Мағжанның бар өмірі- поэзиясында.
Ақтөбе қаласы №46 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Абдешева Жұлдыз Есенгелдіқызы
Сабақтыңтақырыбы: Мағжанның бар өмірі- поэзиясында.
Сабақтыңмақсаты:1.М.Жұмабаевтыңшығармашылығыжайлыалғантеориялықбілімдеріноқушыесіндеқайтажаңғыртып, тереңдететүсу, өлеңдерінің көркемдік ерекшелігін таныту.
2.Ақын өлеңдері жайлы алған білімдерін әр түрлі тапсырмалар арқылы жүйелеу, балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру,шығармашылық қабілетін жетілдіру.
3.М. Жұмабаев секілді өз тілін, елін, жерін сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:дамыта оқыту, жарыс сабақ
Сабақтың әдісі:ой қозғау, мәнерлеп оқу, жаңа технология элементтері арқылы түрлендіріп өткізу.
Сабақтың көрнекілігі: М. Жұмабаев жайлы журнал,интерактивті тақта,слайд.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды түгелдеу. Топқа бөлініп отырады.
ІІ Балалар, біз өткен сабақта Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен өлеңдерін оқып таныстық. Бәріміз тақтаға назар аударайық. Ой қозғау.
Мағжан қандай ақын?
Мағжан – ұлы ақын
Мағжан – лирик, сыршыл ақын
Мағжан – эпик ақын
Осы тақырыптар аясында өз ойымызды ортаға салсақ.
1) Неліктен Мағжан өмірін оның поэзиясымен тоғыстырамыз?
1 – оқушы: Мағжанның барлық өмірі – поэзиясында . Ақын ел ішіндегі әлеуметтік, қоғамдық өмірге белсене араласады. Соларға ақындықүн қосып, өз өлеңдері мен мақалаларын баспасөз беттерінде жиі жариялап отырады. Бірнеше өлең жинақтары жарық көреді. Мысалы, «Шолпан» атты тұңғыш өлеңдер жинағы Мағжан өлеңдері негізінен халқының, ел – жұртының тағдырына бағышталған. Ақынның еліне, халқына, бүкіл түркі нәсілдес, қандас халықтарға деген сүйіспеншілігі, оның жырларынан анық көрінеді.
2) Неге Мағжанды ұлы ақын дейміз?
2 – оқушы: Мағжан – ұлы ақын. Қазақтың кемеңгер жазушысы М.Әуезов: «Абайдан кейін Мағжанды сүйемін…Мағжан культурасы зор ақын…Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілігіне қарағанда бұл бар заманның шегінен асқандай … бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі» деп, оның ақындығын да, әдебиет тарихындағы орнын да дөп басып айтқан.
3) Мағжанныңлирик, сыршыл ақын аталу себебі неде?
3 – оқушы: Мағжан – лирик, сыршыл ақын. Оның поэзия – қомақты жағы – лирикалары. Олар романтикалық асқақ сезіммен өрілген. Жай тербетеді, адамды нәзік, сұлу сезімдерге бөлейді. Ақын лирикасының тақырыптары сан алуан: туған жер, атамекен, халық тағдыры, адамгершілік, шынайы махаббат.
Дұрыс ,ал сен айтағой
Мағжан – сыршыл ақын. Мағжансөзіндейтілгежұмсақ, жүреккежылытиетін, үлбірегеннәзікәуезқазақтыңбұрынғыақындарындаболғанемес. Олжүректіңқобызыншертеді, не жазса да, сырлы, көркем, сәндіжазады.
4 – оқушы: Мағжан – эпикақын. Оныңқаламынан «Батыр Баян», «Қорқыт», «Жүсіпхан» сияқты поэмалар туған. «Батыр Баян» поэмасында өзінің халқына,Алашына деген перзенттік жүрегінің ыстық сезімін өлең өрнегіне шынайылықпен түсірген. Ақылгөй, далагөйақынбабаларымыз бен атышулы батырларымызды жыр арқауына енгізіп, асқан ілтипатпен бейнеленген.
Мұғалім:
Өте жақсы.Енді М.Жұмабаевтың бізге оқуға берілген өлеңдерін үйден оқып, талдапкелген шығармыз. Сендерді 3топқа бөлдім.1-топ ақынның «Қысқы жолда» өлеңімен жұмыс жасайды, 2- топ «Сағындым» өлеңімен, 3-топ «Балалық шақ» өлеңімен жұмыс жасайды.
1- тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқу, ұнаған шумақты жаттау.
