«Алтын күз» (сыныптан тыс жұмыс)
Әлібекова Әлия Хожабайқызы
Қызылорда облыстық девиантты мінез-құлықты
балаларға арналған мектеп-интернаты тәрбиешісі.
«Алтын күз» (сыныптан тыс жұмыс)
Мақсаты: оқушыларды табиғатты сүюге, аялауға, еңбек етуге үйрету, экологиялық тәрбие беру. Оқушылардың әртістік қабілетін дамыту.
Көрнекілігі: «Алтын күз» атты плакат, жіпке тағылған жапырақтар,шарлар
Барысы: 1. Сәлемдесу (өзін-өзі таныстыру)
2. Жұптар вальсі.
3. «Күз» тақырыбында эссе жазу.
4. «Күзгі сән» (табиғи заттардан киім үлгісін көрсету)
5. «Күзге арнау» (өз өнерін көрсету)
6. «Күзгі дәм» (дақылдардан түрлі тағам дайындау)
7. Күзгі балл патшасы мен патшайымының үкімі.
Музыкалық фон- ж.д.-59 тр.
Жүргізуші: Армысыздар ағайын,құрбы-құрдас!
Бармысыздар жанкүйер, әз қауымдас!
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық.
Сайыста көңілденіп қол соғайық!
Құрметті оқушылар мен қонақтар!
Бүгінгі «Алтын күз» атты байқау кешімізге қош келіпсіздер! Біздің бұл байқауға жиналып отырған мақсатымыз,бүгінгі «Алтын күз» байқауынан күз ханзадасы мен ханшайымын шығару.
Жүргізуші: Мереке бүгін,күздің міне келгені
Күздің бізге бақыт-байлық бергені.
Құтты болсын мерекесі «Алтын күз»
Бәрімізді қуаныш күй тербеді.
Аққудай әдеміміз,сұлу жанбыз,
Әр үйде шығатұғын жаңа таңбыз,
Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе-тең ғып,
Еріксіз өзімізге қаратармыз,- дей отырып,ортаға қатысушы жұптарды шақырайық!
Музыкалық фон-ж.д.-58 тр.(сахнаға сайыскерлер шығады)
1-жұп: Кеңесхан мен Ақкенже.
2-жұп: Никита мен Лейла
3-жұп: Женя мен Света
Жүргізуші: Көп сөйлеп жөн-жобадан аспайық біз,
Қандай сайыс болса да қашпайық біз,
Ал,енді,сіздер рұқсат етсеңіздер,
Қанекей,жұптар сайысын бастайық біз.
Енді сайыс бағдарламасымен таныстырып өтейін:
1. Сәлемдесу (өзін-өзі таныстыру)
2. Жұптар вальсі.
3. «Күз» тақырыбында эссе жазу.
4. «Күзгі сән» (табиғи заттардан киім үлгісін көрсету)
5. «Күзге арнау» (өз өнерін көрсету)
6. «Күзгі дәм» (дақылдардан түрлі тағам дайындау)
7. Күзгі балл патшасы мен патшайымының үкімі.
(Әділ-қазылар алқасымен таныстыру)
Жүргізуші: Деген екен қазақ халқы сәлем сөздің анасы,
Біледі оны еңкейген қарт,еңбектеген баласы.
Амандасу-ізгіліктің,сыпайылықтың белгісі,
Сәлем достар! Амансың ба? – дегендей,
1-ші тур: «Сәлемдесу» (әр жұп өздерін таныстырады)
Әділ-қазылардың 1-ші турды бағалауы.
