Жемістердің түзілуі, өсімдіктердің тұқым арқылы көбеюі және таралуы. Жемістің түрлері

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қайыңды ауылы

Қайыңды орта жалпы білім беретін мектебінің
биология-география пәнінің І санатты мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Жемістердің түзілуі, өсімдіктердің тұқым арқылы көбеюі және таралуы. Жемістің түрлері.

Сабақтың мақсаты:Жемістердің түзілуі туралы мағлұмат беру.Жемістердің құрылысын, олардың бір – бірінен ерекшеліктерін ажырата білу. Жемістердің көптүрлілігін, кездесетін жерлерін және бұрыннан білетін білімдерін кеңейту. Оқушыларды әсемдікке, сұлулыққа, табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,ізденіс, топтық жұмыс, СТО технологиясының стратегиялары

Көрнекілігі: АКТ, топшамалар, семантикалық карта,электронды оқулық. муляждар.

Сабақтың барысы: І Қызығушылықты ояту.

  1. Тренинг «Күн шуағы»

2. «Кім жылдам!»ойыны

Берілген сипаттамалардан тозаңданудың түрлерін анықтаңдар:

  • 1.Тозаңдары майда.
  • 2.Бітеу гүлдің тозаңдануы.
  • 3.Гүлі ашық реңді.
  • 4.Аталық жіпшесі ұзын,тербеліп тұрады.
  • 5.Шірнеліктері бар.
  • 6.Тозаңдану бір гүлдің ішінде болады.
  • 7.Тозаңдары ірі.
  • 8.Аналығының аузы үлпек қауырсынды.
  • 9.Гүлдері хош иісті.
  • 10.Гүлдері реңсіз.

3. «Орнын анықта!»

Желмен және бунақденелілермен айқас тозаңданатын өсімдіктерге тән түсініктемелердегі белгілердің рет санын тиісті орнына жаз

1. Желмен айқас тозаңданатын өсімдіктер:………………………………………………………………………………….

2. Бунақденелілермен айқас тозаңданатын өсімдіктер:………………………………………………………………….

1.Тозаңдары құрғақ, майда, жеңіл, өте көп. 2. Гүл күлтелері ашық реңді. 3. Аталық жіпшелері ұзын, төмен қарай иіліп сәл ғана қимылға тербеліп тұрады. 4. Гүлдері аңқыған хош иісті. 5. Гүлдері реңсіз. 6. Гүлдеріндегі шірнеліктерінен тәтті шірне бөледі. 7. Аналық аузы ірі,түкті. 8. Гүлдерінде иіс болмайды. 9. Тозаңдарының ең сыртқы қабығы қалың, тікенкеті, ілмешекті, бүртікті, өсінділері болатындықтан тегіс емес. 10. Гүлдері көбінесе жай гүлсерікті. 11. Гүлдері қос гүлсерікті, пішіндері алуан түрі. 12. Гүлінде шірнеліктері болмайды.

ІІ Мағынаны тану

Өсімдіктер гүлдеп болғаннан кейін ұрықтанған аналық жатынының жеміске айналуын жемістердің түзілуі дейміз.Ал, жемістердің мынадай түрлері болады. (АКТ-дан жеміс суреттерін көрсету) Бұлардың бәрін жемістер деп атаймыз! (Муляждарды көрсету)

Жемістердің жіктелуі.

Электронды оқулықпен жұмыс.

ІІІ . Ой толғаныс!

  1. Мына жемістерді ажыратып атаңыздар Муляждарды пайдалана отырып , жемістер мен жидектерді себеттерге бөліп орналастырайық.

1топ жемістерді жинайды. 2 топ жидектерді жинайды.

2. «Тапқыр болсаң тауып көр!»

1 топ 1. Жеміс гүлдің қай бөлігінен пайда болады?

2. Шырынды жемістер неше түрге бөлінеді?

2 топ 1. Неліктен құрғақ жемістер деп аталады?

2. Құлпынай жемісін не себепті шырынды жеміске жатқызбайды?

3 топ1. Бұршаққап пен бұршаққынның айырмашылығын түсіндіріңдер.

2. Жидек жеміс пен жидек тәрізді жемістерді сипаттап мысалмен дәлелдеңдер.

3. «Жемістерді анықта!» Семантикалық карта.

Жемістер жидек бұршаққынша Сүйекті-шырынды көптұқымды шырынды дәнек
Қызанақ
алма
орамжапырақ
бидай
апельсин
құлпынай

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма.

1.Жемістердің түзілуі, өсімдіктердің тұқым арқылы көбеюі және таралуы. Жемістің түрлері.

2.Жұмыс дәптеріне тапсырмалар орындау.

3. «Біліміңді тексер!» блогымен жұмыс.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше