Жаңа сабақтар

Фариза Оңғарсынова «Оюлар»

Ақтөбе қаласы №24 ЛМГ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Нурманова Аманкүл Балатбайқызы

Сабақтың тақырыбы: Фариза Оңғарсынова «Оюлар»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ф.Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы жайлы мәлімет беру. Өлеңнің мазмұнын меңгерту арқылы халықтың асыл қасиетін өзіне жинақтаған ұлттық қолөнер бұйымдарын, ою-өрнегін, халықтық дәстүрді, өнерді дәріптеу арқылы оны бағалап, қастерлеуге баулу. Олардың ұшқыр ой, әсемдік талғам және белсенді біліктілік шеберліктерін дамытуға ықпал ету.

Дамытушылығы: Оқушыларды ауызша және жазбаша сөйлеуде өз ойларын әдеби тілмен өрнектей білуге төселдіру, ой өрісін дамыту. Өлеңді түсініп, мәнерлеп, көркем оқи білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік мәні: Оқушыларды әсемдікке, шеберлікке, шапшаңдыққа, еңбекке баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Кітап көрмесі, интерактивті тақта, слайдтар

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу. Сынып тазалығын, сабаққа дайындықтарын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Қ.Жұмаділовтың «Қозыкүрең» шығармасына байланысты «Бәріміз де туыспыз» деген тақырыпта жазып келген шығармаларын оқыту, бағалау.

ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту

  1. Ф.Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы жайында түсінік беру. (Интерактивті тақтадан көрсету)
  2. Ассоциация құрастыру

«Ою» деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді?

  1. Өлеңді мәнерлеп оқу

(Мұғалім мәнерлеп оқиды. Содан кейін оқушылар тізбектей мәнерлеп оқиды. Қысқаша өлеңнің мазмұны сұралады.)

  1. Сөздік жұмыс

БАСҚҰР – киіз үйдің ішін сәндеу үшін керегелерінің басын айналдыра орап (байлайтын) таңатын өрнектелген жалпақ бау.

ЖЕЛБАУ – киіз үйдің шаңырағын қатты жел аударып кетпес үшін шаңырақтан төмен бастыруға пайдаланылатын өрнектелген төгілме шашақты бау.

(Интерактивті тақтадан киіз үйдің суреттері мен жабдықтары арқылы түсіндіру.)

  1. Әдебиет теориясы

Өлеңнің бір шумағын өлең құрылысына қарай талдау

Түрін-ай\\ текеметтің!\\Асыл қандай!

Үңілдім\\ үнсіз ғана\\ басымды алмай.

«Келе ғой,\\ қошақаным,\\ өзіме!» деп,

Әжем кеп\\ сипағандай\\ шашымнан жай.

4 тармақты, 1 шумақ, 3 бунақты, 11 буынды, қара өлең ұйқасы.

6. Бекіту

Оқулықпен жұмыс

Оюлар ойдыру. Оны өлең тілімен суреттеп жазу.

(Күй ойнап тұрады, оқушылар ойған оюларына байланысты 1 шумақ өлең шығарады.)

Интерактивті тақтадан әр түрлі оюлар көрсетіліп жатады.

Сабақты қорытындылау:

Міне, балалар, Фариза апаларың:

Шебер көп бұл заманда кілең керім,

Болмайтын ажыратып түр-өңдерін.

Сүрінбей өте алар ма ғасырлардан,

Әжемнің оюындай, жыр-өрнегім,- деген өлең жолдарында әжелеріміздің қолдарынан шыққан сан қилы оюлары, қолөнер бұйымдары жұртты таң қалдырса, Фариза апамыз өзінің өлеңдерімен жұртты сүйсіндіріп, халқының аяулы қызына айналып отыр.

Сонымен «Оюлар» өлеңінен оюлардың шығу тарихынан көптеген мағлұматтар алдық. Айтайын деген ойын оюмен жеткізген бабаларымыз қандай ойшыл, шебер болған десеңші. Бабалардан қалған осындай өнерді қастерлеп, өзіміз үйреніп, әрі дамыту біздің міндетіміз.

Үйге тапсырма:

  1. Өлеңді жаттау.
  2. Ф.Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы жайында қосымша деректер жинап келу.

Ақтөбе қаласы №24 ЛМГ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Нурманова Аманкүл Балатбайқызы

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин өмірі, ағартушылық қызметі.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік-жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы білімді өз бетінше меңгеруіне ықпал ету;

2.Дамытушылық-оқушының сөйлеу мәдениетін дамытуға, тыңдау әдебін қалыптастыруға, оқу, талдау дағдылары мен іскерлік белсенділігін, шығармашылық ізденісін шыңдауға ықпал ету;

3.Тәрбиелік-ақын өлеңі мен еңбегінен үлгі алып, өзін тәрбиелеуге жетелеу;

Сабақтың көрнекілігі: Ақынның портреті, интерактивті тақта, электрондық оқулық.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

Оқушыларды түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару

  1. Үй тапсырмасын тексеру

Өткен сабақ тақырыбы, «Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы».Үйге берілген тапсырма «Мен батыр болсам», «Мен ақын болсам» атты тақырыпта шағын эссе жазып келу.

  1. Жаңа сабақты меңгерту

Бір Аллаға сиынып

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық

Небәрі төрт жолдан тұратын осы бір өлең жолдарын білмейтін қазақ баласы кемде-кем шығар. Қазақ халқы бұл өлеңмен бірге, оны жазып елі үшін еміренген ердің де есімін жақсі біледі. Әрине ол қазақ халқын оқу-білімге, мәдениетке үндеп, халық ағарту саласында көп еңбек сіңірген қазақтың тұңғыш тамаша педагогі, ағартушы демократ-ғалымы, ақын әрі жазушысы Ы.Алтынсарин.

Ы. Алтынсарин кім? (топтастыру әдісі)

Ыбырай Алтынсарин

жазушы

Ақын

педагог

Қоғам қайраткері

Ағартушы

Ыбырайдың «Қазақ хрестоматиясына» енген көптеген әңгімелері енген Әңгімелері

«Атымтай Жомарт», «Әке мен бала», «Мейірімді бала», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Асыл шөп», «Жаман жолдас» т.б

Қазақ хрестоматиясына енген Ыбырайдың көркем шығармалары өзінің ағартушылық идеясына бағындырылған. Ол әдебиетті бала санасына әсер етіп, оны жақсы, үлгілі істерге үйрететін күшті құрал деп ұқты.

Сабақты бекіту. Электрондық оқулық арқылы тақырыптық бейне материал тыңдау. «Т» стратегиясы арқылы қорыту жұмысы.

Білдім Білгім келеді

Ыбырай Алтынсарин өмірі, шығармашылығы жайлы нені білдік, білгіміз келеді соны жазамыз.

Қорытындылау.

Ыбырай Алтынсарин білімін қалай жетілдірді? «Қазақ хрестоматиясына» өсиет-өнегеге құрылған қандай әңгімелерін енгізді? Ағартушылық жолында дос болған қандай орыс зиялыларын білідің? Оқушылардың түсінгені бойынша тұжырым жасау, ұғындыру.

Бағалау.Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалаймын.

Үйге тапсырмаЫбырайдың әңгімелері мен өлеңдерін оқып келу. Ағартушылық жолын оқып, өз түсінігін айту.

Жеткіншек шақтағы балаларды дамыту және тәрбиелеу ерекшеліктері

Ақтөбе қаласы №24 ЛМГ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Нурманова Аманкүл Балатбайқызы

Бүгінгі мұғалім алдындағы оқушыны жан-жақты тани білетін тұлға болуы тиіс. Оның ішінде орта буын оқушыларының тұлғалық ерекшелігін танып білу басты міндет. Оқушының жас ерекшелігіне сай өсіп жетілуінен білікті мұғалімнің педагогикалық-психологиялық қиыншылығы болмайды десем артық емес.

Жеткіншек шақ балалардың 11 жастан 14-15 жасқа дейінгі өсіп-жетілу кезеңін қамтып, шамамен 5-9 сыныптарда оқуымен тұтас келеді. Бұл кезеңде жеткіншек бала организмі мен оның жеке басының дамуында сандық өзгерістер мен сапалық жетілуі шапшаң жүреді.

Жеткіншек шақта балалардың бойының ұзындығы 134-155 см, бұл жастағы баланың бойын жылына 5-6 см, кей кезде тіпті 10 см өседі. Денесі тез өседі, бұлшық еттері жетіліп дене қаңқасында сүйектену процесі жүреді. Оның ер жетуі, ақыл-ойы мен адамгершілігінің өсуі де тез жүреді.

Адамгершілік жағынан және денесінің тез өсуі жеткіншектің айналасындағы адамдарға: інілеріне, құрбы-құрдастарына, әсіресе, үлкен адамдарға, оның ішінде ата-аналары мен мұғалімдерге деген қарым-қатынастарын үнемі өзгерістерге ұшыратады. Ересек адамдардың бұл жастағы балаларды «өтпелі», «қиын», тіпті «қауіпті» жас деп атайтын әр түрлі теңеулер беретіні де, сірә, сондықтан болар. Сонымен қатар, Н.К. Крупская: «бұл ең тынымсыз, ең қиын, ең қызба, ұшқалақ жас»,- деп, атап көрсеткен болатын.

Жеткіншек шақтағы бабалардың өзіндік ерекшелігін, оның қиындығын, қарама-қайшылығын терең түсіну жеткіншек балалар арасында жүргізілетін жұмыста табысқа жетудің аса маңызды шарты болып табылады. Жеткіншек шақта жыныстық толысу басталып, жедел жүреді. Ол қыздарда 11-13 жаста, ер балаларда 13-15 жаста басталады. Қосалқы жыныс белгілерінің пайда болуы, балалардың тез өсуі, жаңа сезімдердің оянуы, есею сезімдерінің қалыптасуы болып табылады.

Жеткіншек шақтағы балалардың тағы бір ерекшелігі— намысқойлығы. Үлкендердің қамқорлығын, бақылауын, дауыс көтеріп, әкімшілік шаралармен жекіріп сөйлеуді ұнатпайды. Сондықтан олар бұл шараларды үлкендер тарапынан өздеріне көрсетілген озбырлық жасауы деп түсінеді де, өздерінше абыржып, наразылық білдіреді.

Үлкендердің өздеріне деген қатынастың қаншалықты шындық екенін білуге тырысады. Осыдан келіп, үлкендер мен балалардың арасында түсініспеушілік, салқындық туады. Мұны бір жақты түсініп, балалар үлкендердің барлығымен бірдей түсініспеушілік жағдайда болады деген сөз тумайды. Балалар өнегелі адамдардың, өндіріс озаттарының тамаша іс-әрекеттеріне, Отанына адал еңбекерлеріне, халық каһармандарына, ұлы Отан соғысы және еңбек ерлеріне, ұшқыштарға, спортшыларға, ғылым мен өнер қайраткерлері жайлы сөз етеді, олардың ерлік істеріне және табыстарына бас иіп, еліктейді. Бұл жаста балалар еңбекке ылайықты келеді. Міне, осы қасиеттерін, оның шама-шарқыналайықты еңбекпен қаруландырып отыру, оны асыра пайдаланбау мұғалімнің тәрбиесіндегі аса бір қажетті міндеті болып табылады. Осы тұрғыдан балалардың мінез-құлқын тәрбиелеу, ықыласы мен қабілетін дамыту, мұқтаждары мен тілектерін қамтамасыз ету дұрыс педагогикалық ойларға негізделуі қажет.

Бұл жастағы балалардың түрлі мінез-құлықтағы ауытқушылықтары сол организмнің біркелкі дамуында болып отырады. Бұл кезде бала организмі бірде жедел, бірде тежелу арқылы жүріп отырады. Сол арқылы бала мінезі де құбылмалы келеді. Оны көбінесе, сезім билейді, сәл нәрсегебұлқан-талқан болуы, т.б.

Оқушы өмірінде бұл кезең маңызды орын алады. Өйткені, ол өзін қоршаған ортаға үлкен сеніммен, оны білуге, түсінуге деген зор құлшыныспен белсене еңбек етуге әрдайым әзір, сезімтал, сергектігімен ерекшеленеді. Баланың осы қызығушылығын, белсенділігін қолдай отырып, оның өмірге құштарлық, қызығушылығын орынды пайдаланып, бағыт-бағдар бере отырып, оны қоғамның белсенді мүшесі, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу міндеті мұғалімге жүктеледі.

Бұл жастағы балаларға болымды ықпал жасайтын фактор мектептегі балалар ұйымдары. Осы ұйымдардың көмегімен балалардың қоғамдық белсенділігі дамиды, ой-өрісі кеңиді, өздерінің жауапкершіліктерін түсініп, терең білім алуға талаптанады.

Жеткіншек шақтағы балалардың кейбір ерекшеліктерін есепке алып, тәрбие жұмысын тиімді етіп ұйымдастырған жөн. Олар: организм мүшелерінің тез жетілуін, үлкендермен қарым-қатынасы, ойланбай асығып шешім қабылдауын, қоғамға пайдалы істерге ықыласты ұмтылуын, достық сезімнің, кітап оқуға, киноға құштарлығын, спортты ұнатуын, т.б. тәрбие барысында есепке алу қажет.

Балалардың жеке басынан ерекше дараланып байқалатын психикалық сипаттардың бірі — мінез бен темперамент.

Мінез дегеніміз кісінің өзіндік бағыт-бағдарының, оның жан дүниесі ерекшелігінің бірсыдырғы тұрақталған, тұрлаулы белгісі. Мінез иманды, имансыз, тәрбиелі, тәрбиесіз, бірқалыпты, бүтін, кетік, күшті, тұрақты, айқын, салмақты, т.б. негізгі сапаларға бөлінеді.

Тәрбиелі мінез адамға имандылық қасиеттердің бар екенін көрсетеді. Көпшілдік, ізетшілдік, адамға қамқорлық, жолдастықты қадір тұту, жұртшылық пікірімен санаса білушілік, өзінің міндетін орындаудағы жауапкершілік пен адалдық — мінездің жақсы сапасының негізгі бітістері.

Темперамент жүйке саласының тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке-дара өзгешелігі. Мәселен, қимыл-қозғалысы шапшаң, ұстамсыз, ылғи да күйіп-пісуге дайын тұратын күйгелек адамдар болады. Мұндайлар істі бұрқыратып істейді де, кейде қолын бір-ақ сілтеп, сылқ түседі. Еті тірі, ойнақы, тынымсыз, шамданғыш, көңіл-күйі аумалы-төкпелі, жұртпен қарым-қатынаста тұрақсыз, пысық, бірақ бейқам келеді. Бұларды «холериктер» деп атайды.

Адамдардың енді бір тобы кісімен оңай, тез тіл табысады, өзін көңілді ұстайды, бұл ақкөңіл, қызу істің адамдары. Қысылып-қымтырылмайды, кісіге қайырымды, еті тірі, бірақісті бастап, кейде оны тастап кете салады, жеңіл мінезділікке салынып, сылбыр күйге түсе кетеді. Мұндай адамдарды «сангвиник» темпераментініңөкілі дейді.

Енді біреулер сақ, байыпты, байсалды, ынтымақшыл келеді. Әр ісін ойлап істейді, тұрақты, бірқалыпты жүреді, орынсыз асып-саспайды. Бір істі бастаса, салпақтап соңынан қалмаймайды. Мінезі ауыр, көрсеқызар емес, қимыл-қозғалыстары баяу. Бұл «флегматик» темпераментінің өкілі.

«Меланхолик» темпераментіне жататындар сәл нәрсеге ренжитін, өкпелегіш, тұйық, көп сөзі жоқ, пессимист, өте баяу қозғалатын, жайбасар адам. Ол жасқаншақ, сіркесі су көтермейді, өте ынжық кісі. «Мен» деп ешқашан ұмтылмайды, өте ұялшақ, тартыншақ жұрттан аулақ жүргенді жаны сүйеді.

Темпераменттерді тәрбиелеуге бола ма деген сұраққа жауап бермес бұрын, адамдардың темпераментін ете мұқият зерттеу қажеттігін еске салайық. Жай жағдайда темперамент ерекшеліктері байқала қоймайды. Бұлар жүйке жүйесінің тума типтеріне көбірек тәуелді болғандықтан, оларды тек лаборатория жағдайында ғана зерттеу жақсы нәтиже береді.

Түрлі темпераменттердің ішінен бұлардың қайсысы жақсы деп сұрақ қоюға болмайды. Кез келгенінің ұнамды, ұнамсыз жақтары бар. Әр адам өз темпераментінің жақсы жақтарын біліп, нашар жақтарынан арылу жағын қарастырса, сөйтіп, өз темпераментін меңгере алатын халгежетсе, бұл осы адамның сана-сезімінің жақсыерекшеліктерінің бірі болып табылады. Ал, керісінше, темпераментіне еріп, өзіне-өзі ие бола алмаса, темпераменттің қайсысы болсын адамды ұнамсыз көрсететін

болады.

Төмендегі кестеден темпераменттің әр түрлі жақтарын жақсы аңғаруға болады.

Темпераменттер Жақсы жақтары Жаман жақтары
Холерик Шапшаң, белсенді Ұстамсыз, күйгелек
Сангвиник Пысық, оңтайлы Тұрақсыз
Флегматик Ұстамды, сабырлы Баяу, сылбыр
Меланхолик Сезімтал Тұйық

Оқушылардың темпераменттерін тәрбиелеуде бүкіл жеке бастарын, ерік-жігері мен мінез бітістерін де сезім-эмоцияларын тәрбиелеумен ұштастыра жүргізген дұрыс. Адамның өзін-өзі ұстай алу қабілетінің дамуы темперамент тәрбиесіне жақсы жәрдем береді. Қорыта айтқанда әрбір адамның өзіне тән қасиеттерін қалыптастыру мен дербес ерекшеліктерін дамытуды жан-жақты және үйлесімді тәрбиелеу тиіс.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.