«Біздің ойыншықтарымыз». Ойыншықтардың айтысы
Абдрахманова Аманқыз Бабасқызы
Мектеп алды даярлық сыныбының мұғалімі
Боран Нысанбаев орта мектебі
Атырау қаласы, Бірлік елді мекені
Тіл дамыту сабағы
Тақырыбы:
«Біздің ойыншықтарымыз». Ойыншықтардың айтысы
Мақсаты:
- Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту, ойыншықтардың аттарын атай отырып, оларды сипаттап айтуға үйрету.
- Тіл ұстарту жаттығуларын дұрыс айта білуге дағдыландыру.
- Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Жаңа сөздер: жұмсақ, резина, компьютер.
Көрнекіліктер:Әр түрлі ойыншықтар, көліктің түрлері, резиналы ойыншықтар, жұмсақ ойыншықтар.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Ертеңгілік жүздесу.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күшіміз,
Жарқырайды даламыз!
Сәлематсыздар ма? Апайлар,
Сәлем, жарқын жүзді достарым!
Балалар дөңгелене отырады.
Мотивациялық қозғаушы кезең.
Тәрбиеші:
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі туралы кім маған айтып береді?
- Балалар күз туралы тақпақтар айтып және сұрақтарға жауап береді.
Ғажайып сәт
Әр-түрлі ойыншықтар орналасқан бұрыш, мерекелі безендірілген.
Балалар ойыншықтарды көріп таң қалады.
Ұйымдастыру, іздену кезеңі.
Тәрбиеші:
- Балалар мына әдемі ойыншықтарды қараңыздаршы!
Көңіл күйді көтеру.
Ойыншықтарды шашамыз, шашамызда жинаймыз.
Бөлмемізді өрнектеп, мерекеге біз дайын.
Барлық балалар ойыншықтарды аралап, көріп шығады. Қолдарына алған ойыншығына байланысты тақпақтарын айтады.
- Балалардың біреуі өзінің сүйікті ойыншығын сипаттап айтады, бірі ойыншықтар туралы өлеңдерін оқыды.
Мирас:
Үлкен болдым десем де, Үлкенмін ғой, міне, мен.
Ешкім маған сенбейді. Ойыншықтарды жинаймын.
«Жалғыз жүрме көшеде, Машинаға мінер ем,
Кішкентайсың сен» – дейді. Кабинасына сыймаймын.
Батырхан:
Бар ғой менің краным, Неменені көтерем?
Кранымды бұраймын. Көтеремін тауықты,
Ілгегіне іліп ап, Көтеремін балықты.
Жүк көтеріп тұрамын. Мен көтере алмакған,
Терезені көтерем, Бір-ақ ойыншық қалыпты.
Керегені көтерем. Краныма тек қана
Үй тұрғызып болған соң, Ілінбеген доп қана.
Тәрбиеші:
- Балалар «Ойыншықтар» деген сөзге сөйлем құрастырыңдар
Балалар құрастырған сөйлемін айтады.
Тәрбиеші:Ал, енді ойыншықтар сөзіне дыбыстық талдау жасаймыз.
Дыбыстық талдау жасалады балалармен бірлесіп.
«Ойыншықтар айтысы»әңгімесін балалар сахналап көрсетеді.
Әмина – қуыршақ.
Айдар – қоян.
Ұлмекен – көгершін.
Жансая – кішкентай қыз.
Ойын:«Ақ қоян»
Ойыннан соң сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекеті балалардың алған білімдері пысықталады.
Ән: «Ойыншықтар»
Қорытындылау.
Балаарды сабаққа жақсы ұйымшылдықпен қатысып, өздеріне берілген тапсырмаларды орындағандықтары туралы айтып пысықтау.
