Дулат Бабатайұлы. «О,Ақтан жас,Ақтан жас»

Астана қаласы гуманитарлық

колледжінің филология бөліміндегі

«Негізгі мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті»

мамадығы бойынша 4 курс студенті

Бекназарова Анель Мерекеқызы

Сабақтың тақырыбы: Дулат Бабатайұлы. «О,Ақтан жас,Ақтан жас»

Сабақтың мақсаты:

1) білімділік: Д.Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, өлеңнің құрылысы мен көркемдік ерекшеліктеріне тоқталу;

2) дамытушылық: Оқушылардың тіл байлығын арттыру, сөздік қорларын молайту,шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

3) тәрбиелік : Оқушыларды ана тілін сүюге, қарапайымдылыққа,отансүйгіштікке, адамгершілікке баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгеру

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, сөздік әдіс, талдау.

Сабақты қолданылатын көрнекіліктер: оқулық, Дулат Бабатайұлының портреті т.б.

Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих, география

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

А)оқушылармен сәлемдесу;

Ә) оқушылардың назарын сабаққа аудару;

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасын пысықтау үшін сұрақтар қоямын.

1/Күлтегін жырында еркіндік, бостандық, тәуелсіздік идеясы қалай көрінген? 2/Күлтегін жырының басты тақырыбы қандай, нені ұқтыңдар?

3/ Күлтегін жырының тәрбиелік мәні неде?

ІІІ.Жаңа сабақ

Тақырыбы; Д.Бабатайұлы «О,Ақтан жас,Ақтан жас»

2) Түсіндіру: ІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі – Дулат Бабатайұлы. Ол 1802 жылы Семей өңірі, Аягөз маңында дүниеге келген. Ауыл молдасынан оқып, хат танып, мұсылманша сауатын ашады. Өзіне дейінгі әдебиет үлгілерінен мол сусындап, көне ақын-жыраулар мұрасынан ескі тарихи аңыздар мен эпикалық жырларды тыңдап, нәр алып өскен ол өз дәуіріндегі ең білімді адамдардың бірі болды.Жастайынан ауыз әдебиетінен, жыраулар мұрасынан нәр алып өскен. «Өсиетнама» атты өлеңдер жинағы бар. Ақынның шығармалар жеке кітап болып басылып шыққан.

Дулат Бабатайұлы халықтық шығармаларды, ұлттық поэзия үлгілерін жаттап өскен, көне түркі поэзиясынан тағылым алған. Бұқар және Ақтамберді жырауларды ұстаз тұтқан. Өлеңді ауызша да, жазбаша да шығарған ол қазақ поэзиясын жаңа сатыға көтерді.

Дулат Бабатайұлы өзі өмір сүрген уақыттың ахуалын қаз-қалпында жырлаған, оған өзінің азаматтық ой-пікірін батыл білдірген күрескер ақын болды. Өз кезінде ел ішіндегі жан ауыртқан оқиғаларды өлеңге айналдырған жыр дүлділі ғана емес, сол жайлардан үлкен әлеуметтік ойлар түйген ойшыл дәрежесіне көтерілді.

Дулат Бабатайұлының шығармалары, негізінен, қазақ халқының екі жақты езгіге түскен ауыр халін суреттеуге құрылған. Бірінші, патша үкіметінің отаршылдық қанауы. Екінші, патша үкіметі тарапынан тағайындалып, солардан қолдау табатын жергілікті әкім-билердің езіп-жаншуы.

Өнер жолына ерте түскен, өмірінің соңғы күндеріне дейін ел ықыласына бөленген Дулат 1871 жылы қайтыс болады.

3)Оқулықпен жұмыс:

Дулаттың арнау өлеңдері ішінде «Ақтанға» деген өлеңінің сипаты өзгешелеу. Жетім бала Ақтанның өмірі ақынның аяушылық сезімін қозғап, жүрегін тебірентеді. Ал Дулатты баланың болашағы көбірек толғандырады. Ол осы Ақтан баланың бойынан ел тілегін арқалап, халық басына өз еркі өзіндегі өткен дәуренін қайта оралтар ерді, батырды көргісі келеді.

Ақын Ақтан бала ер жетіп, «бадана көз тоғыз тор сауыт» киіп, қашан ғана жауды қуар екен деп армандайды.

О, Ақтан жас, Ақтан жас,

Сенде жетер ме екенсің?

Жетімдіктің белінен

Асып өтер ме екенсің?

Жарық сәуле көре алмай,

Ел шаңына ере алмай,

Сол бойы кетер ме екенсің?

Жапанға біткен жапырақ

Жамылсан тонар ма екенсің?

Жазғы шыққан бүлдірген

Сұғыңсаң тояр ма екенсің?

Күрек тісін қасқайтып

Сұлу сүйер ме екенсің?

Бадана көз, тоғыз тор

Сауыт киер ме екенсің?

Білтеліні тұтатып,

Түтінін үзбей оқ атып,

Жау қашырар ма екенсің?

Тұлпар атты жаратып,

Құйрық – жалын таратып,

Бежін ерді ерлетіп,

Жорыққа жортып, терлетіп

Сырты қырлы, жүзі алмас,

Салған дағы жоғалмас

Сапы асынар ма екенсің?

Босағасын борлатқан,

Таңдайға дәмі татымас

Керегесін торлатқан,

Тегерішін манаттан,

Жібектен ызып бау таққан

Үйге кірер ме екенсің?

Тең құрбыңмен теңеліп,

Шаруа жиып кенеліп,

Бала сүйіп, мал жиып,

Керсеніңе бал құйып,

Өмір де сүрер ме екенсің?

Жетімдіктен өтерсің,

Шаң бермей әлі кетерсің.

Қажыма, Ақтан, қажыма,

Жетерсің, әлі жетерсің!

деп толғайды. Ақынның ойынша, жігіттің даңқын шығарып, оны дегеніне жеткізетін бір-ақ жол бар. Ол – ел мақсаты үшін жан аямай күресу жолы.

Ақын Ақтанның ел үміт күткен сондай жас болуынан үміттенеді.

Жетімдіктен өтерсің,

Шаң бермей әлі кетерсің,

Қажыма, Ақтан, қажыма,

Жетерсің, әлі жетерсің.

Талмай талпынса, қайраттанып алға ұмтылса, жетім Ақтанның да кейін қатарға қосылатыны, жетілетіні күмәнсіз дейді ол.

Талдау:

1. Мәнерлеп оқу

2.Мазмұны бойынша Ақтан жас деген кім?

3.Ақын Ақтан жасқа қандай үміт артады?

4.Қалай ойлайсындар,ақын үміті ақтала ма?

Болжау сұрақтары:

1.Егер сен осы ортада Дулат Бабатайұлы отырса қандай сұрақ қояр едің?

3.Осы өсиет батадан кейін Ақтан жас қандай адам болады деп ойлайсыңдар?

Сөздікпен жұмыс; Бежін-Қытай елінің астанасы Пекин.

IV.Жаңа сабақты бекіту.

1/ Өлең неліктен «О, Ақтан жас, Ақтан жас» деп аталды?

2/ Неліктен, Д.Бабатайұлының өлеңін сұрай арнау үлгісінде жазылған дейміз?

3/ Ақтанға айтқан ақынның ақ тілек батасынан ел қатарына қосылған ер жігітке тән қандай сипаттарды байқауға болады?

4/Дулат бабатайұлы Қазақ әдебиетінде қандай орын алды?

5/Ақын қай жылы дүниеге келді,қайда?

6/Кішкентай кезінде қандай болды?

3.Дәл осы заманда жүйрік атың болса машинаға немесе ақшаға айырбастар ма едің?

VІ. Үйге тапсырма:

Қосымша әдебиеттер көзін қарастыра отырып,ақынның өздеріне ұнаған өлеңдерін жаттап келу.

VІІ.Бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше