Жаңа сабақтар

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа техно логиялық әдістерді тиімді пайдалану.

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологиялық

әдістерді тиімді пайдалану.

№15ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қоңқабаева Гүлсім Қаратайқызы.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев өз жолдауында «Білім беру реформасы Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттерін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманға білім беру жүйесі қажет»,-деп айқын атап көрсетті.

Еліміздің мәртебесі биік болуы қоғам мүшелерінің , келешек ел болашағы жас ұрпақтың барлық дәстүріне де, әлем мәдениетіне де, қанық ел тізгінін ұстай білетін ұрпақ тәрбиелеу бізге сеніп тапсырып отыр. Қазіргі заманға білім беруге қойылатын талап оның сапасын арттыру.

Мұғалім үшін оқыту мен тәрбиелеудің тұлғалық бағдарлық мәселелері оқушы деңгейіндегі ғылыми жобаларды жасақтап, оны жүзеге асыру әдістері, оқушының жеке тұлғасын дамытуға бағытталған жаңа педагогикалық технологияларды таңдау тәсілдері – оқытудың негізгі бөлімдері ретінде қарастырылуда. Білім берудің мақсаты –терең білімнің кәсібі дағдылары негізінде, өз бағытын еркін анықтайтын өз мүмкіндіктерін іске асыра алатын, өзін-өзі дамыта алатын және өз еркімен жауапкершілікті дербес келісім қабылдайтын жеке тұлғаны қалыптастыру.

Жеке тұлғаны қалыптасуын дамыту және оған жан-жақты терең білім беру мақсатында баланы оқыта отырып оның еркіндігін, белсендігін қалыптастыра отырып, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру жолында неғұрлым тиімді шараларын енгізу- бүгінгі ұстаздардың жауапты міндеті. Мұндай бағыттағы шараларды жүзеге асыру үшін бүгінгі күн талабы –оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру , халықаралық ғылыми коммуникациялық желілерге шығу екендігі Қазақстан Республикасының білім туралы» заңында белгіленген . Жаңа технология дегеніміз – «техно» өнер, шеберлік, ой «логос» -ғылым . Өндіріс саласында өнімнің шығару тәсілін білдіре , педагогика саласында шеберліктің мәнін білдіреді.

Қазіргі кезде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технологияның негізіне мыналар жатады : әрбір оқушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру; оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру; оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу , іздену дағдыларын қалыптастыру.

Оқу-тәрбие үрдісінде қолданылып нәтиже беріп жүрген жаңа технологиялар: дамыта отырып оқыту технологиясы (Л.Занков, Д.Элконин, В.Давыдов, В.Репин, В.Левин); оза отырып оқыту((Л.Лысенкова); іс-әрекетті бағалау(Ш.Аманашвили, И.Волков); тірек конспектілері арқылы оқыту (В.Шаталов); бағдарлап оқыту, дифференциалдап оқыту, топтық және ұжымдық оқыту, ақпараттық технологиялар (Н.К.Гузик,Ж.Караев); модульдік оқыту(М.Жанпейісова); оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы т.б. Бұл технологиялардың негізгі қағидалары ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің бірлігі оқушының танымдық , шыгармашылық қабілетін дамыту, әр оқушының қабілеті мен деңгейіне орай оқыту, оқушылардың жан-жақты дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу, оқу үрдісін оқушының сезінуі болып табылады.

Мен өз сабақтарымда сыни тұлрұсынан ойлау технологиясын ассоциация әдісін, Венн диограмасын басшылыққа ала отырып өткіземін. Сабақ басталар алдында оқушылармен мына таблицаны таныстырып өтемін:

1.Ұсынылған ой талқыланбайды.

2. Әр ұсынылған ойды қозғауға, дамытуға болады

3.Барлық ойларды белгілеп отыру.

4.Ойлары ұқсас оқушыларды біріктіру.

5.Уақыттың шектелуі.

«Сын тұлғасынан ойлау» технологиясы негізінде өткен сабақтар оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға жұптық және ұжымдық бірлесіп жұмыс жасауға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, ең бастысы оқушы білімінің теңділігі мен тиянақтылығын арттырады.

Ойын жеткізу

Іздену

Білгісі келіп ұмтылу

Қиялдауы

Пікір таластыра білу

Өлең жолдары

Эссе құрастыру

Әңгіме құрастыру

Ойын түрлері

Дамытуға арналған жаттығулар

Электрондық оқулықты қолдану

Ертегіні аяқтау, құрастыру

Драмалау

Сөзжұмбақты шешу

Жарыс ұйымдастыру

Мақал – мәтелдерді байланыстырып жазу

Сонымен қатар тақырып бойынша жасалған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді . Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы оқушының өзіндік жеке жолы, даму динамикасы , ынтасы, ойлауы, есте сақтауы , оқу сапасы арта түседі. Әр оқушының ой-өрісі кеңейеді және білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. Деңгейлеп оқыту технологиясы 4-деңгейден тұрады.

1-деңгей. Оқушылық деңгей –оқушылар жаңа тақырыптан алған білімдерін бекіту, практикада қолдана білуге жаттықтыру.

2-деңгей. Алгоритмдік деңгей- үйренушілік леңгейдегі білімін толықтыру күрделі материалдарды жүйелей алуы, алған білімдерін басқа тапсырмаларды орындағанда пайдалана алуы сол тақырыпта , сол тақырыпты еркін меңгергені байқалады.

3-деңгей. Эвристикалық деңгей-материалды саналы түрде меңгеру. Бұл деңгейде оқушылардың меңгерген білімдерін тереңдету үшін танымдық ізденіс,әр түрлі логикалық тапсырмаларды талдап, жинақтай алуы және салыстыра білуді қажет етеді.

4-деңгей.Шығармашылық деңгей- өз бетімен оқу материалдарын меңгеру.Деңгейлік тапсырмалардың өзі дамытпалы түрде болады.Барлық оқушы өз қызметіне төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейге көшіп отырады.

Бұл оқушылар арасында жарыса оқу жағдайын туғызады және әр оқушының мемлекеттік стандарт деңгейінде білім алуына кепілдік береді. Деңгеймен оқытудың тиімділігі :класс оқушыларын жаппай жұмыс істеуге үйретеді, қиындықтарды жеңе білуге дағдыландыруға пәнге деген қызығушылығын арттырады, ізденіс дағдысы қалыптасады.

Қорыта келе , жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану білім сапасын арттырудың бірден-бір тиімді жолы, әрі оқыту үрдісінде оқушылардың білім қорын молайтуға, белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге маңызы зор.

Қолданылған әдебиеттер:

1.Қ.Өстеміров, А.Айтбаева. Қазіргі білім беру технологиялары. Алматы , 2006ж, 220 б.

2.М. Байжанов. Педагогикалық инновация және оқытудың қазіргі технологиялары. Қызылорда 2000 ж.

3. «Қазақстан мектебі» журналы №9, 2007 жыл.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.