Абылай хан
Батыс Қазақстан облысы
Казталов ауданы
Казталовка ауылы
Алма Оразбаева атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі:
Тулегенова Бибигуль Алтынбековна
Сабақтың тақырыбы: «Абылай хан»
Сабақтың мақсаты:
- Оқушыларды Абылайдың өмірі және қызметімен таныстыра отырып, аса ірі мемлекет қайраткері, дипломат, қолбасшы болғандығын көрсету. Абылайды осындай дәрежеге көтерген деректерді ашу;
- Тақырыпқа қатысты мәтінмен жұмыс жүргізу барысында оқушыларды өз бетімен жұмысқа дағдыландыру, тарихи деректерге сүйене отырып, өз бетімен тұжырым жасай білуге үйрету;
- Абылай хан бейнесі арқылы оқушыларды Отанға деген сүйіспеншілік, адалдық, табандылық рухында тәрбиелеу
