Жаңа сабақтар

Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерек шеліктері

Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі: Г.Еркебаева

Күні: 20.11.2013жыл

Сынып: 7 «Д»

Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Бунақденелілердің көп түрлілігін, жәндіктердің негізгі ерекшеліктерін, дамуы және пайда – зиянымен таныстыру.

Дамытушылық: Сабақта оқытудың жаңа технологияларын қолданып, оқушы белсенділігін арттыру, оқушылардың іс-әрекетін басқару арқылы ой таласын туғызу,білім-біліктілігін дамыта отырып, оқушылардың өз бетімен ізденісін қалыптастырып, логикалық ойлау, биологиялық тілмен сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.Экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың көрнекілігі:

Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сәлемдесу, түгендеу.

2. Оқушылардың құрал – жабдығын тексеру.

3.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау

  1. «Стикермен диалог» әдісі.

Оқушылар стикерге үй тапсырмасының сұрақтарын жазып келесі топқабереді. І топ, ІІтопқа. ІІ топ, ІІІ топқа. ІІІ топ, І топқа береді.

  1. Криптограмма
1
2
3
4
5
6
7

1. Денесінде қылтандары болмайтын буылтық құрт.

2. Құрамы нәруызға бай, сүліктің сілекейінде болатын, қанды ұйытпайтын ерекше зат.

3. Егістік жерді жыртқанда қарғалар теріп жейтін буылтық құрт.

4. Әрі аталық, әрі аналық жыныс мүшелерінің бір құрттың бойында болуы

5. Көпқылтанды буылтық құрт

6. Буылтық құрттар типінің теңізде мекендейтін түрі.

7. Шұбалшаңның қанның түсі

Жауаптары.

1. Сүлік 5. Құмқазар

2. Гирудин 6.Нереида

3. Шұбалшаң 7. қызыл

Жаңа сабақты түсіндіру.

Ұлулар денесі жұмсақ, үш қабатты, екіжақты симметриялы көпжасушалы омыртқасыз жәндіктер. Олардың денсі бастан, тұлғадан, аяқтан, бақалшақтан және бақалшақ қалдығынан тұрады. Ұлулар типіне бұрын «былқылдақденелілер» деген атау пайдаланылған. Ұлулар типінде 130 мыңнан астам түр бар деп есептеледі.

Ұлулар типі

Бауыраяқтылар Қосжақтаулылар Басаяқтылар

Ұлулардың буылтық құрттардан негізгі ерекшелігі – денесі бунақтарға бөлінбейді. Тұлғадан ерекше қатпарлы қабат – шапанша (мантия) түзіледі. Тұлға мен шапанша аралығында шапанша қуысы болады, ал шапаншаның үстіңгі бетінен бақалшақ қалыптасады.

Асқорыту жүйесі едәуір күрделі. Дененің алдыңғы бөлігіндегі ауыз тісшелері – үккі тілге және жұтқыншаққа жалғасады. «Бауыр» деп аталатын асқорыту безінің аузы қарынға ашылады. Көпжасушалы жәндіктерден бұрын кездеспеген асқорытуға қатысатын без бауырды ұлулардан бірінші рет байқаймыз.

Тағы бір ерекшелік – ұлуларда қантарату жүйесі ашық. Көптеген ұлулардың қаны түссіз. Қанның түсі көгілдір (басаяқтылар) ұлулар да бар. Жүректе бір немесе екі құлақша, бір қарынша болады.

Құрлықта тіршілік ететін ұлулар өкпемен тыныс алады. Суда тіршілік ететіндерінің тыныс алуы шапанша астында орналасқан желбезектер арқылы жүзеге асады.

Ұлулардың зәршығару жүйесі бір немесе екі бүйректен және несепағар түтіктен құралады.

Ұлулар типі

Бауыраяқтылар Қосжақтаулылар Басаяқтылар

  • Бауыраяқты ұлулар класы.

Бұлар – теңізде және құрлықта тіршілік тееттін жәндіктер. Оларды көлдерден, тоғандардан, суқоймалардан да кездестіруге болады. Түйіртек, жұмырлақ көлдерде және тоғандарда өмір сүреді. Шалшық ұлуы, тоспаұлу және қошмармүйіздер баяу ағатын суқоймаларда кездеседі. Жүзім ұлуын – жүзімдіктен, ал жалаңаш шырышты бау – бақшалар мен өзге заттар астынан кездестіре аламыз.

  1. жүзімұлу; 2 – тоспаұлу, 3 – жалаңаш шырышты, 4 – қошқармүйіз

Жаңа сабақты бекіту.

  1. Венн диагграмасы
Бултық құрттар Ұқсастығы Ұлулар типі
  1. Анықта ойыны
  1. Жұмбақ шешу

Аяғы, тұлға, басы бар, Аяғы бар басы жоқ,

Сыртында сауыт тасы бар. Тұлғасы бар қарны тоқ.

Ойланып көр балалар, Екі жақтау қорғаны,

Шешуін оның табыңдар. Ол болмаса сорлады.

(Ұлу) (Айқұлақ)

Бақалшағы жоқ сыртында,

Үккісі бар ұртында.

Корегін ұстар таяғы,

Арқанға ұқсас аяғы (Сегізаяқ)

Үйге тапсырма беру:

Ұлулар типі. (203-205 бет) мазмұндау.

Суретін салып, ұлудың ішкі құрлысын тауып жазып келу.

Бағалау. Оқушыларды бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.