Ахмет Байтұрсынұлы «Ақын ініме»
Астана қаласы гуманитарлық
колледжінің филология бөліміндегі
«Негізгі мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті»
мамадығы бойынша 4 курс студенті
Бекназарова Анель Мерекеқызы
Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Ақын ініме»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ахмет Байтұрсыновтың өмірімен таныстыра отыра, өлеңнің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Дамытушылық: әдеби-теориялық білімдерін тереңдету,сауатты жазуға,дұрыс сөйлеуге, шапшаңдыққа,тез ойлауға машықтандыру.
Тәрбиелік: оқушыларды білімге,адалдыққа,адамгершілікке баулу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сатылай кешенді талдау.
Сабақтың көрнекілігі: ақынның портреті, видеоролик оқулық,кесте-сызба т.б.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
А) оқушылармен сәлемдесу;
Ә) оқушыларды назарын сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Ш.Құдайбердіұлы «Мал жимақ»
ІІІ. Жаңа сабақ
Ахмет Байтұрсыновтың өмірімен қысқаша таныстыру.Ақын туралы видеоролик көрсету. «Ақын ініме» атты өлеңін оқып, талдау,түсіндіру.
Хронолиялық кесте
| Болған уақыт | Басты оқиғалар |
| 1873 ж 28 қаңтар | Торғай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келген |
| 1886-1891 жылдары | Торғай қаласындағы екі сыныптық мектепте Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқыды |
| 1907 жылы | Ақтөбе, Қостанай, Қарақаралыда екі сыныптық училищеде бала оқытады |
| 1920 жыл | Насихат жұмысы жүргізгені үшін Семей абақтысыны 8 ай бойы қамалады |
| 1926-1928 жылдары | «Қырық мысал» және «Маса» өлеңдер жинағы шығады |
| 1921 жыл | Қазақстан кеңестерінің І съезінде Қазақстан Үкіметіне мүше болып сайланады |
| 1937 жыл 8 қазан | Халық ағарту комисиараты жанындағы ғылыми әдеби коммиссиның төрағалығына тағайындалады.
Қара тізімге ілініп тұтқынға алынады Азапты қуғын-сүргіннен оралады Қайта ұсталып 8 желтоқсанда ату жазасына ілінеді |
Өлең қазақтың аса көрнекті ағартушысы,қоғам қайраткері ақын,жазушы,жалынды көсемсөз шебері Міржақып Дулатұлына арналған.
Өлеңде ақын інісіне кекесінмен айтқан ақылдарында ирониялық сарын басым.
Ақын ініме
Аз сөзге құлағың сал, ақын iнiм!
Ой, пiкiр, рухымыз жақын, iнiм.
Ағалық правосын қолыма алып,
Келемiн айтайын деп ақыл, iнiм.
Өзiмдi ағаңмын деп үлкейтемiн,
Онымды көремiсiң мақұл, iнiм?
Адасқан ағаңыздың жерi болса,
Тiлеймiн ете гөр деп ғафу, iнiм.
Жай жатсаң жаңылмайсың, адаспайсың,
Күресте кiм кетпейдi қапыл, iнiм.
Ат қойған аз-көбiне қарамастан,
Ақылға бiздер жарлы пақыр iнiм,
Доңыздай талғамай жеп семiргендер
Саналып ақылдыға жатыр iнiм.
Сүйiктi миллатыңа болам десең,
Нашардың көбiрек же хақын, iнiм.
Сыйласың десең жұртың қадiр тұтып,
Айғырсып, момындарға ақыр iнiм.
Бiлiмдi ел iшiнде болам десең,
Шешенсiп жоқты сөйлеп лапыр, iнiм.
Қолыңнан мұның бiрi келмес болса,
Кiсiмсiп ең болмаса қақыр, iнiм.
Сөзiңдi тыңдатайын десең жұртқа,
Ет асып табақ-табақ, шақыр, iнiм.
Аузымен орақ орып бәрiн де iстер,
Қымызды шара-шара сапыр iнiм.
Ет пенен қымыз берiп сөйлеп көрсең,
Айтқаның жұртқа балдай татыр iнiм.
Ақылың Аплатондай болса-дағы,
Етi мен қымызы жоқ – тақыр, iнiм.
Сұрақ-жауап
- Ақын өлеңде адам мінездеріндегі қандай қасиеттерді сынайды?
- Одан қандай жақсы қасиеттерді уағыздайтынын байқауға болады?Өлеңде ақынның халық алдындағы парызы,міндеті қандай болу керек екенін Ахан қалай аңғартуға тырысады?
- Өлеңнің соңғы шумағынан ақынның айтқысы келген өзекті ойын қалай байқауға болады?
2.Сөздікпен жұмыс
Ғапу (ету) – кешірім ет
Ғапыл (қалды) – қапы қалды, қапыда қалды, аңдамай қалды.
Пақыр – халі мүшкіл, байғұс, сорлы.
Милләтіңе – арабша ұлт деген мағынада. Тарихи сөз
Хақын – ақы, еңбек
Лапыр — лап – бұрынғы уақытта тізгін босап, аттан, тұра шап, деген мағынада айтылған жарлық сөз.
Лепір – бөсу, есу.
Қақыр – тамақты қырнай жөткірініп, қақырық шығару.
Рух – 1.Күш-қуат, батылдық
IV. Сабақты бекіту. Өлеңге сатылай кешенді талдау жүргізу
1.Авторы – А.Байтұрсынов. Қазақтың тұңғыш тіл білімі негізін қалаушы ғалым, публицист,аудармашығмысалшы,саясаткер.
3.Жанр түрі- поэзия (өлең) Өлең дегеніміз- белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырылып,үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.
4.Идеясы– атқамінер шонжарлардың мінез-құлқын әшкерелеу. Халқына пайдасы тиетін, адал қызмет ететін адам болып қалыптасуға үндейді. Идея дегеніміз- автор тақырып арқылы өмір шындығын суреттегенде оны өз көзқарасы ,өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Сол арқылы өзінің арман-мақсатын,қиялын білдіреді.
А-зы-рақ құ-ла-ғың сал, а-қын і-нім, 11 буын, 3 бунақ, а
О-йы-мыз, ру-хы-мыз жа-қын і-нім. 10 буын, 3 бунақ, а
А-ға-лық пра-во-сын қо-лы-ма а-лып,11 буын, 3 бунақ, ә
Ке-ле-мін ай-та-йын деп а-қыл, і-нім! 11 буын, 3 бунақ, а
1 шумақты, 4 тармақты, 11 буынды, 3 бунақты, қара өлең ұйқасы
Ө-зiм-дi а-ғаң-мын деп үл-кей-те-мiн, 11 буын 3 бунақ,а
О-ным-ды кө-ре-мi-сiң ма-құл, i-нiм? 11 буын,3 бунақ б
А-дас-қан а-ға-ңыз-дың же-рi бол-са, 11 буын, 3 бунақ в
Тi-лей-мiн е-те гөр деп ға-фу, i-нiм. 11 буын,3 бунақ а
1 шумақты, 4 тармақты,11 буынды,3 бунақты кезекті ұйқас
Жай жат-саң жа-ңыл-май-сың, а-дас-пай-сың, 11 буынды, 3 бунақ а
Кү-рес-те кiм кет-пей-дi қа-пыл, i-нiм. 11 буынды,3 бунақ б
Ат қой-ған аз-кө-бi-не қа-ра-мас-тан, 11 буынды, 3 бунақ а
А-қыл-ға бiз-дер жар-лы па-қыр i-нiм, 11 буынды,3 бунақ б
1 шумақты, 4 тармақты, 11 буынды, 3 бунақты, шалыс ұйқасы
До-ңыз-дай тал-ға-май жеп се-мiр-ген-дер 11 буын,3 бунақ а
Са-на-лып а-қыл-ды-ға жа-тыр i-нiм. 11 буын.3 бунақ б
Сү-йiк-тi мил-ла-ты-ңа бо-лам де-сең, 11 буын,3 бунақ в
На-шар-дың кө-бi-рек же ха-қын, i-нiм. 11 буын, 3 бунақ б
1 шумақты, 4 тармақты, 11 буынды, 3 бунақты, кезекті ұйқасы
Сый-ла-сын де-сен жұр-тың қа-дiр тұ-тып, 11 буын,3 бунақ а
Ай-ғыр-сып, мо-мын-дар-ға а-қыр i-нiм. 11 буын,3 бунақ б
Бi-лiм-дi ел i-шiн-де бо-лам де-сең, 11 буын,3 бунақ в
Ше-шен-сiп жоқ-ты сөй-леп ла-пыр, i-нiм. 11буын,3 бунақ а
1 шумақты, 4 тармақты, 11 буынды, 3 бунақты, кезекті ұйқасы
Қо-лың-нан мұ-ның бi-рi кел-мес бол-са, 11 буын,3 бунақ а
Кi-сiм-сiп ең бол-ма-са қа-қыр, i-нiм. 11 буын,3 бунақ б
Сө-зiң-дi тың-да-та-йын де-сең жұрт-қа, 11 буын,3 бунақ а
Ет а-сып та-бақ-та-бақ, ша-қыр, i-нiм. 11 буын,3 бунақ б
1 шумақты, 4 тармақты, 11 буынды, 3 бунақты, шалыс ұйқасы
Ау-зы-мен о-рақ о-рып бә-рiн де iс-тер, 12 буын, 3 бунақ а
Қы-мыз-ды ша-ра-ша-ра са-пыр i-нiм. 11 буын, 3 бунақ б
Ет пе-нен қы-мыз бе-рiп сөй-леп көр-сең, 11 буын,3 бунақ в
Айт-қа-ның жұрт-қа бал-дай та-тыр i-нiм. 11 буын, 3 бунақ б
А-қы-лың Ап-ла-тон-дай бол-са-да-ғы, 11 буын,3 бунақ г
Е-тi мен қы-мы-зы жоқ – та-қыр, i-нiм. 11 буын, 3 бунақ б
1 шумақты, 6 тармақты, 11-12 буынды, 3 бунақты, ұйқасы
Шумақ-аяқталған синтаксистік біртұтас ой. 8 шумақты
Тармақ-өлеңнің әр жолы. 30 тармақты
Бунақ– белгілі дауыс ырғағымен бөлінуі. 3 бунақты
Буын саны– дауысты дыбысқа байланысты. 11 буынды.
Ұйқас түрі– қара өлең ұйқасы,кезектес ұйқас,шалыс ұйқас . Ұйқас-өлең мазмұнымен тамырлас келіп,оған ерекше саз,әуен беретін өле тармақтарындағы сөздер үндестігі.
Әдеби-теориялық ұғымдар.
Теңеу: доңыздай, балдай,Аплатондай
Эпитет: ақылға жарлы, сүйікті милләт
Эпитет (грек. epіtheton – қосымша) – заттың, яки құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым, экспрессивті айқындаушы сөз. Мысалы, қазақ поэзиясында “алтын” сөзі эпитет ретінде көп қолданылады. Оның мағынасы да сан алуан:
- түсті (алтын күз);
- әдемілікті (алтын қасықтай);
- құтты мекенді (алтын бесік – туған жер, алтын аймақ);
- атақ-дәрежені (алтын жаға);
- қазына-байлықты (алтын сандық);
- жаны таза, адамгершілігі мол кісіні (алтын адам, алтын кісі) білдіреді.
Дөрекі сөздер: қақыр,лапыр,пақыр,айғырсып.
Сүйікті милләтіңа болам десең,Нашардың көбірек же хақын ,інім.
Сыйласын десең жұртың қадір тұтып,
Айғырсып момындарға ақыр,інім.
Білімді ел ішінде болам десең,
Шешенсіп,жақты сөйлеп,лапыр,інім.
Қолыңнан мұның бірі келмес болса,
Кісімсіп ең болмаса қақыр,інім.
Сөзіңді тыңдатайын десең жұртқа,
Ет асып таба-табақ шақыр,інім.
Фигура-айшықтау.
Арнау- жазушының көбіне –көп ақынның өзіне не өзгеге,кейде тіпті жалпы жұртқа арнайы тіл қатуы,көпшілікке қайырыла сөйлеуі,олармен іштей кеңесуі.
Бұл өлең жарлай арнауға құрылған. Өлең М.Дулатұлына арналған.
Тәрбиелік мәні . Өлең адамгершілікке үндеп, адал еңбек,қызмет етуге, шақырады. Жаман әдеттерден ,жамандардан бойды аулақ ұстауға шақырады.
Ахмет Байтұрсынов кім?
V. Үйге тапсырма беру. Өлеңді жаттау. «Ел келешегі жастардың қолында» деген тақырыпта ой толғау жазып келу
VI.Бағалау. Сабаққа белсенді араласып отырған оқушылардың білімін бағалап, тиісті бағасын қою.
