Біріккен сөздердің емлесі
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ақай ауылы
№99 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Журмаханова Асем Тулепбергеновна
Сыныбы: 6 «Ә»
Тақырыбы: Біріккен сөздердің емлесі
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға біріккен сөздердің ережесін қайталау арқылы, «Біріккен сөздердің емлесі» туралы мағлұмат беру. Тақырып мазмұнын меңгерту.
2. Оқушылардың жазу үлгілерін,өз ойларын жетік жеткізуге дағдыландыру.
3. Әдемілікке, таза жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ жауап
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен сәлемдесу;
ә) оқушыларды түгелдеу;
б) оқушылардың сабаққа қатысты құралдарын жинақтау;
II. Үй тапсырмасын сұрау
65-жаттығу
Біріккен сөздердің алдыңғысын не соңғысын тауып жазу.
Халықаралық
Солтүстік
Өнеркәсіп
Арақашықтық
Әркім
III. Үй тапсырмасын қорытындылау
1.Біріккен сөздер дегеніміз не?
2. Біріккен сөздер неше жолмен жасалады?
3. Мысал келтіріңдер
IY.Жаңа сабақ
а) жаңа сабақты хабарлау;
ә) жаңа сабақты түсіндіру;
Біріккен сөздердің емлесі
Біріккен сөздердің емлесін есте сақтаңдар, әсіресе дыбыстық өзгеріске түскен біріккен сөздердің жазылуын білу өте қажет.
| Біріккен сөздердің емлесі | ||
| 1.Түбір тұлғалары сақталып, бірге жазылады. Мысалы Талдықорған, Ақтау, шекара, көкқұтан. | 2. Әрбір тұлғасы дыбыстық өзгеріске түскен қалыпта жазылады. Мысалы Сөйкендіктен (солай еткендіктендеп емес), Қарагөз (Қаракөз), жаздыгүні(жаздың күні), т.б. | 3.Еш, бір, әр, екй, әлде деген сөздер есімдіктермен бірігіп жазылады.Мысалы ешкім, бірталай,әрқашан,әлдекім, кейбіреу,т.б.
Ал жеке тұрып, зат есімдердің анықтауышы ретінде жұмсалғанда, бұл сздер олардан бөлек жазылады.Мысалы еш адам, кей жерде, бір мектепте, әр оқушы, т.б. |
Y.Жаттығу жұмыстары
66- жаттығу
Алдымен зейін қойып қарап алып, оқулық бетін жауып, берілген сөздерді еске түсіріп,жазып шығыңдар. Түбірін анықтаңдар.
68-жаттығу
Берілген мәтіннен біріккен сөздерді көшіріп жазыңдар. Біріккен сөздер туралы өз пікірлеріңді айтыңдар.
Сарыарқаның, Көкшетау, Ұлытау,Қызыларай,Ақсорақ, Қарқаралы, Шыңғыстау, Қособа, Баянауыл, Ерейментау, Бурабай, Торайғыр, Жасыбай.
YI.Сабақты бекіту
1. Біріккен сөздер дегеніміз не?
2. Олардың жасалу жолдары қандай?
3. Мысал келтіріңдер
YII.Үйге тапсырма
69- жаттығу
Біріккен сөздердің қажетті сыңарларын тауып жазыңдар
Еш…., халық…., аралық….,ішілік…., жаратылыс…,…тану,кино….,сақал….,….бір, әр…
YIII. Қорытынды
Оқушыларды бағалау.
