Отан үшін от кешкендер
Тақырыбы: «Отан үшін от кешкендер!»
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып,
патриоттық тәрбие беру. 2.Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, ауылдас ардагер ағаларымыздың ерлік істерімен
таныстырып, ой-өрісін дамыту. 3. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Барысы:
Мұғалім: Балалар, бүгінгі « 9 мамыр – Жеңіс күні » атты сынып сағатымыз бізге балалықшақ, бейбіт өмір әперген Ұлы
Жеңіске арналады. Жыл сайын 9 мамыр күні адамдар ескерткіштер мен обелисклерге барады. Олар жауынгерлердің
тас мүсініне айналған бейнелеріне гүл шоғын койып, батырлар есімін еске алады.