2-тапсырма. Сатылай кешенді талдау жасау.
(Авторы, тақырыбы, жанр түрі, идеясы)слайдтан көрсетіліп тұрады.
Авторы:Мағжан Жұмабаев.
1)1893 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы, Сасықкөл жағасында туған. 1938 жылы наурызайындажазалау құрбаны болды.
2)Кеменгер, ұлт ақыны, шебер аудармашы, қоғам қайраткері.
Тақырып: «Қысқы жолда»қысқы табиғат,аяз бен ызғарлыжел тұрмыспен байланысты суреттеледі.
Жанр түрі: Поэзия.
Идеясы: Өлең арқылы бүкіл адамзатты, қоршаған ортаның қадірінбіліп, табиғат кереметін көріп сүюге, табиғатымыздың болашағын ойлауға, туған жерімізді қадірлеуге тәрбиелеу.
3топ та өз жұмыстарын осылай дәптерге орындап, ауызша қорғайды, дұрыс жауапқа жетонберіліп отырады.
3-тапсырма.Өлеңді құрылысына талдау.Тақтаға 3топтан 3 оқушы шығып жазбаша жауап береді.
(шумақ, тармақ, бунақ, буын саны, ұйқас) слайдтан көрсету.
мысалы:
Шумақ: 4 шумақты өлең
Тармақ: 4 тармақты
Бунақ: 2-бунақ.
Буын саны: 7
Ұйқас: а а б б- егіз ұйқас
4-тапсырма. 1-топқа сұрақ
Кейіптеу дегеніміз не? Өлеңнен кейіптеу, теңеу сөздерді тап.
2-топқа сұрақ. Ақын нені, кімді сағынды?
Ақынның қайтпас қайсар мінезі қай шумақта байқалады?
3-топқа сұрақ. Білімді адам бойында қандай қасиеттер ұялайды?
Қорыту. Мағжан ақынның өлеңдері ұнады ма?
Қандай әсер алдың?
Бағалау.
Үйге тапсырма: Мағжан ағаға хат жазу.
Ақтөбе қаласы №46 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Абдешева Жұлдыз Есенгелдіқызы
Сабақ тақырыбы: «Бір атаның балалары»
Сабақ мақсаты: 1.Білімділік. Берілген шығарманы оқыту арқылы шығарманың мазмұнын ашуға, шығарма құрылысын талдап, жоспар құра білуге үйрету
2. Дамытушылық. Шығарманы оқыта отырып оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, өз бетімен жұмыс жасау арқылы көркем ойлауын дамыту
3.Тәрбиелілік. Берілген шығарма бойынша достық қарым-қатынасты қалыптастыру ,өзге ұлт өкілдеріне бауырмашылдықпен қарауға баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игерту
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап әдісі, әңгімелесу әдісі, СТО стратегиялары .
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта , «1941-1945 жылдар» тарихи буклет.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (1-2 мин)
Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру, сынып тазалығын қадағалау, оқушы назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (7-10 мин) «Шыңырау» повесі (Ә.Кекілбаев)
-Жалпы мазұнды меңгеру білімдерін зерттеу сұрақтары.(Жуан-жіңішке сұрақтар стратегиясы)
-Сабақты құдық қазу кәсібі туралы жеке ізденістерін тыңдау арқылы қорыту.
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту «Бір атаның балалары»
1.қызығушылығын ояту. Бауырмалдық өзге ұлттармен арадағы жақсы қарым-қатынас, қонақжайлылық қасиеттерін айта отырып, оқушылардың назарын бүгінгі сабақтың тақырыбына бағыттаймын
2. жаңа тақырыпты түсіндіру. Мәтінді болжау стратегиясының негізінде баяндай отырып, түсіндіру.Шығармада болған ірі оқиғаларға тоқтала отырып, жоспар құру .
