Жаңа сабақтар

Жасуша ядросы

Қызылорда қаласы № 222 қазақ орта мектебінің
Биология пәнінің мұғалімі Асанова Камшат

Сынып 10

Сабақ: Биология

Тақырыбы: Жасуша ядросы

Сабақтың оқу тәрбиелік мақсаты:

І Білімділік:

1. Оқушыларға хромосомалардың әр түрлі болатынын айыра білуге үйрету.

2. Ғылыми танымдық және білімдік мақсатын түсіндіру.

ІІ Дамытушылық:

Жасуша яросының жетілу ерекшелігін түсіндіру.

ІІІ Тәрбиелік:

Адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа тақырып

Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап

Көрнекі құралдар: микроскоп, суреттер, әртүрлі ойындар, карточкалар, интеративтік тақтадан жасуша яросының суреттерін көрсету

Сабақтың кезеңдері:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Білім мен іскерліктерін жан-жақты тексеру кезеңі
  3. Жаңа материалға көшуге дайындық кезеңі
  4. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі
  5. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
  6. Сабақты қорытындылау кезеңі
  7. Бағалау кезеңі
  8. Үйге тапсырма беру кезеңі

Сабақтың барысы:

Сабақ-тың кезеңде-рі Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
1. Ұйым-дастыру кезеңі

(2 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
2. Білім мен іс-керліктерін жан-жақты тексеру кезеңі.

(10 мин)

1. Өткен сабақ бойынша Мембранасыз органоидтар бойынша сұрақтар қояды:

1) Рибосома нешеге бөлінеді?

2) Полисома дегеніміз не?

3) Рибосомадағы ферменттер жасушадағы қандай процестеріне қатысады?

4) Жасуша орталығы қанша құрамдас бөліктерге бөлінеді?

5) Вакуоль дегеніміз не?

2. Іскерліктері мен дағдыларын тексеру сұрақтары:

1) Цитология ғылым нені зерттейді?

2) Р. Гук алғаш рет өзі жасаған микроскоппен нені зерттеді?

1. Оқушылар өткен сабақты естеріне түсіріп, сұрақтарға жауап береді:

1) Эукариоттық, Прокариоттық

2) Бір нәруыз молекуласының синтезіне бірнеше рибосома қатысады, оны полисома деп атаймыз.

3)магний, кальций, тұздар мен азот фосфор, темір және мыс элементтері.

4) 2 құрамдас бөліктерге бөлінеді

олар: 1. Центриольден

2. центросферадан тұрады.

5) Өсімдіктер мен жануарлар жасушасының цитоплазмасындағы сұйықтыққа толы қуыс.

2. Оқушылар өткен сабақты естеріне түсіріп, сұрақтарға жауап береді:

1) Жасушаның құрылысын, химиялық құрамын және жасуша ішіндегі түрлі құрылымдардың атқаратын қызметтерін зерттейді.

2) Тығынның жұқа кесіндісін қарап, оның жеке ұяшықтардан тұратынын көрді. Осы ұяшықтарды Р.Гук « жасуша » деп атаған.

3. Жаңа материалға көшу кезеңі

(2 мин)

Жасуша ядросы тақырыбын мұқият оқып шығып, дәптерлеріңе хромосомалардың әр түрлілігін жазып алыңдар. Оқушылар мұғалімді тыңдап, сұрақтарын қояды.
4. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі.

(15 мин)

Ядро -өсімдіктер мен жануарлар жасушасының тұрақтары бөлігі. Ядросы толық жетілген организмдерді эукариоттар, ал яросы жетілмеген организмдерді прокариоттар деп атайды.

Грекше «карион »ядро деген мағынаны білдіреді.Ядроның құрылысы күрделі. Оның қатысуымен жасушада өте маңызды тіршілік процестері жүзеге асырылды. Ядроның сыртын әр қайсысы үш қабаттан тұратын екі мембрана қоршайды. Жасушының бөлінуі кезінде ядроның мембаранасы жойылып кетеді де, пайда болған жас жасушаларда қайтадан қалпына келеді.

Жасушалар ядросының санына қарай бір ядролы және көп ядролы болып бөлінеді. Омырталы жануарлардың бауыры, сүйек, бұлшық ет ұлпалары және қарапайымдар көп ядролы болады. Ядроның құрамы күрделі, онда тірі организмнің тұқым қуалайтын белгілері мен қасиеттерін сақтайтын хромосомалар, ядро шырыны,ядрошық, РНҚ және т.б құрамдас бөліктер болады.

Ядро шырыны – ядро қабықшасының ішіндегі қуыстарды толтырып тұратын қоймалжын зат.

Ядрошық- шар тәрізді тығыз денешік.

Хромосомалар- ДНҚ-ның жіпшелерінен және нәруыздан тұратын ядроның аса маңызды бөлігі. Әр түрге тән хромосомалар пішіндері және сандары жөнінен бір-бірінен айырмашылықтары болады. Мысалы, адамда -46, жылқыда — 66, бақада – 26, дрозофилада – 8, жүгеріде – 20, бұршақта – 14 хромосома бар.

Хромосоманың құрамында 40% ДНҚ, 40% Гистон, 20% қышқыл нәруыз және аз мөлшерде РНҚ болады.

Гистон дегеніміз- хромосомадағы құрылыс қызметін атқаратын нәруыз.

Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Интерактивті тақтада көрсетілген. Жасуша ядросының суреттерін көрсету.

Жасуша

Жасуша ядросының құрылысы

5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі

(9 мин)

Жасуша ядросы Руссов бойынша жасушаның бөлінуі

Страсбургер бойынша жасушаның бөлінуі

Флемминг бойынша жасушаның бөлінуі

6. Сабақты қорытындылау кезеңі

(5 мин)

Сабақты бүгінгі тақырыптар бойынша жеке сұрақтар қою арқылы қорытындылау: карточка арқылы сұрақтар қою.

1. Жасуша ядросы дегеніміз не?

2.Хромосома туралы не түсіндік?

3. Ядро шырыны дегеніміз не?

4. Гистон қандай қызмет атқарады?

5. Хромосоманың құрамында нәруыз неше пайыз болады?

6. Ядро қанша қабаттан тұрады?

Мұғалімнің сұрақтарына өзі немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.
7. Бағалау кезеңі

(1 мин)

Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай

5 баллдық шкаламен бағалайды.

Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.
8. Үйге тапсырма беру кезеңі

(1 мин)

  1. Жасуша ядросы тақырыбын оқып, хромосомалардың басқа да түрлерін іздену
Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.