін дамыту арқылы жатқа жазады.

Қатесін тексеріп, өздерін бағалайды.

Сергіту сәті. Музыка арқылы билеу

Мағынаны ашу.

4-жаттығу

Терме диктант.

1. Туынды етістіктерді теріп жаз.

2. ІІІ топ қалаған бір туынды етістікке қатыстырып сөйлем құрап,

неліктен туынды етістік екенін дәлелдейді.

Туынды етістіктер: жырла, ақылдас,биле,ойла,ұсақта, тұзда

ҮІ. Жаңа сабақты бекіту.

Сызбаға қарап, етістік туралы білетініңді жинақта.

Тест жұмыстары

1.Болымды етістікті тап.

А) барма, кетпе, жүр

Ә) оқы,керілме,болды

Б) кел,жүз,айт

2.Болымсыз етістіктің жұрнағын тап.

А) да,де, ра, ре

Ә) ма,ме,ба,бе,па,пе
Б) на,не, та,те,па,пе

3.Күрделі етістікті тап.

А) балқыды, ішке кірді
Ә) ұшып кетті, оқып шықты
Б) отыр,келме,сөйледі

4.Туынды етістік дегеніміз не?

А) Түбір сөзге жалғау жалғану арқылы жасалады.
Ә) Түбір сөзге болымсыз етістіктің ма,ме,ба,бе,па,пе жұрнағы жалғану арқылы жасалады.
Б) Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалады.

5. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

А) 9
Ә) 7
Б) 6

6. ІІ жақтағы табыс септігіндегі тұрған тәуелдеулі зат есімді тап.

А) әжемнің, анамның
Ә) әжеңді, анамды
Б) әжеңді,анаңды

ҮI Қорытынды.

Білемін Үйренемін Үйренгім келеді

ҮII Бағалау. Жеңімпаз топты мақтау, мониторинг арқылы бағалау.

ҮIII. Үйге тапсырма. 6- жаттығу (122 бет)

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше