Үш пәледен аулақ бол
Батыс Қазақстан облысы,
Казталов ауданы, Нұрсай ауылы,
Тереңкөл орта жалпы
білім беретін мектебі
Ж.С. Какимова
Мақсаты: Оқушыларға денсаулықтың қымбаттылығын, өмір сүру қажеттілігінің бағалы байлық екенін түсіндіру. Денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелей отырып, білім беру, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
Міндеттері:
1. Денсаулықты сақтау және нығайту туралы білім беру.
2. Өзін-өзі тәрбиелей білу, жағымсыз іс-әрекеттерден аулақ болу.
3.Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
- Оқушылар салауатты өмір салтын ұстанады;
- Зиянды заттардан бойларын аулақ ұстайды;
- Спортпен шұғылданады;
- Салауатты өмір салтын ұстанады.
Көрнекілігі: Жасөспірімдерге арналған ереже, темекіден, арақтан болатын аурулар, “темекінің, арақтың адам ағзасына зияны” тақырыпта түсірілген слайдтар, темекі тартуға қарсы ұйымдастырылған сурет көрмесі, ұлы адамдар сөзінен цитаттар ,видео, буклет
Сабақтың барысы:
Жүргізуші:
Өмір деген тұрады таң мен кештен
Ғұмырлы екі араны жанмен кешкен
Құпия,жұмбақ,сырлы дүниеге
Адамдар арман келіп, арман кешкен
Өмір деген екі өзен: мұң-қуаныш
Толқыны: Шындық-жалған, Күлкі-Намыс
Бір таяздап өмірде бір тереңдеп
Бір лайланып өмірде бір тұнамыз
Құрметті оқушылар! Еліміздің мықты тірегі –дені сау ұрпақ. Алдымен адамға денсаулық керек. Адам баласының денсаулығы оның жаны мен тәнінің саулығынан құралады. Адам денсаулығының жақсаруы, рухани жанының тазаруы. Тіршілікте салауатты өмір салтын ұстану- салауатты өмір кешумен байланысты. Сонымен балалар, денсаулық -адам бақытының бірінші байлығы
Денсаулықтың шайқап алсаң кесесін,
Енді қайтіп толтыра алмассың есесін.
Халық даналығы.
Денсаулық әркімнің өз қолында. Денсаулықты адам баласына табиғат сыйлаған басты байлық. Денсаулықты жоғалту оңай, қалпына келтіру қиын. Сондықтан адамның денсаулығының мықты болуы адамның өзіне байланысты. Жағымды, жағымсыз заттарды дұрыс таңдау арқылы салауатты өмір сүруге болады.
Психологиялық дайындық
Мен ақылдымын
Мен жаспын, қандай әдемімін
Мен ұзақ өмір сүремін
Менің қолымнан жақсылық келеді
Мен барлық туыстарымды жақсы көремін.
Мағына тану
ББҮ стратегиясы
Тапсырма:
Салауатты өмір салты дегеніміз не?
/Оқушылар өз ойларын айтады/
| Білемін | Білігім келеді | Үйрендім |
| Зиянды әдеттерден аулақ болу | ||
| Сапалы тамақтану, спортпен шұғылдану | ||
| Зиянды әдеттерден аулақ болу |
(Слайд бойынша оқушылардың жауап, пікірлерін нақтылау үшін трек-схема көрсетіледі.)
Назар аударайық!
- Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасының негізгі жеті басымдығының, төртіншісінде- Қазақстан азаматтарының әл-ауқаты, білімі және денсаулығы туралы атап көрсеткен. Халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі үш бағытта күрес жүргізу керек деді.
- Бірінші бағыт-”Темекі шегуді тоқтату”
- Екінші бағыт-”Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес”
- Үшінші бағыт-”Маскүнемдікпен араққа қарсы күрес”
Ойлан/жұптас/талқылы стратегиясы
Топқа бөлу(үш топқа бөлеміз денсаулық, спорт, өмір) Топқа бөлініп мәтінмен жұмыс жасаймыз. Мәтінмен танысып 3 тірек схема құрастырамыз. Соны құраймыз. Әр топтың өз ұстанымдарымен таныстырып айтып кетеміз.
Мәтінмен жұмыс. Зиянды әдеттер.
Күн сайын адамдар темекі шегу, ішімдікке салыну, нашақорлықтан түрлі дертке, бақытсыздыққа шалдығады. Зиянды әдеттер адамның өмір бойы өзін-өзі тұлға ретінде іске асыруына мүмкіндік берместен кедергі жасайды. Зиянды әдеттер арқылы адам өзінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді, жақын адамдарына ауыртпалық түсіріп, қоршаған ортаға зиян келтіреді.
Кейбіреулер қиындыққа кездескен жағдайда ойланып, ақылға салмастан зиянды заттарды пайдалануға әуес болады. Сөйтіп оған үйреніп, тәуелді болатындарын ойламайды. Осы зиянды заттарға тәуелді болудың салдары өздерін азапқа түсіретіндерінен бейхабар болады. Қиындықтан шығудың жолы, шешілмей қоймас.
Зиянды әдеттерден денсаулыққа қауіптілігі мынада:
-адам өзін-өзі бүлдіреді, өзін құрметтеп күтуден қалады;
-табиғат берген мүмкіндіктер ашылмайды;
-өтірік айтуға, ұрлық істеуге, қатігездікке, ақымақтыққа ұрынады;
-отбасын қайғы-қасіретке бөлейді;
-түрлі келеңсіз жағдайларға соқтығады.
- Зиянды әдеттерге нелер жатады?
- Зиянды әдеттердің адам өміріне тигізетін залалы қандай?
- Қиындықтар кездескенде оларды қалай жеңуге болады?
- Зиянды әдеттер денсаулыққа қалай әсер етеді? Мысал келтіріңдер.
Оқушылардың зиянды әдеттер туралы ойларын, түсініктерін тыңдап, слайд бойынша тірек схемасы арқылы білімдерін тиянақтап, бекіту.
Зиянды әдеттер денсаулыққа қалай әсер етеді?
1 топ
«Темекіден түтін сорсаң улайсың,өзіңді-өзің жіпсіз байлап шырмайсың»
Темекінің адам өмірі мен денсаулығына тигізетін залалы.
2 топ
«Есірткіге жолама,жетелейді молаға»
Есірткінің адам өмірі мен денсаулығына тигізетін залалы.
3 топ
«Болар бала кісілікке үйір,тозар бала ішімдікке үйір»
Ішімдіктің адам өмірі мен денсаулығына тигізетін залалы
Сахналау. Оқушылардың алған білімдерін тиімді меңгерту мақсатында сахналық қойылым. Тұрысбек Еділбаевтің «Үш пәледен аулақ бол» кітабынан көрініс)
Бала:/ «арақтың» жанына келіп/
-Ассалаумағалейкүм! Сен кімсің?
«Арақ»:
-Мен арақпын, арақпын,
Жер жүзіне тараппын.
Жұрттың құмар асы боп,
Керегінежараппын.
Бала:/ «темекіні» жанына ала келіп/
– Ассалаумағалейкүм! Сен кімсің?
«Темекі»:
-Мен темекішылыммын,
Аузынаелдіңіліндім.
Қаншаменітартса да,
Демедіешкімбүліндім.
Бала:/ «есірткінің» жанынакеліп/
– Ассалаумағалейкүм! Сен кімсің?
«Есірткі»:
-Мен есірткінашамын,
Уытымдышашамын.
Атымшулаптурғанда,
Алшаңдапаяқбасамын.
/Сахнағаересек бала шығады/
Ересек бала:
-О, жаратқан, жаратқан,
Жұрттыңаузынқаратқан.
Ағайындыүшеуін,
Қандайпәлетаратқан.
-О, адамдар, санаң бар,
Үшпәлегеқараңдар.
Үшеуі де үлкенжау,
Бүкіләлемалаңдар!
/Екі бала бірігіп/:
«Арақ», «Темекі», «Есірткі»
Үшеуі де ауырдерт.
Бүкілелдібүлдірмей,
Арамызданаулақ кет!
/Балаларқолындағықамшыменүшпәленісоғыпқуыпшығады/
/Балалар қолындағы қамшымен үш пәлені соғып қуып шығады/
(видео ішімдіктен аулақ бол)
1 – оқушы
Пародия.
Мен қазақ ұлдарына қайран қалам
Шылымды шеккен кезде жайраңдаған
Оқуға ниеті жоқ қайран ұлдар
Темекі шегіп алып сайрандаған
Жасырмай тартасың сен шылымды
Шылымға берілдің ғой мәңгі енді
Өкпеңнен не қалады қарағым –ау
Ертерек ойласаңшы өмірінді
Шылымды тартпайтын ұл арман болды.
Жақсымен ажыратар оң мен солды
Үлкеннен үлгі алар ұлдар қайда.
Қоғамда бастаушы ма еді қыздар жолды
Мұғалім:Шылым шегу, маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық, жұқпалы аурулар, бұзақылық.
«Арақ- арыңа нұқсан,темекі тегіңе нұқсан» демекші балалар бұл зиянды әдеттерден аулақ болуымыз керек.
Оқушылар бізге бүгін жұмбақ бір кейіпкер хат жолдап отыр екен соңы оқып көрсек.
слайд
Өзімнен өзім сыр тапты,.
Өле алмай жүрген сырқатпын.
Шіріген картоп сияқты,
Бұрышында қалған бір қаптың.
Өзімнен өзім тістенем,
Істеген ісіме өкінем.
Ұмытайын десем қорқамын,
Көрмейтін сұмдық түс көрем.
Рефлексия (жай музыка қосылады)
Жұмбақ кейіпкердің хаты
Қымбатты оқушылар 14-15жасымда үлкен бір өкінішке тап болдым.Сол 8-9сыныптар мен үшін естен кетпес уақыттар.Кейбір жандар естен кетпес деп қуаныш пен шаттыққа толы кездерін айтса мен үшін естен кетпес деген сөз өмірімдегі ең ауыр сөз.Неге енді сол 14-15жасым ауыр кез екеннің мен сіздерге әңгімелеп берейін.Менің жолымды қайталамасын деген ниетпен сіздермен сыр бөліскелі отырмын.
Мен бастауыш сыныптан бастап алғырлығымен өнерлілігім,ұшқыр білімнің арқасында көзге түстім.Сол 6 жасымнан бастап 14 жасқа дейін білімді алғыр болып өскен оқушы 8 сыныпта бастап мүлдем басқа адамға айналды. Мен жаман әдеттерге үйәр бола бастадым. Көшедегі жаман балалармен темекі тартуды да үйреніп,кейін сабақтарға да мән беруді қойдым.Сөйтіп жүріп 8 сыныптың 1 тоқсанында қалай күнделігім 2 мен 3ке толып щыққаның білмейде қалдым. Кейін оқуға қолымды бір сілтеп,сабаққа баруымды да қойдым.Әрине бұл менің әке-шешеме де ауыр тейді,қанша маған сөйлеп те,ұрып та тәрбиелемекші болсада мен құлақ аспай өз білгенімді істедім.Мектепте ұстаздар үйде әке-шеше сөзін естімеу үшін мен үйге қонуды да қойдым.Одан арғы өмірім өзім үшін қызық болып көрінді.әр жерде бір түнеп, ұрлық жасап,төбелесте алдыма жан салмай, ішкенім арақ, шеккенім темекі болып, нашақорлық пен жұқпалы ауруға қалай тап болғанымды білмей де қалдым.
Солай өмір зымырап өте берді.Ал мен осы өмірдің ағысына төтеп бере алмай темір тордың ар жағынан қалай шықанымды білмей де қалдым.Темір тордың аржағында ғана есімді жиып өкініштен өзегім өртеніп басымды тауға да,тасқа да ұрып қалай осы күйге жеттім деп шарқ ұрдым.
6 ай темір торда отырып шығып, жаңа өмір бастауға бел будым. «Бүгінгінің баласы ертеңгінің данасы» дегендей балалар «қамшының сабындай қысқа өмірді» бостан босқа өткізбейік достар!Қандай жағдай болмасын адам баласы мойымай әрқашан қиындыққа төтеп беру қажет. Оқушылар жарқын болашаққа сеніммен қарап нық қадам басуымыз қажет . Ашуды ақылға жендіріп мен секілді қателікке бой алдырмай аулақ болыңыздар.
Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды.
1. Оқушылар жұмбақ кейіпкердің әрекеті дұрыс па?
2. Сіз жұмбақ кейіпкердің орнында болсан не істер едін?
Гүлім:
Адам!
Адам!
Бөлісіп уайымды –
Болашаққа болыңдар дәйім-үлгі!
Бір-біріңе болыңдар мейірімді,
Бір-біріңе болыңдар қайырымды,
Дерт шалмасын,
Ешқашан өрт шалмасын,
Алып емен, ақ балтыр қайыңымды.
Бір-біріңе болыңдар қайырымды.
Енді балалар осы зиянды заттар туралы слайдқа кезек берсек
Арақ 1428 жылы Генуядан келген. І Петрдің тұсында Ресейге арақ келген. Маскүнемнің қоғамға тигізер зардаптары: адамдық бейнеден кетеді, қоғамда орны жоқ, тұрмыс жағдайы, ой өрісі төмен.
Арақ – атаңның асы емес.Адамды арақ жетелейді сорына, Кедейлік пен дерт ілесер соңына деген салауатты өмір салтын насихаттайтын мақалдар бар.
Темекінің шығу тарихы:
Гиспаньола аралында тұратын үндістер мендуанаға ұқсас шөпті жаққанда шыққан түтінді танауларымен ішіне тартып, содан мас болған. Олар оны табако деп атады. Темекі Еуропада ерекше тез тарады. 1560 жылы француздың әйел патшасы Екатерина Медичеге басының сақинасы ұстағанда дәрі-дәрмек ретінде берген.
Темекіні осыдан емді шөп ретінде пайдаланған.
« Шылым шегудің пайдасы »
( Сахнаға ақ сақалды дана қарт пен жас бала шығады )
Бала: Ата , мен шылымшегудіүйреніпжүрмін. Қалайойлайсыз , бұлденсаулыққапайдалыма ?
Ата: Шылымшегудіңүштүрлі «пайдасы» бар , балам. Біріншіден , шылымшеккенадамешқашан да қартаймайды.
Бала: Қалайша ?
Ата:Себебі , оларқартайыпүлгермейді. Шылымшегетіндердіңөміріқысқаболады , оларжастайөліпкетеді , балам. Екіншіден , олардыңүйінешқашанұрытонамайды.
Бала: Қалайша ?
Ата: Себебі , шылымшегетінадамныңөкпесі таза болмайды да күндіз-түнікүркілдепжөтелуменболады. Ұрыларүйиесініңкөкжөтелінестіп , үйгежақындай да алмайды. Үшіншіден , шылымшегетінадамдыешқашандаитқаппайды7
Бала: Қалайша ?
Ата: Себебі , оларөтеертемүгедекболыпқалады да , таяққасүйеніпжүреді. Ал қолындатаяғы бар адамғаитжақындайма ,айналайын?
( Ақсақалқуланажымияды. Ал бала ойланыпқалады )
Көрдіңдерме балалар. Темекінің сізге қаншалықты зиян екенін, қанша құрамында улы зат бар екеніне көз жеткізіп отырмыз. Әр темекі адам өмірін 15 минутқа қысқартады екен.
«Арақ – арыңа нұқсан, темекі – тегіңе нұсан» демекші, темекі сенің бүкіл өміріңе нұқсан келтіреді, ұрпағыңа кесірін тигізеді. Сол үшін мұндай оғаш қылықтардан аулақ болуымыз керек. Оғаш қылықтар дегеніміз: арақ, темекі, есірткілер.
Бір әуен сазымен
Ана жерде бір қыз жүр
Мына жерде бір ұл жүр
Екеуінің біреуі
Наша шегіп қор боп жүр
Қайырмасы
Оу, халайық, халайық
Нашаға қарсы тұрайық
Болашағымыз үшін
Спортпен дос болайық
Наша шеккен ұлымыз
Өз тамырын қиып жүр
Ал спортшы қызымыз
Бәрінен де озып жүр
Қайырмасы
Салыстырып екеуін
Бір нәтиже табайық
Наша шеккен жақсы ма
Талдап қане қарайықҚайырмасы:
Оқушы:
Есірткі жойылсын,
Ішімдік құрысын.
Дені сау қазақтың,
Ұрпағы көбейсін.
Мәдениет өркендеп,
Табиғат көркейіп,
Қазақтың сымбатты,
Ұл-қызы көбейсін!
Есірткінің зияны туралы Үкілім Мұратбаеваның «Тағдырыңның кілті сенде» атты көрініс.(видео 3)
Бір топ қыз келе жатады.
Лиза
-қыздар мен кеше ағылшын тілінен жақсы баға алдым. Осы сессиямды жақсылап тапсырып, жазғы демалыста әке-шешемді қуантсам ғой, шіркін!
Аружан
-қыздар, қол бұлғап шақырып, күндіз-түні қиялға батыратын армандарың бар ма?
Шұғыла
Менің арманым осы университетті бітіріп, білімді, білікті маман болу. Өз халқыма, өз еліме еңбегімді сіңіру. Әке-шешемді қуанышқа бөлеу.
Гулжихан
Құрбым, әлі ол арманыңа жетерсің, ол үшін жақсы оқу керек!
Сахнаның екінші жағынан бір топ балар шығады. Ортасынан біреуі:
Табиғат: Қыздар бері келіңдерші
Аружан:
-жүріндерші, барайықшы , білейік не үшін шақырып тұр екен?
Лиза: Жоқ, жүріңдер кеттік, түрлері қорқынышты ғой, бармай-ақ қояйықшы!
Табиғат:
Қыздар неге сонша үркіп тұрсыңдар? Сендерді бір керемет, көкке десең көкке, жер түбіне десең жер түбіне қиялынды самғататын бір затпен таныстырсақ деп тұрмыз. Өздерің бір көріңдерші. Бір мөлшерін тегін береміз. Ұнамаса маған кел. Бір рет қана көріңдерші, тегін, ақша сұрамаймыз. Бір-ақ рет.
Барлық кейіпкерлер тұрған қалпымен қозғалмай қалады.
Күңірінген музыка ойнап тұрады.(музыка темекі зияны)
Лиза:
Кетіп барам, сезімін құлап орға
Қате басып, түсіп қалдым білмей торға
О, тәңірім неге сонша қиналдым?
Бұғауыңда сол құрғырдың кетем бе?
Күресуге дәрменім жоқ, шаршадым
Әке-шешем білмейді – ау мына халімді.
Соны ойласам мұз басқандай тәнімді
Буырқаған жастық мына шағымда
Ауырып барам құрт жегендей жанымды.
Сахна сыртынан бәсеңнен қаттыға ауыса дауыс шығады
Бибі:
Тағдырыңның кілті сенде, өзің ғана иесі
Несібеңді ал өмірден, саған ғана тиесілі
Бойға қуат жанға жігер шақырсаң
Сонда ғана қиындықты, қиындықты жеңесің!
Қыз бойын көтеріп, алға жүре айтады
Лиза:
Ұмтылайын, қиындықты жеңуге
Еш қақым жоқ жанбай жатып сөнуге
Кірпіш болып өз орныма қаланып
Үміт жібін қайта жалғап, болашаққа сенуге
Нашақорлыққа қарсы жарнама: «Сандар сөйлейді»
1. Жылқыны сеспей қатыру үшін 7 – 8 тамшы никотин жеткілікті.
2. Егер адам күніне 1 қорап темекі тартса, 1 жылда оның өкпесіне 1 литр шамасында шайыр (смола) жиналады екен.
3. Ауаның қалыпты құрамын, өкпедегі қан айналымын бұзу үшін 1 дана темекі жетіп жатыр.
4. Бүкіл дүние жүзінде 1 млрд – тан астам адам темекі тартады екен.
5. Темекі зардабынан күніне 10000 немесе 3,5 млн адам қайтыс болады екен.
6. Қазақстан Республикасында 3,2 млн – дай, яғни 33% адам темекі тартады екен.
7. Жүректің ишемиялық ауруынан болатын өлімнің 20% қатерлі ісік ауруынан болатын өлімнің 30%, өкпе қатерлі ісігінің 90% темекінің зардабынан болады екен.
8. Ішкен адамда алкоголь зардабы 21 созылады.
9. Этил спирті сырада 5 – 7%, шарапта 15 – 20%, ликер мен коньякта 40 – 50% , арақ пен вискиде 65 – 70% бар екен, ал этил спирті аса зиянды химиялық қоспа.
10. Ішімдік адам өмірін 10 – 15 жылға қысқартады.
11. Балаларға 10г. арақ, жасөспірімдерге 40 – 50г арақ қауіпті әсер етіп, өлімге душар етеді.
12. Маскүнемдердің балалардың 38% кемтар.
13. Нашаның 0,5 граммы иіскеу үшін, ал тамырға салуға 0,1 граммы сананы улауға жеткілікті.
14. Нашақорлардың ең төмен жасы 8 – 9 жас
15. Есірткінің 130- дан астам түрі бар.
16. 2005 жылғы мәлімет бойынша Қазақстанда ресми тіркелген нашақорлардың саны 40505, тіркелмегені қаншама. Олардың 1927 – сі кәмілетке толмағандар, 4420 – сы әйелдер.
17. Жылына елімізде 10 тоннадан астам есірткі тәркіленеді
Назар аударайық! Адам денсаулығындағы өміршеңдік ережесі:
Әр адамның ережесі өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Әр уақытта өз денсаулығына жете мән беріп кездескен қиыншылықтарды жеңе білу.
Адамдар көңіл көтеріп, демалу үшін, ренжігенін басу үшін шылым шегіп ішімдік ішеді, бұл адам өміріне зиян екендігін өздері білсе де, сезінбейді.
Мұндай сезімнен арылу үшін жанға жайлы музыка тыңдау керек, жақсы ән мен музыка жан азығы. Ол ас қорыту тізбегіне де жағымды әсер етеді. Сыбызғы үні қан айналымына, жүрек тамырларына пайдалы әсер етсе, скрипка мен Фортепионо адамның жанын жай таптырып жүйкесін тынықтырады, ал домбыраның күмбірлеген үні, қобыздың жүрек елжіретер сырлы сазы қалай сізді бей-жай қалдыра алады. Қытай мен Грекияда музыканың емдік қасиеті жайлы ертеде-ақ белгілі болып ол біздің дәуірімізге музыка терапия немесе вокало терапия ретінде жетіп отыр. Музыканың дыбысына ырғағына байланысты адам ағзасы әрқалай әсер алады, сондықтан оны кейбір жүйке ауруларын емдеуге, олардың алдын алу мақсатында пайдаланатыны белгілі.
Қорытынды.
ББҮ стратегиясы
| Білемін | Білігім келеді | Үйрендім |
| Зиянды әдеттерден аулақ болу | ||
| Сапалы тамақтану, спортпен шұғылдану | ||
| Зиянды әдеттерден аулақ болу |
Жарайсыңдар ! Мен сендерге сенемін ! Кей адамдар көңіл көтеріп, демалу үшін , ренжігенін басу үшін шылым шегіп , ішімдік ішеді. Ал оның адам өміріне соншалықты зиянды екендігін өздерің де атап өттіңдер. Бұндай сезімнен арылу үшін жанға жайлы музыка тыңдау керек. Күй .
Жүректен жүрекке.
Бала тілегі.
Сөзі: С. Молдасынұлыныкі
Әні: Ф.Лұқпанованікі
Бал-балалық, балдырған шақ сан арман,
Барлық бала армандауғажаралған.
Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер,
Гүлденсіндепатамекен, қараорман.(2 рет)
Болашақтыңиесімізбәріміз,
Туғанжердіңтүрлендірернәріміз.
Алтын бесік- ұлан-байтақелімде
Жарқынболсыншырқапайтарәніміз.(2 рет)
Бесеуі (бірге):Ей, ұрпағым, есіңді жи, азбаңдар
Қиыршық құмдай үгітіліп тозбаңдар.
Бойыңдағы қуатыңды жоғалтып
Жақсы үмітпен, сеніміңнен таймаңдар
Салауатты өмір салтын сақтаңдар
Болашаққа нық қадам бастаңдар!!!
