Қорқыт. (аңыз)
Сабақтың Тақырыбы: Қорқыт. (аңыз)
Сабақтың мақсаты:Қорқыт ата жайлы аңызбен таныстыру, түсініп оқуға, түсінгенін әңгімелеуге,
сөйлемді дұрыс құрастырып, сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру
Сабақтың міндеті: Өзіндік пікір айтуға үйрету, сөздік қорын байыту, қиялын дамыту,
дүниетанымын кеңейту.
Сабақтың нәтижесі:Ертегі мен аңызды ажырата білуге, зерек болуға, терең ойлауға баулу.
Түйінді идеялар: Өз Отанына құрметтеуге баулу. Өмірде адал, батыл болу
Сабақтың әдісі-тәсілдері: Топтық,
Сыныбы: 4 «А»сынып
| Уақыты | Сабақтың кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау | Қолданыла-тын ресурстар |
| 2минут
3 минут 5 минут 5 минут 5 минут |
Кіріспе | Білу: Психологиялық дайындық: Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады. Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз. Топқа бөліну: Бір, екі, үш, төрт, бес сандарды айтып жылдам кай сан екендерін тауып жылдам орналысады. Енді осы өздеріңнің топтарыңнын ішінен лидер, баяндамашы, уақыт сақшысы, бақылаушы, хатшы болып тағайындап аласыңдар. Үй тапсырмасын сұрау. Мозайка әдісі: Жігіттің қандай өнері Әл – Фарабиге ұнап қалды деп ойлайсың? Әл – Фараби жігітке қандай ұсыныс айтты? Ондағы мақсаты не? Түсіну: Өткенді қорыту: Әбу Насыр әл – Фараби кім? Ол туралы не білесің? Қандай мақалды таптық? Ол не жайлы? Сенің ойың? Ой тастау: Қарақожаұлы Қорқыт ата (ҮІІІ – ІХ ғасырларда өмір сүрген) – ақын, жырау, қобызшы, өз дәуірінің ойшылы болған адам. Қорқыт туралы аңыздар тек қазақта ғана емес, өзге елдерде: түркімен, әзірбайжан елдерінде де көп айтылады. Талдау Кітаппен жұмыс: 1. Мәтінді түсініп, теріп оқу. 2. Қорқытты қандай сауалдар көп ойландырады? (Ажал жайындағы ой қатты толғандырады, адамдар неге өледі?) Қорқыт түсінде не көрді?(ажал) Ол қандай сөзді байқаусызда айтып қалады? (Өгізшесі байлауын үзіп кеткенде. Өліп қалайын, бірақ іздеп тауып аламын.) |
Балалар хормен айтады.
Балалар жылдам әрекеттер жасап топқа бөлінеді. Балалар сұрақтарға жауап береді. Балалар өз ойларын айтып өтеді |
Формативті бағалау.
Формативті бағалау. Бағалау критерий Сұрақты толық тыңдау. Сұраққа нақты жауап беру. |
Плакаттар, маркерлер,
Түрлі-түсті қағаздар. АКТ қолдану |
| 5 минут
5 минут |
Танысты-рылым | Қолдану:
Топтық жұмыс: Аңызда айтылған бейнелерді суреттеу, постерге. Сергіту сәті: Шөжелермен жаттығу. |
Балалар топпен бірлесіп әрекеттер жасайды. | Бағалау критерий
Бейнелерді елестету. Топпен бірлесіп жұмыс жасау. Суреттің көркемдігі. |
|
| 5 минут | Негізгі бөлім | Топтық жұмыс.
Қорқыттың күйін аң – құс, жел, өзен қалай тыңдайды, соны мына сызба бойынша жаз. Қайтеді? Құстар ұшуын тоқтатады Жел соғуын доғарады Аң -құс Сырдарияның жағасына келеді Өзен оқтын – оқтын ағысын тоқтатады. |
Балалар топпен бірлесіп әрекеттер жасайды.
Балалар жылдам арекеттер жасайды. |
Бағалау критерий
Формативті бағалау. |
|
| 5 минут | Қорытынды | Кезбе тілші
Бүгін қандай тақырып өттік? Бүгінгі сабақтан кім жайлы білдік? Аңыз бойынша Қорқыттың өмірі қалай аяқталады? Үйге тапсырма: оқу, түсінігін айту. Рефлексия: Не білдің? Не үйрендің? Не білгің келеді? |
Бір оқушы барлық топтардан сұрақ қойып не түсінгендерін сұрап шығады.
Нақты жауап береді |
Формативті бағалау.
Жиынтық бағалау. |
