Математика әлеміне саяхат

Абдрахманова Аманқыз Бабасқызы

Мектеп алды даярлық сыныбының мұғалімі

Боран Нысанбаев орта мектебі

Атырау қаласы, Бірлік елді мекені

Сабақтың тақырыбы: Математика әлеміне саяхат

Сабақтың мақсаты: Балалардың санау дағдыларын дамыту, 1-10 санына дейін тура, кері санау, логикалық есептер шығаруға үйрету, таным процесін дамыту.

Көрнекі құралдар: 1-10 сандары, үлестірмелі материалдар, алма ағашы,гүлдер, жапырақтар, торғайлардың суреттері, , саяхат жасау, сұрақ қою, ойын.

Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, математика, сурет.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

– Сәлеметсіздер ме, балалар! Қонақтармен сәлемдесейік!

Сәлем – сөздің анасы Сәлеметсіздер ме – қадірменді қонақтар.Қош келдіңіздер – ортамызға! Сәлем – дейміз баршаңызға.

Армысың , ару күн,

Армысың , көк аспан

Армысың , жер ана,

Армысыз қонақтар,

Армысың достарым

Тілейміз, баршаңызға сәттілік.

Сабақтың барысы:

  • Бүгін аптаның қай күні?
  • Бүгін аптаның 5-ші күні жұма.
  • 5 санының санамағын кім айтады?
  • Бес дегенім – Берік,

Жақсылық болсын серік,

Жалқау достың , балам,

Соңынан кетпе еріп.

  • Кеше нешінші күн болды?
  • Кеше аптаның 4-ші күні бейсенбі болды.
  • Ал, қане кім айтады 4-санының санамағын?
  • Төрт дегенім төзім,

Сабырлы бол өзің,

Ұшқалақ болсаң , балам,

Мәнсіз болар сөзің.

  • Ертең нешінші күн?
  • Ертең аптаның 6-шы күні сенбі.
  • 6-санының санамағын кім айтар екен?
  • Алты дегенім – Ақыл,

Болғын ойлы, тапқыр,

Атаң айтса, балам,

Құп алғаның мақұл.

  • Балалар қандай сандарға байланысты санамақтар айтылмады?
  • 1,2,3,7,8,9,10 – сандарына байланысты санамақтар айтылған жоқ.
  • Балалар, дұрыс таптыңдар.
  • Бүгін, бәріміз математика әлеміне саяхатқа барамыз.

1-ші тапсырма:

  • Алма ағашында неше алма өсіп тұр?
  • Алма ағашында 5-алма өсіп тұр.
  • Сен – біреуін алдың; неше алма қалды?
  • 4-алма қалады.
  • Ағаштың басында 7 торғай отыр; екеуі ұшып кетті нешеуі қалды?
  • Ағаштың басында бес торғай қалды.
  • Жерде әдемі гүлдер өсіп тұр, түстері әр түрлі – кім қандай түсті гүлді алды – ол гүлдің артында есептер берілген, кім тез шығарады?
  • Мен көк түсті гүлді алдым.
  • Көк түсті гүлдің артындағы есеп – 5 санына 2 санын қосу.
  • 5-пен 2-нің қосындысы 7.
  • Кім 7 санына байланысты санамақ айтады?
  • Жеті дегенім – жеңіс.

Жолым болсын деңіз

Спортшы боп, балам,

Жемісіңді жегіз.

  • Балалар, енді «Қандай сан» жоқ ойынын ойналық.
  • Мына әртүрлі жапырақта сандар берілген, осылардың ішінде қандай сан жоқ екенін табыңдар.
  • 1-10 саны жоқ.
  • Ал, қане,кім 1-10 санына байланысты санамақ айтады?
  • Бір дегенім білім,

Төрт пен беске ілін

Алып жүргін балам,

Мұғалімнің тілін

  • Он дегенім оқу,

Қажет емес қорқу,

Білгеніңді балам,

Көңіліңе тоқу.

  • Балалар, саяхатта өздеріңе кездескен пішіндердің , гүлдердің , торғайлардың , алмалардың суретін салыңдар.
  • Балалар 4-топқа бөлініп сурет салады.
  • Жарайсыңдар балалар!
  • Сендерге саяхат ұнады ма?
  • Ұнады.

Қорытындылыау: Мадақтау. Балаларды мадақтап, жұлдызшалар, сыйлықтар тарату.Сабақты аяқтау.

– Қане балалар, келген қонақтарды шығарып салайық!

– Тату-тәтті достармыз,

Бірге ойнаймыз – күлеміз,

Достығымыз жарасқан

Біз, бақытты бүлдіршін.

Әрдайымда бәріңіз,

Сау-саламатта болыңыз!

Күтілетін нәтиже санау, логикалық есептер шығару, ұжымдық жұмысқа үйренуі, бір-біріне көмек беруі.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше