Алпамыс -ел қорғаны

Атырау қаласы. Жалпы білім беретін № 6 орта мектебінің
қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
Ихуанова Гулзада Зинеденқызы

Сабақтың тақырыбы:Алпамыс -ел қорғаны

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Алпамыс батыр» жырындағы кейіпкерлер идеясын

ашу, жырдағы патриоттық сезімдерді саналарына

дарыту, теориялық білімдерінің негізінде

шығармашылыққа деген ынталарын арттырып,

білімдерін тереңдету.

Дамытушылық: «Алпамыс батыр» жырындағы асыл сөз

айшықтары арқылы ойлау, шығармашылық

қабілетін,тіл байлығын дамыту,

ұқыптылыққа баулу.

Тәрбиелік: Оқушыларды туған жерін сүюге,эстетикалық сезімін

оятуға,ана тілін ардақтауға,халқының тәуелсіздігін

сақтауға,оны қорғай білуге және жыр кейіпкерлері арқылы

адал достыққа,бауырластыққа тәрбиелеу,ойын арқылы

тапқырлық қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың типі: бекіту сабағы

Сабақтың түрі: дәстүрлі, қорыту,талдау шығармашылық.

Сабақтың әдісі: деңгейлік тапсырмалар, «топтастыру» стратегиясы,

семантикалық карта бойынша жұмыс,сұрақ -жауап,

«дыбыстық сөйлету» ойын, Венн диограммасы т.б.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар,парақшалар, «Батырлар жыры»,

«Алпамыс батыр» жыры кітаптары.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылардың сабаққа қатысымен,сынып тазалығын тексеру.

Мұғалім сөзі:

Пай?Пай! Қазақтың батырлар -ай!

Дүбірлетіп дүниені өткен ұдай дегендей біз бүгін сабағымызды«Алпамыс батыр» жырынан алған білімізді қорытындылаймыз.

II. Жадымда жыр мазмұны тақырыбы бойынша деңгейлік тапсырмалар орындалады.

I-деңгей

1.Алпамыс жеті жыл зынданда жатқанда кім көмектесті?

2.Байшұбар мыстан кемпірді не үшін тепті?

3.Алпамыс Гүлбаршынды алып келгенде Байбөрі не деп алдынан шықты?

4.Ұлтан не себепті Жәдігерді көкпарға тартпақшы болды?

II-деңгей

1.Алпамысқа кімдер көмектесті?

2.Тайшық ханның іс -әрекетін айт.

3.Алпамыстың ерекшеліктері қандай?

4.Кейқуат кім?

III-Деңгей

1.«Алпамыс батыр» жырын батырлар жырына жатқызуға бола ма?

2.Алпамыс дүниеге қалай келді?

3.Сарыбай неге елден көшіп кетті?

4.Ұлтан кім?

III.«Топтастыру» стратегиясы бойынша Алпамыс батырға сипаттама беру.

Намысшылдық

Отаншылдық Ержүректілік

Ер адамға тән қасиет

Мейрімділік

IV. Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу.

2.Сабақ мақсатын түсіндіру.

V.Жаңа сабақ:

Оқыған батырлар жырының бір- бірімен сабақтастығын, көрнекілігін,кейіпкерлерінің бейнесін аша түсу үшін түрлі жұмыстар жасаймыз

Ердің бағын ашпаса,

Ер мұратқа жетер ме?!

Ерінің сағын сындырса,

Ел мұратқа жетер ме! -деп Әйтеке би айтқандай елін ,жерін. Жаудан қорғап,елін бостандық,бірлік сыйлаған батырлар қазақ халқында өте көп. Алпамыс,Қобыланды, Ер Тарғын сынды батырларымыздың ерлігін оқыдық.Тағыда қандай батырларды білеміз? Бұқарбай,Жанқожа,Райымбек,Наурызбай,Қабанбай, Б.Момышұлы т.б

1.Мазмұнға мәр бер.

Мақсаты жырдың көркемділік құралдарына мән беру,теория бойынша жұмыс.Мәтіннен үзінді оқу арқылы дәлелдеу

2. Мақал сөздің мәйегі.

Жыр мазмұнына байланысты мақал -мәтел құрастыру.

3.«Жадымызда сақтаймыз»

Жырдан үзінділерді жатқа айту.Мақсаты есте сақтау дағдысын қалыптастыру.

Ой толғаныс «Дыбыстар сөйлейді» стратегиясы

А – айлалы Л-лапылдаған П-патриот

А-арлы М –махаббатқа берік Ы-ынталы

С-саналы

Міне,осы сөздерден -ақ Алпамыстың қандай батыр екендігі көрініп тұр,бейнесі ашылып тұр.Ол болса, батырлыққа тән осы қасиеттер біздің ,яғни Қазақстан ұрпақтарының бойынан табыла берсе екен деген тілек туады.Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жылдан -жылға гүлденіп келеді.Осы бейбітшілік өмірді бізге әперген еліміздің алып батырлары емес пе?

Кейіпкерлер әлемі.Семантикалық карта

Алпамыстың туыстары,

достары.

Қарындасы Әкесі Шешесі Әйелі Әкесінің ағасы Құлтайдың баласы Тайшық ханның қызы Тайшық еліне хан болған адам Күңнен туған ұл Ұлтанның әйелі Алпамыстың ұлы
Құлтай
Гүлбаршын
Тортай
Байбөрі
Аналық
Қарлығаш
Жәдігер
Кейқуат
Қаракөзайым
Ұлтан
Бадамша

Венн диограммасы

«Қобыланды батыр» Ұқсастығы «Алпамыс батыр»жыры

Ой түйін. «Екі жақты» күнделік стратегиясыбойынша кесте толтыру.

Әңгімеден алған әсерім Пікірім

VI.Қорытынды.

Ақсұңқар ұшар жем үшін,

Туады ерлер ел үшін.

Тоқтай алмай барамын,

Ағайын -туған ел үшін,-демекші,елімізді,жерімізді қорғаған батырлар әрқашан өз Отаны үшін қандай қиыншылық болса да жауға қарсы тұра алды.Біз де сол батырлар сияқты өз Отанымызды қорғайық,гүлдендірейік!

Алпамыс ел қорғаны,халық қаһарманы дейміз.Алпамыс қиялдан туған кейіпкер.

VII.Үйге тапсырма: «Батыр туса -ел ырысым» тақырыпта шығарма жазу.

VIII..Бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше