Инерция. Күш – денелердің өзара әрекеттесуін си паттайтын шама

Батыс Қазақстан облысы,

Казталов ауданы, Қайыңды ауылы

Қайыңды орта жалпы білім беретін

мектебінің физика пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: §21,22,25. Инерция. Күш – денелердің өзара

әрекеттесуін сипаттайтын шама.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тұрмыста және техникада инерцияның берілуіне мысалдар келтіре отырып, оқушылардың ойын қозғау, кеңістік және уақыт, күш ұғымын, оның айырмашылығы мен қасиеттерін түсіндіру, практикалық маңыздылығын ашу.

Дамытушылық: әрбір жеке тұлғаның ақыл ойының дамуына есте сақтау қабілетін арттыру, өзбетінше қорытынды жасауға, өз-өзіне сын көзбен қарауға машықтандыру.

Тәрбиелік: оқушылардың алдына проблемалық сұрақтар қою арқылы оларды іскерлікке, ұқыптылыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, тірек-сызба, Венн диаграммасы, INSERT стратегиясы.

Көрнекілік: интерактивті тақта, слайд, сағат, ғалымдардың портреті.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

А) Оқушылармен сәлемдесу. Сабаққа керекті құралдарын түгендеп, дұрыс отыруларына назар аудару.

Б) Сабақтың мақсатын айту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Графикалық диктант.

_ ия

жоқ

  1. Материялық нүкте деп қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын денені айтады. (ия)
  2. Дененің немесе материялық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырған ізі жол деп аталады. (жоқ)
  3. Қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның ұзындығы осы уақыт ішінде жүрілген жол деп аталады. (ия)
  4. Жылдамдықтың өлшем бірлігі м/с. (ия)
  5. Сағат жылдамдықты өлшейтін құрал. (жоқ)
  6. Жылдамдықты өлшейтін құрал спидометр. (ия)
  7. Уақыттың өлшем бірлігі метр. (жоқ)
  8. қозғалыс теңдеуі. (ия)
  9. Уақыт векторлық шама. (жоқ)
  10. 1 минутта 60 секунд бар. (ия)

ІІІ. Жаңа сабақ.

Ұлттық тәрбие беру мақсатында аттың ері, түйенің қамы не екенін көрсете келе ертедегі ата-бабаларымыз да инерция заңын тұрмыста ескере білгенін айтамын. Аттың ері қатты шабыста адам инерция салдарынан артқа, ал кілт тоқтағанда алға құлап кетпеу үшін қолайлы екенін айтамын.

Шауып келе жатқан аттың алдынан кесе-көлденең өту өте қауіпті, өйткені атты тежегеннің өзінде де ілезде тоқтай алмайды.

Денеге басқа денелер әрекет етпеген кездегі жылдамдығын сақтау құбылысы инерция деп аталады. (латынша инерция – қозғалыста емес, әрекетсіздік).

Адамдар күнделікті өмірде инерциямен жиі ұшырасады. Мысалы, көліктің кез келген түрінде кетіп бара жатқан жолаушы көлік кенет тоқтағанда алға қарай еңкейіп, ал жылдамдығын күрт арттырғанда, артқа қарай шалқая қисаятыны бәріңе мәлім. Қатты жүгіріп келе жатқан адам немесе тайғақ жолмен шапшаң қозғалған автомобиль жолдың бұрылысында бір кедергіге тіреліп барып бұрылады.

Кеңістіктің бір кесіндісін, яғни арақашықтықты өлшеу үшін сызғыштан бастап, әр түрлі ұзындық өлшеуіш құралдар қолданылады. Ұзындықтың негізгі өлшем бірлігі метр болып табылады.

Алуан түрлі өзгерістерді салыстыра отырып, біздің уақыт жайлы көзқарасымыз қалыптасады. Уақытқа қатысты тез және ұзақ, болған және болады, қазіргі шақ және болашақ, бұрын және жуық арада және т.с.с. ұғымдар пайда болады.

Уақыттың негізгі қасиеттеріне мыналар жатады: шынайы бар болуы, үздіксіздігі, тәуелсіздігі, бір қалыптылығы, бір бағыттылығы.

Уақыт арнаулы құрал – сағаттың көмегімен өлшенеді. Құрылысы жағынан сағат алуан түрлі болады.

Уақыттың негізгі өлшем бірлігіне секунд алынады.

Күш туралы не білетіндерін жазады.

Нені білгім келеді?

Күш дегеніміз – денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама. Күшті ашқан ағылшынның ұлы физигі И.Ньютон. күш деген әріппен белгілейді. Өлшем бірлігі – ньютон (Н).

Бұдан үлкен күш бірлігі – килоньютон (кН), меганьютон (МН) және т.б қолданылады.

Әр түрлі дененің қозғалыс жылдамдығын бірдей шамаға өзгерту үшін әр түрлі күш түсіру керек екендігін де біледі. Күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, мысалдар келтіруге болады.

Мысалы: садақ ату, найза лақтыру, арбаны қолғалту, шкафты итеру.

Не білдім?

  1. Күш қандай шама?
  2. Күштің белгіленуі?
  3. Күштің өлшем бірлігі?
  4. Күшке мысалдар келтір.

IV. Бекіту.

Венн диаграммасы

Кеңістік Ортақ Уақыт

қасиетін тап

Insert

Бүгінгі «Күш» тақырыбы бойынша оқушы толтырып жазады.

Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді?

V. Үйге тапсырма: §21,22,25 оқу.

Шығармашылық тапсырма: Уақыт, кеңістік және күш туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жазып келу.

VI. Бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше