100 метрге жүгіру
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ, ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ ӘЙТЕКЕ БИ КЕНТІ
Б.К.МЕРГЕНБАЕВ АТЫНДАҒЫ № 226 ГИМНАЗИЯНЫІ
ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ
КӨПБАЙ ЕРКІН
Сабақтың тақырыбы: 100 метрге жүгіру
Сыныбы: 4
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Төменгі сөреден шығу техникасын, 100 метрге жүгіру техникасын үйрету
- Тәрбиелік: Дене тәрбиесіне, ұжымшылдыққа, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, өз жігер-қайратын орынды пайдалана білуге тәрбиелеу.
- Дамытушылық: Жылдамдық, ептілік, икемділік, шыдамдылық дене сапалық қасиеттерін дамыту, дене жаттығулары арқылы оқушылардың денсаулығын нығайту
Сабақты оқыту әдістері: Сөздік әдіс, көрсету әдісі
Сабақтың формасы: Жаппай, топтық кезекті, жеке, тізбектік, бөліп алу
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: Ысқырық, жалауша, секундомер
| р/с | Сабақтың мазмұны | мөлшері | Әдістемелік нұсқаулар |
| І. Кіріспе бөлімі
10-15 мин |
Оқушыларды сапқа тұрғызып, кезекшіден мәлімет алып, сәлемдесу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып түсіндіру. Оңға, солға бұрылу арқылы оқушылардың дайындығын тексеру. Спорт алаңының бойымен жүру жаттығуын жасату.
Жүгіру жаттығуларын жасату
Спорт алаңын жеңіл жеңіл жүгіріспен 1 айналым жүгіру Қозғалыста демалыс жаттығуын жасату. Үш қатарлы сапқа тұрғызып жалпы дамыту жаттығуын жасату
1- қолды жоғары көтеріп сол аяқты артқа қойып шалқаю 2 – бастапқы қалып 3-4 тура солай, оң аяқ.
1-4 басты оңға айналдыру, 1-4 солға айналдыру
1-4 алға айналдыру 1-4 артқа айналдыру
1-4 белді оңға айналдыру 1-4 солға айналдыру
1-4 тізені оңға айналдыру 1-4 тізені солға айналдыру.
1-4 оң аяқпен секіру 1-4 сол аяқпен секіру 1-4 қос аяқпен секіру Демалыс жаттығуын жасату.
|
1 мин
10м х 1рет 10м х 1рет 10м х 1рет 1 айналым 15м х 1рет 15м х 1рет 15м х 1рет 400м 3-4 рет 3-4 рет 5-6 рет 3-4 рет 3-4 рет 20м х 2рет 20м х 2рет |
Оқушылардың сапқа дұрыс тұруын қадағалау.
Қолдың ұшына қарап созылу. Денені тік ұстап жүру. Спорттық қадамның техникасын көрсету Қолды барынша кең айландыру Арақашықтық сақтау Жүгіру техникасын көңіл бөлу Барынша шалқаю Көзді жұмбау Иықты кең айналдыру Жаттығудв дұрыс жасауын қадағалау Барынша биік секіру Берілген жаттығуды дұрыс орындауын қадағалау. |
| ІІ.
Негізгі бөлім 25-30 мин |
1.Төменгі сөреден шығу техникасын үйрету.«Сөреге» деген бұйрық берілгенде сөре сызығына келіп 1-1,5 қадам санап алып қолды сөре сызығынының үстіне қойып, итеретін аяқты алдығы ұшына қойып, итермейтін аяқтың тізесі итеретін аяқтың табанының орта тұсында тұрады, бас пен иық бір деңгейде, салмақ қолға түсіп тұрады.
«Дайындал» деген бұйрықта сәл көтеріліп, алға қарап тұрады. «Жүгір» деген бұйрықта бар екпіні мен аяқты жылдам қолды алға артқа сермеп 20 метрге барынша қарқынмен жиі-жиі басып жүгіреді. 2.Жүз метрге жүгіру. Жүз метрге жүгіру ережесін таныстыру:
«Сөреге» деген бұйрықта сөреге тұру. «Дайындал» деген бұйрықта көтерілу. «Жүгір» деген бұйрықта аяқ -қолды тез тез қимылдатып, 20 метрге дейін аяқты жиі-жиі басып, қарқын алғанша жүгіріп, қалғанын барынша қарқынмен жүгіріп келіп, мәре сызығын кесіп өту қажет. 100 метрге жүгірту. |
Оқушылардың сөреге дұрыс тұруын қадағалау және итеретін аяқтарын алға қойығанын қадағалау.
Оқушылардың «жүгір» деген бұйрық бойынша жүгіруін қадағалау. Сөреден дұрыс шығып берілген қашықтықты тоқтамай жүгіріп өтуін қадағалау. Әр оқушы өз жолымен жүгіруін қадағалау. |
|
| ІІІ Қорытынды бөлім
3-5 мин |
Оқушыларға демалыс жаттығуын жасату.
Сапқа тұрғызып,сабақта жіберген кемшіліктері мен жеткен жетістіктерін айтып бағалау. Үйге тапсырма: Төменгі сөреден шығу техникасын қайталау. 100 метрге жүгіріп жаттығу. |
Оқушылардың ағзасын бастапқы қалыпқа келуін қадағалау |
