Ақтайлақ пен Қанай шешен
Тақырыбы: Ақтайлақ пен Қанай шешен
Мақсаты: Ақтайлақ шешен мен Қанай шешен
өмірінен қысқаша мәлімет беру;
Шешендердің тауып айтқан шешендік
сөздерін оқыту, талдау арқылы оқушылар-
дың бойында жақсы қасиеттердің қалып-
тасуына ықпал жасау; сөздік қорларын,
ойлану, іздену қабілеттерін дамыту;
Адамгершілікке, ұйымшылдыққа, ана тілді
сүюге тәрбиелеу;
Сабақ түрі : сыни тұрғысынан ойлауға үйрету, іздену сабағы
Сабақ әдісі: баяндау, жазылым, мәнерлеп оқу,
сұрақ-жауап, топтастыру;
Көрнекілігі: Ақтайлақ пен Қанай шешен портреттері
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
А) Сәлемдесу, түгелдеу;
Ә) Бөлме тазалығы, оқушылардың оқу құралдарының түгелділігін тексеру, тыныштық сақтау;
ІІ. Ой қозғау.
Өтілген сабақты бекіту.
- Бөлтірік бидің «Бала – артта қалған із емес пе?» мәтінін жатқа сұрау.
- «Байлық», «бала», «Бақ» сөздерінің мәнін ашып, мақал-мәтелдер айту,сұрау.
қонған құс
әкенің жалғасы білім үй әйел
жастық шақ
денсаулық жар
тақ
артта қалған із мал талант
автокөлік
3. Сұрақ-жауап.
Балалар, «Байлық», «бала» туралы қандай мақал-мателдер, нақыл сөздер білеміз?
Жақсы мінез – бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы. У.Гезлит
Баланың жақсысы – қызық , жаманы – күйік. А.Құнанабаев
Бала өсті дегенше, батыр өсті десейсі,
Батыр өнер білмесе, қапыл өсті десейші. С.Дөнентаев
ІІІ. Жаңа сабақ.
Тақырыбы: Ақтайлақ пен Қанай шешен
Ақтайлақ би өмірінен мәлімет (баяндау)
Ақтайлақ Байғараұлы (ХVІІІғ.аяғы-ХІХғ.басы) 1720-1816 жылдар аралығында өмірсүрген, қазақ халқының атақты би, шешен биі, әрі төкпе ақыны. Семей облысының Жарма,Аякөз, Таскескен аудандарын мекендеп отырған найман ішіндегі Сыбан руының Жантөбек тармағынан шыққан Ақтайлақ би заманында алдына жан салмайтын, үлкен рулардың шешендерімен бас қосқан алқалы жиындарда сөйлесіп қағысқанда бір ауыз мақалмен немесе толғау-жырлармен ел тоқтататындықтан қазақтың қара тілі атаныпты.
Ақиық ақынның ғасыр жасағанына оның:
Екі қырық, бір он бестен асып тұрмын,
Аяқты апыл-ғұпыл басып тұрмын,-
дейтін өлең жолдары куә болады.
Қанай би өмірінен мәлімет. (баяндау)
Қара басынан халқының қамын биік қойып, алаштың амандығына жанын жалдаған, елжанды дәстүрден нәр алған, өрөнжім намыстан жаралған қаһармандардың бірі, әрі би, әрі батыр – Қарауыл Қанай еді.
Қанай Құттымбетұлы 1693 жылы қазіргі ақмола облысы Зеренді ауданының Қарабұлақ мекенінде (қазар Қанай би ауылы деп аталады) дүниеге келіп, дәурен сүрген. Ел аузында жүрген, қағаз беттерінде қатталған деректерде Қарауыл Қанай батыр Арғын тайпасынан тарайтын Атығай-Қарауыл руының бас биі атанып, Абылай хан мен Бұқар жыраудың ұсынысымен Орта жүздің төбе билігіне сайланады. Тіпті, 1771 жылы Абылай сұлтанды бүкіл Орта жүз ханы етіп сайлау барысында Қанай бидің тікелей қолдау көрсетіп, шешуші дауыс алуының өзі оның ел-жұрты алдында беделді де уәлі тұлға болғанын көрсетеді.
ІV. Жазылым.
Ақтайлақ шешен Қанай шешеннен:
- Ер басында бақыт нешеу?
Кемдік нешеу?
Құлазу нешеу? – депті.
Сонда қарауыл Қанай шешен былай деп жауап береді: – Ер басында бақыт бесеу, кемдік үшеу, құлазу төртеу.
Атың жүрдек болса,
Жалғанның пырағы.
Алғаның жақсы болса,
Үй мен қонақтың тұрағы.
Әкең – асқар тау,
Шешең – қайнар бұлақ,
Балаң жақсы болса,
Екі көздің шамшырағы.
Міне, бес бақыт осы.
Атың шабан болса,
Жалғанның азабы.
Алғаның жаман болса,
Дүниенің тозағы.
Балаң жаман болса,
Көрінгеннің мазағы.
Міне, үш кемдік осы.
Қалың ел көшсе,
Көл құлазиды.
Қаптаған мал кетсе,
Бел құлазиды.
Нарқын танымаған
Сөз құлазиды.
Қатарынан айрылған
Шал құлазиды.
Міне, төрт құлазу осы.
V. Мәнерлеп оқу.
Ер басында «бақыт», «кемдік», «құлазу» туралы айтылған түсінікті жекелеп оқыту.
VІ. Ой қозғау әрі түсінікті тексеру.
1. Топтастыру әдісі бойынша «бақыт», «кемдік», «құлазу» сөзінің мағынасын ашу.
Оларға нелер жататынын білу.
жақсы жар шабан ат жаман жар көл бел
жүрдек ат
сөз
жақсы бала ата
әке жаман бала
ана
2. Мақалдарды толықтыр.
А)
