Көбейтіндіні, бөлшекті және дәрежені дәрежеге шы ғару.
Алгебра 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Көбейтіндіні, бөлшекті және дәрежені дәрежеге шығару.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Көбейтіндіні, бөлшекті және дәрежені дәрежеге шығару ұғымын ашып түсіндіру, мысалдармен көрсету, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау шеберлігін, математикалық сөйлеу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Зейінділікке, зеректікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, формулалар, тест есептері, логикалық сұрақтар.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
- Оқушылар бүгін біз сендермен «Білім сарайына» саяхат жасаймыз. Сарай 6 қабаттан тұрады. Әр қабатқа өту үшін сол қабаттың тапсырмасын дұрыс және толық орындау керек. Сол кезде ғана келесі қабатқа өте аласыңдар. Ендеше саяхатымызды бастайық.
1-қабат: «Жалғасын тап»
2-қабат: «Білгенге маржан»
3-қабат: «Мысалдар»
4-қабат: «Есептей білеміз бе ?»
5-қабат: «Логика»
6-қабат: «Кім жылдам ?»
- Үй жұмысын тексеру (4-слайд)
1-қабат: «Жалғасын тап»
- Егер а-кез келген сан, ал п 1-ден үлкен натурал сан болса, онда …
Негіздері бірдей дәрежелерді көбейткенде…
Негіздері бірдей дәрежелерді бөлгенде…
Нөлден өзге а санының нөл дәрежесі…
2)а3·а7:а8=
в3·в4:в6=
(25·32)/27=
(1/3)³:(1/3)=
(2,1)0·3³=
- Жаңа сабақ (5-6 слайдтар)
2-қабат: «Білгенге маржан» қабаты.
Көбейтіндіні, бөлшекті және дәрежені дәрежеге шығару.
(а·в)³=ав·ав·ав=(а·а·а)(в·в·в)=а³·в³, (ав)³=а³·в³
Оқушылар ережені өздері тұжырымдайды.
- Көбейтіндіні дәрежеге шығару үшін көбейткіштердің әрқайсысын осы дәрежеге шығарып, нәтижелерін көбейтеді.
(ав)n=аnвn
(а/в)4=(а/в)(а/в)(а/в)(а/в)=(а·а·а·а)/(в·в·в·в)=а4/в4
Оқушылар ережені өздері тұжырымдайды.
Бөлшекті дәрежеге шығарғанда, оның алымының да, бөлімінің де әрбір көбейткішін осы дәрежеге шығарады.
(а/в)n=аn/вn
(а3)4=а³·а³·а³·а³=а3+3+3+3=а12
Оқушылар ережені өздері тұжырымдайды.
Дәрежені дәрежеге шығарғанда, негізін өзгертпей, көрсеткіштерін көбейтеді.
(аn)m=an·m
3-қабат «Мысалдар» қабаты (7-слайд).
- (4ав)²=4²а²в²
- (2ав/3ху)5=(25а5в5)/(35х5у5)=32а5в5/243х5у5
- (х4)4=х4·4=х16
- (а²в³с)³=а6в9с3
4.Түсінгенін тексеру кезеңі:
4-қабат: «Есептей білеміз бе ?» қабаты (8-слайд).
Оқушыларға оқулықтан №98,№101, №103 есептер беріледі.
5.Жаңа материалды бекіту және оқушылар білімін бағалау.
5-қабат: «Логика» қабаты (9-слайд).
- Дүкеннен 19 теңгеге сауда жасадыңыз. Бірақ сізде 3 теңгеліктер, ал сатушыда 5 теңгеліктер ғана бар. Тығырықтан шығар жолды айтыңдар.
- Төрт ағайындының әрқайсысының бір-бірден қарындасы бар. Бұл қалай болғаны ?
- Құмырысқа құдыққа түсіп кетті. Құдықтың биіктігі 10м. Ол күніне 3 м жоғары шығады да, шаршап 2 м төмен түседі. Ол неше күнде сыртқа шығады?
- Ажарда бір бүтін, екі жарты, 4 ширек алма болды. Барлығы неше алма?
- Алтыбұрыштың бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрышы қалады ?
- 3 л және 5л ыдыстардың көмегімен 4л суды қалай құйып алуға болады ?
- Қағазды 4 рет бүктеп 1 рет тескенде неше тесік пайда болады ?
- Екіадам үш сағат шахмат ойнады. Олардыңәрқайсысынешесағатойнаған?
- Алмұрталмаданауыр, алалмашапталданауыр. Қайсысыауыр – алмұрт па әлдешапталма?
6-қабат: «Кім жылдам ?» қабаты (10-11 слайдтар). Тест жеңіл есептерден құралады.
| 1-нұсқа | 2-нұсқа |
| 1)Көбейтіндіні дәрежеге шығарыңдар:
(аху)³ а) а³х³у³ в)аху³ с)а³х³у |
1)Көбейтіндіні дәрежеге шығарыңдар:
(сав)4 а)с4а4в в)с4а4в4 с)сав4 |
| 2) Дәрежеге шығарыңдар: (х2у/к)3
а)х²у³/к³ в)х6у3/к3 с)х6у3/к |
2) Дәрежеге шығарыңдар: (а3в2/с)4
а)а3в8/с в)а12в2/с4 с)а12в8/с4 |
| 3) Дәрежеге шығарыңдар: (а2)6
а)а12 в)а6 с)а8 |
3) Дәрежеге шығарыңдар: (в7)3
а)в21 в)в10 с)в24 |
| 4) х-тің дәрежесі түрінде жазыңдар:
(х3)4 :х0 а)х7 в)х6 с)х12 |
4) у-тің дәрежесі түрінде жазыңдар:
(у6)3·у0 а)у18 в)у10 с)у9 |
| 5) Өрнекті ықшамдаңдар: а2·(а³)²·а5
а)а12 в)а10 с)а13 |
5) Өрнекті ықшамдаңдар: в3·в5·(в²)4
а)в14 в)в10 с)в16 |
| Жауаптары: | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 1-нұсқа | а | в | а | с | с |
| 2-нұсқа | в | с | а | а | с |
Сабақ соңында оқушылар әр қабаттың тапсырмаларын дұрыс әрі тез орындап, білім сарайының шыңына жетеді. Белсене қатысқан оқушылар бағаланады. Қорытынды жасалады.
6.Үйге тапсырма беру (12-слайд).
№104, №106, №114