Шығарма жоспары:
1.Өзге елге келген жат балалар
2.Ахметтің Зигфридті таңдауы
3.Зекен Ахметұлы Бегімбетов
4.Зекен бойындағы жақсы қасиеттері
5.Дәуренбектің қисынсыз әрекеті немесе себепсіз қамшы жеген Зекен
6. Ахмет пен Дәуренбек арасындағы кикілжің
7.Зекен үшін ауылдан көшкен Ахмет шал
3. Шығармадағы түсініксіз сөщдердің мағынасын ашу
Зәузатынан-баласынан деген мағына
Сұлбасы-бейнесі
Раса-нәсіл
Логобрейка-егін шабатын техника
Детдом-жетім балаларды тәрбиелейтін үй
ІУ.Сабақты бекіту (оқулықпен жұмыс)
1.Ахмет шалдың Зигфридті неге таңдағанын сипаттау
2.Зекен Ахметұлы Бегімбетовтің қазақ арасына сіңісуін сипаттау
3.Ахмет шалдың баланы жақын тартып өз баласындай көруі
4. Қолғабыс болған Зекеннің Дәуренбектен таяқ жеуін сипаттау
5.Зигфрид үшін ауылдағы көшкен Ахметтің әрекетін сипаттау
У.қорытындылау
1. Ахметтің не үшін Зигфридті таңдағанын сұрау
2.Оқушыларға достық туралы ұлттар арасындағы достық туралы айтып түсіндіру
УІ. Үй тапсырмасы
1.Шығарманы жоспар бойынша мазмұндау
2.Өзге елді жатсынбай қазақ тілінде сөйлеп, Ахметтің бауыр еті баласы болған Зигфридтің өнегелі қасиеті
3.Ұлты неміс болса да күнәсіз Зигфридтің қазақы болмысы
УІІ. Оқушыларды бағалау
Сабаққа белсенділік танытқан оқушыларды бағалайм
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ
Ақтөбе қаласы №46 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Абдешева Жұлдыз Есенгелдіқызы
Ыбырай Алтынсариннің прогрессивті педагогикалық идеялары ХІХ ғасырдың екінші жартысында демократиялық орыстың қоғамдық ой-пікірлерінің ықпалымен қалыптасты. Ыбырай өз замандас отандастарының ағартушылық ой-пікірлерін қуаттап, қазақ жерінде оқу-білімнің шамшырағын жақты, педагогтік-демократиялық көзқарастың негізін салды.
Қазақ халқының мәдениеті мен ағарту тарихынан көрнекті орын алатын қайраткер, халқымыздың мақтанышы, демократ-ағартушы тұңғыш педагог, ақын- жазушы Ыбырай Алтынсарин (1841-01889)-орыс-қазақ оқу-ағарту саласының негізін салушылардың бірі.
Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық идеяларының қалыптасуына орыстың ұлы педагогы К.Д. Ушинскийдің алдыңғы қатарлы идеялары үлкен рөл атқарылғанын ескерте кету керек.
Ы.Алтынсарин мектепті қазақтарға білім берудің шешуші құралы деп есептеді, сол арқылы қазақ халқының қоғамдық өміріне әсер етуді, қоғамдық прогреске бағыттауды көздейді. “Осы жылы январьдың 8 күні менің күткен ісім орынына келіп, мектеп ашылды, оған 14 қазақ баласы кірді, бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға, қойға шапқан қасқырдай, өте қызу кірістім. Бұл балалар да менің айызымды қандырып, не бары үш айдың ішінде оқи білетін және орысша, татарша жаза білетін болды…”,-деп қуана жазды ұлы ағартушы.
Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының өзіне тән ұлттық-тәрбие үрдістерін ағарту ісімен ұштастыра отырып, бүгінгі педагогика саласындағы бірнеше бағыттардың негізін салды. Халықтың ұлттық тәлім-тәрбиесі негізінде ол Қазақстандағы ұлттық мектептердегі оқыту ісінің әдістемесінің іргетасын қалады. Ол Қазавқстандағы мектептердегі оқыту, білім беру ісін бір жүйеге келтіруді талап етіп, соны белгілі жолға қойды. Оның жаңашыл әдістерінің бірі – оқытудағы оқу үрдісін ана тіліне негіздей отырып, орыс тілін меңгеру болса, оқу үрдісіндегі жаңашыл идеясының бірі – оқулықтар мен оқу құралдарын орыс графикасына сүйене отырып, жаңа алфавит негізінде жасау болды. Ыбырайдың бұл ісі–ағарту саласындағы ұлттық тәлім-тәрбие мен білім мазмұнын сақтай отырып, күнделікті оқыту ісіне енгізу еді. Ал бүгінгі таңда Ы.Алтынсариннің бұл еңбегін мектеп тарихындағы білім беру ісіндегі бет ашары, ағарту саласына жаңаша сипат берген игілікті жұмыстарының төл оқу құралдарын дайындаудағы теориялық ізденістерінің бастамасы деуге болады.
Ыбырайдың оқу-ағарту ісіндегі тағы бір жаңалығы қазақ жастарына кәсіби мамандық беру мәселесін қолға алуы болды.Ол Торғайда, Қарабұтақта қолөнер училищесін, Қостанайда ауылшаруашылығы училищесін ашып, қазақ жастарына қажетті мамандар даярлау ісіне зер салды.
Ыбырай Алтынсариннің ұсынысымен және Орынбор оқу округінің белгілі қайраткері В.В.Катаринскийдің қолдауымен қолөнер мектебі 1883 жылы Торғауда ашылды. Бұл мектеп Орскіде де ашылды.
Қазақ жастарын орыс мәдениеті мен біліміне тартуда Ы. Алтынсаринның басшылығымен қазақ қыздары үшін ашылған пансионаты қыздар училищілерінің маңызы зор еді. Қазақ қыздарына тұңғыш білім беру ісіне жол ашқан да Ы.Алтынсарин болды. Ол Ырғызда қазақ қыздарына арнап интернаты бар мектеп аштырды. Мұнда негізгі оқу пәндері-тігіншілік өнері болды, онымен бірге қазақ қыздары орыс тілін (жазу,оқу) және арифметиканы оқыды. Ыбырай Алтынсаринің педагогикалық жүйесінің жетістігі барлық типті мектептердегі қазақша-орысша оқытудың сабақтастығы еді.
Ы.Алтынсарин мектептерінің оқу жоспарлары мен бағдарламаларының құрылымы, оқулықтары мен оның мазмұны ұлттық білім беру талабына сай құрылды.Ұлттық мектептің өсіп-өркендеуіне, ұлттық білім базасын қалыптастыруда ұлттық өз ана тіліне жазылған оқулықтар қажеттілігіне ол ерекше көңіл бөлді. Оның 1879 жазылған “Қазақ Хрестоматиясы” оқулығын жазды. Оқулықтың құрылымдық мазмұны оның өз шығармаларынан, қазақ халқының ауыз әдебиетінің үлгілі шығармалары мен әлемдік әдебиеттің ең таңдаулы үлгілерінен тұрды.
Ы.Алтынсарин өзінің “Қазақ хрестоматиясы” арқылы қазақ халқының арасына алдыңғы қатарлы орыс жазушыларының, ағартушыларының және педагогтардың өзық шығармалары мен идеяларының кеңінен таралуына негіз қалады, Қазақстанға орыс мәденетінің таралуына баға жетпес үлес қосты.
Ол К.Д.Ушинскийдің “Балалар әлемі”, Л.Н.Толстойдың “Әліппе және оқу кітабын”, Б.Ф. Бунаковтың “Әліппе мен оқу құралын”, Тихомировтың “Грамматиканың элементарлық курсын” оқу құралы ретінде ұсына отырып, кейін солардың үлгісімен өзі де “Қазақ хрестоматиясы”, “Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы “ атты екі оқу құралын бастырып шығарды.
Хрестоматияға Ыбырай Алтынсарин біріншіден, қазақ халқының батырлары, шешен-билерін, ертегілерді, аңыз-әңгімелерді енгізсе, екінші бөлімінде, дидактикалық әңгімелерді, үшіншіден, орыс, батыс классиктерінің тәлімдік-тәрбиелік мәні бар әңгімелерін енгізді.
Ол өзінің хрестоматияға енгізген әдеби шығармаларының бәрін негізгі педагогтық ісімен тығыз байланыстыра білді. Ол хрестоматияға енгізген шығармаларды іріктеуде, біріншіден, әр халықтың тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрлерінен хабардар ету көзделсе, екіншіден, оқушыларды адалдыққа, қайырымдылыққа, еңбекке, тапқырлыққа, ұқыптылыққа, адамгершілік қаситеттерді бойына сіңіру көзделеді. Үшіншіден, бастауыш сынып оқушыларының оқып үйренуіне жеңіл, жатық әңгімелерді беруге тырысты.
Ы.Алтынсарин өзінің барлық оқулықтарында, әдістемелік еңбектерінде жас ұрпақты тәрбиелеудегі оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін көтеріп, өзектілігін шешуге ұмтылады және қазақ халқына білім берудің рөлін және оның маңызын, оның әлеуметтік ортаны қайта жаңғыртудағы рөлін көрсетеді.
Сонымен, Ы.Алтынсарин ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуына үлкен үлесін қосқан. Жаңаша мектептер ашып, жаңаша білім беру жүйесін құруға еңбек сіңірген ұстаз. Қазақтың оқу-ағарту саласының апостолы Ы.Алтынсарин мұраларын жеткізе зерттеп, оны ұстаздардың ұстазы деп қастерлеу, қадір тұту біздің міндетіміз.
